О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
химия рус (1)

 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Қандай жүйелерді көбіктер деп атайды? Олар қалай белгіленеді? 
2. Көбіктердің жіктелуі. 
3. Көбіктердің дисперстілігін қандай өлшемдер анықтайды? 
4. Көбіктер термодинамикалық тұрақты жүйелерге жата ма? 
5. Көбіктің седиментациялық тұрақтылығы неде? 
6. Көбіктің агрегаттық тұрақтылығы дегеніміз не? 
7. Көбіктүзгіш ретінде қандай заттар қолданылады? 
8. Көбіктердің алу жолдары. 


70 
IV тарау 
 
АЭРОЗОЛЬДЕР 
Аэрозольдер деп дисперстiк фазасы сұйықтық немесе қатты 
дене болатын, ал дисперсиялық ортасы газ, əдетте ауа болып келе-
тін дисперстік жүйелерді айтады. Дисперстік фазасы сұйықтық 
болатындарға тұмандар, ал дисперстік фазасы қатты дене болып 
келетін аэрозольдерге түтіндер, шаң-тозаңдар жатады. Аэрозоль-
дердің дисперстілігі коллоидтық жүйелердің дисперстілігінен 
төмен болады. Алайда аэрозольдерде шамалары бірнеше мм бола-
тын бөлшектермен қатар шамалары өте кішкентай болатын да 
бөлшектерінің шамалары 0,1-1 мкм, отын түтіндерінің бөлшек-
терінде 0,1-100,0 мкм, ал тұмандарда (Н
2
О) – 0,5 мкм болады. 
Аэрозольдердің кинетикалық тұрақтылығы гипсометрлік заң-
мен анықталады. Седиментациялық формуламен анықталатын 
аэрозольдердің бөлшектерінің шөгу жылдамдығы өте жоғары, 
өйткені дисперсиялық ортаның тұтқырлығы өте аз. Мысалы, суда 
шөккенде 1 см-ді 10 минутта жүретін бөлшек, осы жолда ауада
1 секундта жүріп өтеді. 
Аэрозольдер – əдетте агрегаттық тұрақсыз жүйелер. Өйткені 
қатты немесе сұйық бөлшектердің беттерімен ауаның (газ фазасы-
ның) əрекеттесуі іс жүзінде болмайды. Аэрозольдердің бөлшектері 
радиацияның (ғарыш сəулелері, α-сəулелер, ультракүлгін сəуле-
лері) əсерінен пайда болатын газ фазасының иондарын адсорб-
циялаудың нəтижесінде зарядталуы мүмкін. Алайда ол заряд бөл-
шектердің агрегациялануы (бірігуі) үшін аздау болады. Сол себепті 
оларды тұрақтандыру үшін жасанды түрде олардың зарядтарын 
көбейтеді. Аэрозольдердің лиозольдерден айырмашылығы бірінші-
сінде диффузиялық қабат болмайды. 
Тұмандардағы сұйық бөлшектер пішіні шар тəрізді болады, ал 
түтіндер мен шаң-тозаңдардың қатты бөлшектері кристалдар не-
месе олардың сынықтары жəне аморфты түрдегі əртүрлі пішінде 
болады. 
Аэрозольдерді конденсациялық əдістермен де, дисперсиялық 
əдістермен де алуға болады. Конденсациялық əдіс жоғары дис-
персті жəне салыстырмалы түрде дисперстілігі біртекті аэрозоль-


71 
дер түзеді. Мысалы, газ тəрізді аммиак пен хлорлы сутекті аралас-
тырғанда қатты аэрозольдер түзіледі: 
НСl
(газ)
– NH
3(газ)
= NH
4
Cl
(қатты газ) 
Сұйық, аэрозольдерді алуға мысал ретінде, күкірт (N) оксиді 
мен су буының араласып əрекеттесуін көрсетуге болады. 
SO
3(қатты дис. фаза)
+ H
2
SO
4(сұйық фаза) 
Аэрозольдердің түзілуі беттік энергияның өзеруімен байла-
нысты болады, ендеше біршама энергетикалық тосқауылды жеңу 
керек. Сондықтан конденсациялық əдіспен оларды алғанда көбірек 
қанықтыру (əртектілік) қажет. Мұндай жағдайда аэрозольдер 
бұлардың тікелей конденсациялауымен алынады. Дəл осылай 
табиғаттағы тұман түзіледі. Жүйеде конденсациялану ядросы 
туынтектер болса, аэрозольдердің түзілуі жеңіл жүреді. Ауадағы 
осындай туынтектер натрий хлоридінің кристалдары, ультрами-
кроскопиялық шаң-тозаңдар болуы мүмкін. Аэрозольдерді қатты 
заттарды ұсақтап (майдалап) немесе сұйықтықтарды тозаңдатып 
алуға да болады, олар қопарылыстың нəтижесінде де түзіледі. 
Аэрозольдер жарықты шашыратады, жуықтап алғанда, Рэлей 
теңдеуіне бағынады деуге болады. 
Аэрозольдер – олар микрогетерогенді жүйе, қатты заттардың 
кішкене мөлшері немесе сұйықтық тамшысы, газ ортасында 
болады. Қ/г жəне С/г болып белгіленеді. Бұл дисперсті жүйенің, 
яғни аэрозольдің қаншама маңызды екенін мысал арқылы көрейік: 
жер атмосферасы, космостық кеңістік, біз жұтатын ауа, осының 
барлығы – аэрозоль. Аэрозоль табиғи жолмен пайда болады, 
жасанды жолмен де алынады өнеркəсіптерде пайда болады. 
Жел тұрып шаңды аспанға көтереді де, шаң боранын 
туғызады. Шаң 5-6 км биіктікте көтеріліп жəне арақашықтығы 
ауысады, 1000 км өлшенеді. Мысалы, Норвегияда Сахара шөлінің 
шаңын тапқан. Жердің сулы бетінде су буланып аэрозоль түзіледі. 
Оның бұзылуы жаңбыр, қар, бұршаққа айналады: 
1) табиғи аэрозольдердің 30%-ы космостық шаң тудырады. 
Бұл аэрозольдердің барлығы табиғи жолмен пайда болады. 
2) 10%-ға дейін жасанды түрде алынады:ол тыңайтқыш жəне 
тағы басқа. 


72 
3) өнеркəсіп аэрозолі (шахтада, пайдалы қазбаларда, химияда, 
металлургия комбинаттары) əртүрлі агрегаттармен жұмыс іс-
тегенде аэрозольдер түзіледі, ауаны кір қылатын аэрозольдер. 
Бүкіл ауадағы, жердегі, судағы транспорттардың барлығы отын-
ның жануына байланысты аэрозоль көзі болады. Отын жанған 
кезде жылына 100 тонна қатты жəне 1 млн тонна газ құрамды 
заттарды атмосфераға бөледі. Электростанция, ядро қаруын 
сынауда жасауды радиоактивті аэрозоль пайда болуына əкеп 
соғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет