7.1. Май тəрізді заттар
Минералды майлар. Вазелин жəне парафин. Жер қойнауынан
алынған тазаланбаған мұнайдан айдап айыру əдісі арқылы түрлі
мұнай өнімдері мен балауыз тəрізді өнімдер алынады. Косметикада
91
сұйық парафин (немесе ақ) май, тұтқыр, тығыз вазелин, қатты,
балауыз тəрізді тау балауызы (немесе озокерит) жəне басқасынан
қарағанда таза парафин жиі қолданылады.
Парафин майы
– тығыздығы əртүрлі болып келетін, иіссіз,
дəмсіз мөлдір май тəрізді зат.
Вазелин
– иіссіз, ақ, тұтқыр, жабысқақ май тəрізді зат. Оны осы
түрінде массажға арналған жақпамай (мазь) ретінде, сондай-ақ түр-
лі дəрілік жақпамайлар (мазьдар) жасауда негіз ретінде қолданады.
Озокерит жəне парафин
– тығыздығы ауытқымалы қатты ақ
заттар.
Мұнайдан алынатын осы шикізаттардың барлығы олардың
бағасының арзандығы мен сақтауға қолайлығының арқасында
косметика өнеркəсібінде кеңінен қолданылады. Олар оңайлықпен
теріге сіңбейді, дегенмен тазалағыш кремдер, косметикалық сүт
жəне түрлі бояғыш (əрлендіргіш) косметикасын əзірлеуде таптыр-
майтын тамаша негіз бола алады.
Өсімдік жəне жануар тоң майы жəне майлары.
Табиғи май-
лар құрамындағы қанықпаған байланыстардың көптігіне байла-
нысты азырақ тұтқырлығы жəне аққыштығы майларға қарағанда
(тоң май) жақсы болып келеді. Тоң май жəне май – глицерин мен
май қышқылдарының күрделі эфирі. Табиғатта олар түрлі қоспа
ретінде кездеседі. Табиғи майлар өзінің химиялық жетімсіздігінің
салдарынан тез бұзылғыш болып келеді. Сол себепті оларға жет-
пей тұрған байланысқа сутек атомын қосады. Осы түрде май
қатайып, жақсы сақталғанымен, косметикаға көп пайдаланылмай-
тын болады.
Өсімдіктер мен жануардан алынатын майлар əлі күнге дейін
косметика жасауда қолданылып келе жатқанымен, жоғарыда атал-
ған себептер бойынша май қышқылдары, майлы спирттер сияқты
синтетикалық заттардан қарағанда қолайсыз. Маңызды өсімдік
жəне жануар майларына мыналар жатады:
Майлар: кокос майы, какао майы, зəйтүн майы, арахис майы,
жаңғақ майы, миндаль майы, соя майы, касто майы, кунжут майы.
Құрамында қосымша пайдалы заттар болғандықтан аталған
майлардан басқа да табиғи майлар қолданылады. Мысал ретінде
төмендегі мəселені айтуға болады:
Тасбақа майы таза күйінде сары түсті жəне иісі өте жағымсыз
болып келеді (тасбақаның жыныс мүшесі мен бұлшықетінен сы-
92
ғып шығару арқылы алады. Оның құрамында А, Д, К жəне Н дəру-
мендері жəне линольді қышқылдар бар. Тазалағаннан кейін ол кос-
метикалық шикізат ретінде пайдалануға жарамды болып табы-
лады.
Құндыз майы – тасбақа майы сияқты дəрумендерге бай жануар
майы (оны құндыздың бұлшықетінен алады). Ал тары дəндерінен
алынатын майда майдан басқа 2-12%-дық май қышқылдары бола-
ды. Ол жақсы сақталады жəне де Е дəруменіне (α– жəне β–токо-
ферол), керотинге, линоль жəне линоль қышқылдарына, эргос-
теринге өте бай. Жəне де аз мөлшерде К дəрумені кездеседі.
Табиғи балауыздар . Косметикада пайдаланылатын табиғи ба-
лауыздардың ең маңыздысы бал арасының балауызы болып табы-
лады. Ол – қатты сары түсті немесе (ағартылғаннан кейін) ақ
тұтқыр зат. Ол ерінге жағатын жалапқа беріктік пен икемділік қа-
сиетін береді. Кремдерде ара балауызы эмульсиялардың түзілуіне
жол бермей, оны тұрақтылығын арттырады.
Бал ара балауызының құрамында 72% түрлі табиғи балауыз-
дар (балауызды эфирлер), 14% бос жоғары молекулалы май
қышқылдары, бос спирт майлары жəне т.б. болады.
Карнауб балауызы карнауб пальмасының жапырағынан алы-
нады. Табиғи балауыздар ішінде ең қатты балауыз болып табылады.
Температураны жоғарылатып жəне композицияны қатайта отырып,
ол көптеген майлармен, балауыздармен, т.с.с. жақсы араласады.
Ланолиндер. Жүн майы – қойдың жүнін жуған кезде алынатын
май тəріздес зат. Жүн майына 25% су қосқанда ланолин алынады.
Шикі ланолиннің түсі сары-қоңыр, ал түрде ақ болады. Оның құра-
мында көп мөлшерде холестерин, əртүрлі балауыздар, сонымен
қатар бос жоғары молекулярлы майлы қышқылдар жəне майлы
спирттер бар. Тазартылған ланолинді бастапқы зат ретінде қолда-
нады. Сонымен қатар одан ланолин майы, əртүрлі ланолин фрак-
цияларын дайындайды.
Тоң майлы қышқылдар жəне тоң майлы спирттер. Табиғаттағы
барлық тоң майлар жəне майлар үшглицеридтер болып табылады,
яғни глицериннің үш негізді спиртінің эфирлері. Табиғатта, құра-
мындағы глицерин бір ғана тоң майлы қышқылдармен этерифи-
цирленген, тоң майлар, майлар болмайды; табиғи тоң майлар əрқа-
шан да екі немесе одан да көп тоң майлы қышқылдардың эфирлері
болып келеді.
93
Жануар тоң майын (шошқа майы секілді) жəне өсімдік тоң
майын, жоғары температурада жəне қысымда, судың көмегімен
тоң майлы қышқылдарға жəне глицеринге гидролиздеуге болады.
Нəтижесінде стеарин қышқылын C
17
H
35
COOH, пальмитин қыш-
қылын C
15
H
31
COOH жəне миристин қышқылын C
13
H
27
COOH ала-
ды. Барлық үш қышқыл – түсі, иісі жоқ, қатты балауыз тəрізді зат-
тар. Осындай күйде кремдер жəне əртүрлі эмульсиялар алу үшін
шикізат ретінде қолданылады.
Табиғи майлардың құрамында жоғары аталған қышқылдардан
басқа, сонымен қатар қанықпаған тоң майлы қышқылдар бар,
мысалы, бір қос байланысы бар олеин қышқылы С
17
Н
33
СООН, екі
қос байланысы бар линол қышқылы С
17
Н
31
СООН жəне үш қос
байланысы бар линолен қышқылы С
17
Н
29
СООН бар. Қанықпаған
тоң майлы қышқылдар жəне олардың эфирлері бөлме температура-
сында сұйық болады. Құрылысында қос байланыстың болуына
байланысты олар ыдырау
реакциясына сезімтал болады, мысалы,
микробтар əсеріне жəне жағымсыз иісі бар өте ұсақ молекулаларға
өте оңай ыдырайды.
Осылай олар тез бұзылады. Сондықтан көбінесе қос байланыс
арқылы гидрлейді жəне барлық жоғары аталған үш қанықпаған тоң
майлы қышқылдардан стеарин қышқылы түзіледі, бір уақытта
олардың барлығы қатты болады, сондықтан бұл əдіс тоң майлар-
дың қатаюы деп аталады.
Төменгі молекулярлы карбон қышқылдарының эфирлерінен,
мысалы, сірке қышқылы жəне макромолекулярлы тоң майлы
спирттен балауыз түзіледі; тоң майлы спирттер табиғи восктардың
ыдырауы нəтижесінде түзіледі.
Косметика үшін маңызды шикізат – стеарил спирті
С
17
Н
35
СН
2
ОН жəне цетил спирті С
15
Н
31
СН
2
ОН болып табылады.
Табиғи тоң майлар жəне талшықтарды қайта өңдеу нəтиже-
сінде алынатын салыстырмалы жоғары молекулярлы қосылыстар
косметикада кең қолданылады. Олар талшықтар тəрізді немесе тоң
май тəріздес, теріге жақсы жататын зат болып келеді. Оларт тері
салосымен оңай араласады жəне кремдер, помада басқа да
заттардың құрамына жақсы қосымша зат болып келеді, олардың
қасиеттерін жақсартады.
Синтетикалық тоң майлар, майлар жəне балауыздар . Жоғары-
да айтылып кеткендей, табиғи тоң майлар, майлар жəне балауыз-
94
дар əрқашан да құрамында көп мөлшерде əртүрлі органикалық
қосылыстар бар қоспа болып табылады. Сондықтан пайда болған
жеріне жəне ортаның басқа факторларына байланысты олардың
бір-бірінен құрамы жəне қасиетттері бойынша айырмашылықтары
бар.
Табиғи тоң майлар жəне балауыздарды қайта өңдеу жолымен
өнеркəсіп
өндірісіне керекті тоң майлы қышқылдар жəне глицерин
алады. Олардан қайтадан синтетикалық тəсілмен қосу арқылы таза,
тұрақты сипаттамасымен тоң майлар жəне балауыздар алады.
Пайда болуына жəне дайындау тəсіліне сəйкес оларды «жартылай
синтетикалық өнімдер» деп атайды.
Табиғи заттардан көп мөлшерде алынатын синтетикалық
балауыздардың ішінен стеарин, пальмитин жəне мистирин қыш-
қылдарының эфирлерін атауға болады. Олардағы екінші компо-
нент көбінесе изопропил спирті болып табылады.
Коллоидтар. Бұл топқа сумен əрекеттескенде полисахарид
сияқты коллоидты ерітінділер түзетін өсімдік жəне жануар тектес
əртүрлі заттарды жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |