102
VIII тарау
КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕР
8.1. Еріткіштер
Су косметикада кеңінен қолданылатын сөзсіз күшті
еріткіш
болып саналады. Ол тұздарды,
қышқылдар мен сілтілерді, соны-
мен қатар көп көлемдегі органикалық заттарды еріте алады. Ол –
бетке арналған лосьондардың, косметикалық сүттің жəне көптеген
сусабындардың негізгі құрамдас бөлігі. Бұл косметикалық заттар-
дың барлығында да қажетті заттар суда ерітілген. Егер белгілі бір
зат суда қажет мөлшерде ерімесе,
еріткіш ретінде қарапайым
спиртті немесе глицерин қосып судың қасиетін жақсартуға болады.
Спирттер де күшті еріткіштер қатарына жатады. Күнделікті
пайдаланатын этил спирті (этанол) басқаларына қарағанда кеңінен
таралған. Бетке арналған лосьондарда су мен спирттің 15-25 %
қоспасын жиі пайдаланады. Таза сумен салыстырғанда бұл қоспа-
ның еріткіштік қасиеті жоғары, ал беттік керілу қасиеті төмен.
Сондықтан да ол бет терісін жақсы тазалайды.
Сонымен қатар
əлсіз май еріткіш қасиетке ие. Құрамындағы спиртке байланысты
салқындатқыш əрі жеңілдік сезімін беретін əсері, бір мезгілде жұқ-
пасыздандырғыш (дезинфекциялағыш) қасиеті бар. Этанолдың
орнына аз мөлшердегі пропил немесе
изопропил спирттері жиі
қолданылады. Пропил спирті бұдан да жоғары молекулалы бутил
жəне амил спирттері сияқты тырнақ лактарын ерітетін сұйықтық-
тарда пайдаланылады.
Глицерин жəне гликоль
барлық үлесте (қатынаста)
сумен
араласа беретін жақсы еріткіштер.
Эфир
– күшті май еріткіш. Бірақ оның жану температурасы-
ның тым төмен (40°С) екендігін жəне отта аса қауіптілігін ескерген
жөн. Осыған байланысты қолданған кезде абай болу керек.
Ацетон
эфир
сияқты иісі ащы, майды тиімді еріте алатын
ұшқыш зат болып табылады. Осы қасиетіне байланысты ол соңғы
уақытта тырнаққа арналған жылтыратқышты еріткіш ретінде пай-
даланылмайтын болды.
Этилацетат, этилбутират, дибутилфталат жəне одан да жоғары
молекулалы бутилстеарат сияқты күрделі
эфирлер теріні аз
103
мөлшерде майсыздандыратындықтан, тырнақ лактарын кетіретін
сұйықтық құрамында қосылады. Сонымен қатар оларды тырнаққа
жағатын лактарды дайындағанда еріткіш
ретінде де қолдануға
болады.
Майлар
кейбір жағдайларда еріткіштер ретінде пайдаланы-
лады. Косметикалық заттарға майда
еритін заттарды қосқанда
(мысалы, лицетин мен холестерин) бұл заттар қоспа құрамындағы
майларда ериді.
Достарыңызбен бөлісу: