О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет45/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
химия рус (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Косметикалық шикізаттар дегеніміз не? 
2. Терінің құрылымы мен терінің химиялық құрамы. 
3. Косметикалық өнімдерге нелер жатады? 
4. Косметикадағы бояғыштардың түрлері кандай? 
 
 
 
 
 


109 
IХ тарау 
 
КОСМЕТИКАЛЫҚ КРЕМДЕР 
Крем (англ crème – концентрлі сүт) – эмульсия түріндігі тері 
күтіміне арналған косметикалық зат. 
Косметикалық крем – косметикалық өнім, активті əсер етуші 
белсенді заттар қосылған денеге арналған майлы зат (масса). 
Майдың судағы немесе судың майдағы негізгі категориялы 
емдік кремдері құрайды. Гельден кремнің айырмашылығы құрамы 
майдан тұратындығы жəне мөлдірсіздігі. 
Бұрынғы замандағы косметиканың көп бөліміне табиғи жəне 
мал майларынан алынған майлар мен мазьдар қолданған. Алынған 
майларға гүлдердің шырынын, иіс беретін емдік қасиеті бар қос-
палар қосатын.
Жерорта теңізінде крем негізі ретінде көбінесе зəйтүн майын 
жиі қолданатын. Көптеген африкалықтар косметикалық мақсатта 
рафия пальмасының майын қолданған. Мұхитты аумақтарда кос-
метикалық заттарды, əдетте кокос майларынан алған. Содан соң ол 
майға пальма, костор майын, мал майын, сиыр майын қосып жəне 
оларға қызыл ағаш имбир тамырын, шөп немесе металл шаңдары-
ның қоспасын қосқан. Көне заманның атақты дəрігері Гален ба-
лауыз, миндаль майы, спермацет жəне судан қоспа дайындаған, ал 
қоспа «кольд-крем»-«салқын концентрлі сүт» деп аталады. 
Көптеген жүзжылдар бойы осы қолданып келген жалғыз крем 
болған. Көне замандағыдай тері күтіміне арналған барлық 
заманауи кремдердің негізі тоң майлы заттардың концентрациясы, 
сулар жəне биологиялық активті компоненттер. 
9.1. Кремдердің жіктелуі 
Құрамы бойынша кремдер майлы жəне эмульсиондық; су/май, 
май/су жəне аралас түрлі; қоюлығы бойынша сұйық жəне қою бо-
лып бөлінеді. 
Осы заманғы кремдер келесідей сыныпталады:
құрамы бойынша 
– майлы (олардың крем тəріздес күйі май кешені мен май 
тəріздес заттармен қамтамасыз етіледі); 


110 
– эмульсиялық (крем тəріздес күйі май мен судың болуымен 
жəне арақатынасымен анықталады); 
– суспензиялық (крем тəріздес күйі дисперстік ортаның 
қоюлығымен жəне қатты дисперстік фазаның концентрациясымен 
анықталады); 
– аралас (дисперстік орта ретінде эмульсиялар қолданылатын 
суспензиялық кремдер); 
– майсыз (құрамында майлар мен май тəріздес заттар жоқ 
кремдер). 
Консистентігіне байланысты сұйық жəне қою болып 
бөлінеді. 
Қолдануы, белгіленуі бойынша: 
– гигиеналық (соның ішінде арнайы белгіленген кремдер); 
– емдік-профилактикалық; 
– сəндік. 
қоюлығы бойынша: 
– сұйық; 
– нағыз кремдер; 
– қоймалжың. 
 
Күндізгі крем
75% ылғалдан жəне шамамен 25% майдан тұра-
ды. Бұл май-сулы эмульсиялар (судың негізіндегі), оларда жеңіл 
консистенция болады. Егер теріге крем жаққаннан кейін біраз 
уақыттан кейін ашып, тартыла бастаса, оның себебі сіз ылғалы өте 
көп жəне майы өте аз крем қолданған болып саналасыз. Ылғал 
буланып кеткеннен кейін, судан тұратын эмульгатор теріден 
ылғалды тартып алады. Бұл жағдайда косметологпен кеңесіп, су-
майлы эмульсия (түнгі кремдерді) қолдану керек. Құрғақ теріге 
кремді тез, көп жəне қалың қабатпен, алдымен, маңдайға, ортадан 
оңға жəне солға қарай, мұрын ортасынан оңға жəне солға төмен 
қарай, иек ортасынан оңға жəне солға қарай жағады. 
Түнгі кремдер 
– ылғалдандырғыштардың түрі. Олар терінің тез 
қалпына келуіне əсер етеді. Егер тері қосымша сіңіруді қажет 
етпесе, май ылғалдандырғышты тəуліктің кез келген уақытында 
қолдануға болады. Түнгі кремдерді 27-28 жастан кейін ғана қол-
дану керек. 
Ылғалдандырғыш крем – теріде қорғаныш қабат түзіп, теріні 
жұмсартады, терінің ылғалдық дəрежесін арттырады, əжімдерді 


111 
тегістейді. Өзінің жұмсарту қасиетінің арқасында ылғалдандырған 
крем қан айналымын жақсартады. Бұл жасушалардың жасару про-
цесін тездетеді. Ылғалдандырғыш кремді күн сайын, таңертең, 
төсектен тұра салысымен жəне кешке жуынғаннан кейін ұйқының 
алдында қолдану ұсынылады. Крем жаққаннан кейін бірнеше 
минуттан кейін ғана жатуға болады. 
Сіңірілетін кремдер. 
Терінің сіңірілуі əртүрлі кремдердің кө-
мегімен жүзеге асады. Ең көп таралған крем майлы эмульсиялық 
емес немесе түнгі сіңірілетін. Оның теріге əсері жоғары сапалы 
майлардың қоспасының əсеріне негізделген. Майлар қалыпты 
жəне құрғақ кеуіп кеткен терілерге, майлы терілерге де жақсы əсер 
етеді. Сіңірілетін кремдер витамині бар витаминдер деп аталады. 
Косметикалық препараттардың құрамына кіретін майлар 
теріге жақсы сіңеді, терінің суды шығаруын азайтады жəне сол 
арқылы оның кебуінен сақтайды. Олар, сонымен қатар микроб-
тардың кіруіне қарсы тұрады жəне сыртқы ортасының басқа 
тітіркендіргіш факторларынан қорғайды.  
Майлы эмульсиялық емес кремдерді (ылғалдандырғыш емес) 
салқын күзгі жəне қысқы уақытта таңертең қолдануға болады. 
Əсіресе бұл құрғақ қалыпты тері кезінде оны сыртқы факторлардан 
қорғау мақсатында ұсынылады. 
Түнгі кремдерде судың жəне майдың құрамы күндізгіге 
қарама-қарсы: шамамен 75% май жəне 25% су. 
Кез келген сіңірілетін кремде міндетті түрде аз болады (25%- 
дан кем емес). Оның мөлшеріне байланысты кремнің теріні сал-
қындату қабілеттілік дəрежесі əртүрлі болады. 
Қорғағыш крем. 
Көптеген əйелдер қорғағыш кремдерді баға-
ламайды жəне оларды сирек қолданады. Қорғағыш заттардың бол-
мауы терінің кебуіне əкеледі, ол тез əжімделеді.  
Қорғағыш кремдер ретінде күндізгі кремдерді қолдануға 
болады – майлы емес, жартылай майлы жəне арнайы қорғағыш. 
Майлы сіңірілетін кремдерге қарағанда, күндізгі кремдер тереңге 
сіңбейді, тек қана терінің бетіндегі қабатын жұмсартуға теріні 
шаңнан, ластардан қорғайды.  
Қорғаныш кремдер, негізінен, құрғақ желді ыстық немесе сал-
қын ауа райы кезінде үйден шыққанға дейін қолданады. Аяз бен 
салқында опаның астына майлы тері үшін жартылай майлы күн-


112 
дізгі кремдерді қолдану ұсынылады, ал құрғақ жəне қалыпты тері 
үшін майлы кремдер қолданылады. 
Кремнің құрамы. Қорғағыш кремдер ретінде жиі цинкті крем-
дер қолданылады, яғни мырыш стеараты немесе оксидінің белгілі 
бір пайызының (2-ден 10%-дай жəне артық) қоспасынан тұратын 
майлы негіздер. 
Бұл кремдер күндіз теріні ыстық немесе салқын ауаның тітір-
кендіргіш əсерінен сақтау мақсатында қолданылады. Олар мырыш 
оксидінің белгілі бір құрамында қышуға қарсы жəне қабынуға 
қарсы əсерлерге ие, теріні күннің сəулесінен қорғайды. Қорғағыш 
əсерінен басқа мырыштық кремдер емдік қасиеттерімен де ерек-
шеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет