О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


 Косметикалық кремдер құрамында қолданылатын



Pdf көрінісі
бет47/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
химия рус (1)

9.3. Косметикалық кремдер құрамында қолданылатын 
биологиялық белсенді, əсер етуші жəне қосымша заттардың 
сипаттамасы мен тізімдемесі
Осындай тұрақсыз дисперстік жүйелер (эмульсиялар) негі-
зінде косметикалық кремдерді жасау белгілі бір уақыт шегінде 
физикалық, химиялық жəне микробиологиялық тұрақтылықты 
қамтамасыз ететін қосымша заттардың толық кешенін қосымша 
пайдалануды талап етеді. Бұл нысанқұрушы заттар, эмульгатор-
лар, консерванттар, антиоксиданттар жəне де косметикалық пре-
параттың тұтынушылық қасиеттерін жақсартатын заттар – 
бояғыштар, хошиістендіргіштер. 
Қосымша заттардың жекелеген топтары эмульсиялардың қа-
жетті физикалық химиялық қасиеттерін ғана қамтамасыз етпейді
белгілі бір биологиялық белсенділікке ие болуы мүмкін, бұл оларға 
əрекет етуші құрамдас заттардың косметикалық əсерін шамалай 
отырып, тері құрылымдарының биохимиялық процестері қатарына 
қосылуына мүмкіндік береді. Мысалы, жоғары белсенді нысан-
құраушы заттар – табиғи майлар терідегі алмасу процестерінің 
жүруіне себеп; Беттік-активті заттар биологиялық белсенді 
заттардың (ББЗ) сіңірілу процестерін бастайды жəне т.б. 
Нысанқұраушы қосымша заттар тобына жататын май фазасы-
ның құрамдас бөліктері əртүрлі химиялық құрылымға ие жəне əр 
түрлі химиялық топтарға жатады. Химиялық құрылысы бойынша 
майлар жəне май тəріздес заттар бірнеше негізгі сыныптарға 
бөлінеді: 
1) триглицеридтер (табиғи жəне синтетикалық); 
2) май қышқылдары; 
3) балауыздар (ұзақ тізбекті май қышқылдары мен спирттердің 
эфирлері) жəне балауыз тəріздес заттар; 
4) силикондар; 
5) көмірсутектік қосылыстар. 
Гидрофобтық нысанқұраушы заттардың табиғаты көбінесе 
косметикалық əсер ету деңгейін анықтайды. Құрамы жəне 


117 
физикалық-химиялық сипаттамалары бойынша тері майына жақын 
жəне оның функционалдық түрде алмастыра алатын жəне де тері-
нің нативтік липидтерін алып тастау деңгейін төмендете алатын 
табиғи майлар (триглицеридтер) ерекше мəнге ие. 
Нысанқұраушы заттар ретінде косметикалық кремдер рецеп-
тураларында өсімдік майлары (сүйек майлары деп аталады: зəйтүн, 
бадам, өрік, шабдалы майлары, олар 83%-ға дейін олеин қышқы-
лынан, 10%-ға дейін линолен қышқылынан тұрады), мақта, жүгері, 
майсана, кокос майы, какао, жожоба, авокадо, бидай тұқымдары-
ның майлары қолданылады. 
Өсімдік майларымен қатар косметикалық өнеркəсіпте жануар 
майлары да кең қолданылады – жоғары сіңу қабілетіне ие, теріні 
жақсы қоректендіретін жəне жұмсартатын құндыз майы, суыр 
майы, тауық майы, тасбақа майы. 
Адамның терілік майына құрамы бойынша жақын табиғи өнім 
бола отырып, өсімдік жəне жануар майлары тітіркендіргіш, улы, 
аллергиялық əсерге ие емес, адам ағзасының липидтік құрылым-
дарына жоғары ұқсастыққа ие жəне сəйкесінше жоғары сіңірушілік 
қабілетке ие. Бұл дəрумендер, фосфатидтер жəне т.б. сияқты био-
логиялық белсенді заттарды тасуды, липидтердің жетіспеушілігін 
толықтыруды, терінің су-майлы, липидтік алмасуын реттеуді қам-
тамасыз етеді. Алайда теріге майлар мен олардың туындыларының 
сіңуінің бір факторы болып майдың құрамдас бөліктерінің эмуль-
сиялық жағдайға өтуі болып табылады. 
Жоғары шекті май қышқылдарының, стеариндердің, дəрумен-
дердің, фосфатидтердің болуының арқасында бірқатар табиғи 
майлар косметикалық заттардың белсенді құрамдас бөлігі болып 
табылады. Биологиялық белсенді заттардың – авокадо, жожоба, 
тасбақа, бидай тұқымдарының ұрықтарының дəруменденген ке-
шендері ерекше биологиялық құндылыққа ие. 
Əртүрлі балқу температуралы жəне басқа да физикалық-хи-
миялық тұрақты шамалары бар май фракцияларының болуы еруші 
заттардың құрамы мен косметикалық заттардың консистенция-
сымен түрлендіруге мүмкіндік береді. Алайда көпшілік өсімдік 
жəне жануар табиғи майлары химиялық түрден тұрақты емес жəне 
оттегі, жарық, жоғары температура əсерінен түсін, дəмін жəне 
басқа да физикалық химиялық қасиеттерін өзгерте отырып, еркін 
май қышқылдарына дейін ыдырай алады. Табиғи майлардың 


118 
тұрақтандыруын анықтау үшін олардың гидрлейді жəне де жар-
тылай синтетикалық, синтетикалық өнімдерді пайдаланады. 
Гидрирленген (гидрогенделген) майлар қанықпаған май қыш-
қылдарының қос байланыстарына сутегінің қосылуы жолымен 
алынған қанықпаған қосылыстар болып табылады. Соңғылардың 
артықшылықтарына ие бола отырып, гидрирленген туындылар жо-
ғары тұрақтылықпен, жоғарырақ балқу температурасымен ерекше-
ленеді, ол эмульсиялық косметикалық заттардың термотұрақты-
лығының жоғарылауына септігін тигізеді. Өндірісте гидрирленген 
майсана, кокос, күнбағыс жəне т.б. майларды пайдаланады. 
Табиғи майлардың май қышқылдары бірқатар қосымша зат-
тарды (эмульгаторларды) алу үшін əртүрлі қасиеттері бар бастапқы 
шикізат ретінде қызмет етеді: стеарин май қышқылдарының 
қоспасы болып табылады (стреатиндік (40-45 %), пальмитиндік 
(55-60 %), арасында миристиндік, лауриндік жəне олеин қышқыл-
дары болуы мүмкін). 
Майлы жоғары қышқылдардың жəне бір атомдық жоғары 
спирттердің күрделі эфирлері болып табылатын балауыздар жо-
ғары тұрақтылық, жоғары еру температурасымен сипатталады, бұл 
оларды препараттардың термотұрақтылығын жоғарылататын 
толықтырушы қосымшалар ретінде косметикалық жүйелер (КЖ) 
алмастырылмас құрамдас бөлігіне айналдырады. Шығуы бойынша 
жануар балауыздары – ара, ланолин жəне оның көптеген туынды-
лары; өсімдік балауыздары – карнауб, канделиль, қылқанды, рау-
шан, лаванда балауызы. Нысанқұраушылық қасиеттермен қатар, 
жоғары косметикалық тиімділікке ие, жұмсартушы, ылғалдан-
дырушы, регенерирлеуші əсерге ие. 
Көмірсутектері қанықпаған жəне хош иісті қосылыстардан 
тазартылған мұнай фракцияларының туындылары болып табы-
лады (жалпы формула – C
n
H
2n+2
). Косметикалық өнеркəсіпте вазе-
лин, вазелин майын, парфюмерлік май, парафин, церезин қолданы-
лады. Табиғи майларға қарағанда олар химиялық тұрақтылығы-
мен ерекшеленеді. Алайда майлардың синтетикалық аналогтары 
бола отырып, мұнайды өңдеу өнімдері тері майларын алмастыра 
алмайды, нəтижесінде сіңу қабілетіне ие емес. Жаққан кезде тері 
бетінде қорғаныс, су енгізбейтін қабат түзейді. Бұл қасиеттер кө-
мірсутектік, силикондық туындыларды косметикалық заттар жасау 
кезінде беткі, жабушылық əсер қалдыруда – су итергіш, фотоқор-


119 
ғаушылық, балаларға арналған кремдерде, тазалаушы кремдерде 
жəне т.б. қолдануға мүмкіндік береді. 
Эмульгаторлар. Жоғарыда аталғандай, эмульсиялық жүйелер 
термодинамикалық жағынан алғанда тұрақсыз. Эмульсиялық кос-
метикалық заттардың тұрақтылығын жоғарылату үшін эмульга-
торлар пайдаланылады. 
Косметикада пайдаланылатын эмульгаторлар келесі талап-
тарға сай болуы қажет: 
1) тұрақты эмульсияның түзілуін қамтамасыз ету; 
2) химиялық тұрғыдан индифферентті болу; 
3) улы қасиетке ие болмау, соның ішінде терінің тітіркенуін 
тудырмау; 
4) жағымсыз иіске ие болмау. 
Эмульгаторлар ретінде функционалдық ерекшеліктері көпші-
лік жағдайда оның табиғатымен анықталатын беттік-активті заттар 
пайдаланылады. Беттік-активті заттар (БАЗ) келесідей бөлінеді: 
ионогендік (аниондық, катиондық), амфолиттік (амфотерлік) жəне 
ионогендік емес эмульгаторлар ретінде қолданылатын негізгі БАЗ 
сыныптары 1-кестеде келтірілген. 
 
1-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет