О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет43/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
химия рус (1)

Бояулар мен пигменттер. 
Косметикада бояуларды қолдану 
өте кең тараған жəне жан-жақты. Бояу түрлерінің тола спектр 
құрайды 2-ден олардың қасиетіне өте қатты талап қойылады – 
ерімейтін жақсы жабатын /тырнақты əдемі жабатын лак/су жəне 
спиртте еритін бояуларға дейін. Бояулар аллергия бермейтін теріні 
тітіркендірмейтін ұлы емес заттар болуы қажет. Ең негізгісі бояу 
түрін кетірмей сақтап қалуы. 
Қарапайым бояулар – металдардың оксиді мен тұздары. 
Темір оксидінен қара пигмент жəне қоңыр, қызыл сары түр
алуға болады. Хром тұзы мен оксидінен сары жəне жасыл бояу 
алынады. Ал таза көміртек немесе күл қара пигмент береді. Титан 
оксиді, мырыш оксиді, кейбір силикаттар ақ бояу береді. 
Синтетикалық жолмен əртүрлі күрделі бояйтын заттар дайын-
дайды. Оларды дөрекі түрде 3 түрге бөлуге болады. 
Қышқылды бояғыштар
Қышқылды бояғыштардың молекула-
ларының негізінде таскөмір қарамайынан алынатын циклдік 
органикалық заттар болады. Ароматты ядроға бір немесе бірнеше 
қышқылды сульфонды немесе карбоксильді топтар қосылған. Ор-
ганикалық қышқылдар сияқты белгілі бір дəрежеде суда ериді, 
бірақ көп жағдайда ери бермейді. Қышқылды (сілтілік) бояғыш 
заттар тұз тəрізді бояғыштар, ал сілтілік бояғыштар жер метал-
дарымен немесе ауыр металдар тұздарымен жай еритін лактар 
түзеді.
Қышқылды топтар бояғыштарын олардың ерітінділерінен тұн-
дыруға болады. Мысалы, илегіш қышқылды ерімейтін бояғыш 
пигментке айналдыруға болады. Бұл шара көбінесе бояу проце-
сімен қатар жүргізіледі.


104 
 
 


105 
Сілтілік бояғыштар.
Сілтілік бояғыштар тобы қышқылдық 
бояғыштарға қарағанда біршама аз болып келеді. Осы топқа кіре-
тін бояғыштар заттардың молекулалары қосылымға сілтілік сипат 
беретін бір немесе бірнеше аминтоптардан тұрады. Алайда рода-
мин сияқты кейбір бояғыштар молекуласында карбоксил тобы 
болатындықтан, аминтоптардың негізі карбоксил топтарындағы 
қышқылды сипаттан басым келеді. Бұл екі жақты реакциялық 
қабілет ерігіштік жəне боялған лактарды түзу сияқты заттардың 
қасиеттеріне əсер етеді.
Бейтарап бояғыштар.
Бейтарап бояғыштар молекулаларында 
қышқылды немесе сілтілік топтар белгілі бір мөлшерде болмайды. 
Өзінің химиялық құрамы бойынша олар əртүрлі болып келетін-
діктен суда ерімейді жəне қышқыл мен сілтіге қарағанда тұрақты. 
Олардың кейбірі органикалық еріткіштерде ериді. 
Құрамында бром бар бояғыш заттар.
Бұл топқа құрамында 
флуоресцеин жəне барлық галогенделген формалар жатады. Флуо-
ресцеин флуорен араматты көмірсутек туындысы боп табылады. 
Бромды бояғыштар көбінесе помада да қолданылады. Олар-
дың нашар ерігіштігіне байланысты негізгі массасына «бромды 
ерітінділер» қосады немесе костор майын қосады. 
Эмульсиялар
– косметика мен шаштараздық істе қолданыла-
тын, кеңінен таралған өнімнің бірі. Эмульсияның екі фазасы да ба-
сында жеке əзірленеді. Яғни, сулы фазада суда еритін заттар еріті-
леді де, майда еритіндер бір-бірімен майлы фазада араластыры-
лады. Екі шара да еруді оңайлату үшін жылыту арқылы жүзеге 
асырылады.
Эмульсияның өзі, əдетте жабық ыдыста əзірленеді. Эмуль-
сияны өндіру 80-90°С температурадағы ыдыста дайындалатын-
дықтан, А өзегі бар қоспалағыш болады. Оған жылыту үшін ыстық 
су немесе суыту үшін суық су құюға болады. Суретте көрсетілген-
дей, ыдыста Б араластырғыш пен В гомогенизатор бар. Гомогени-
затор тұрақты түрде эмульсия қоспасын араластырып тұрады. 
Осының есебінен эмульгацияланатын (əдетте майлы фаза) фаза-
ның тамшы көлемдері біршама кішірейеді. 
Араластыру əдісі арқылы эмульсия бірнеше сағатта əзірленеді. 
Егер оның құрамына жылытуды көтере алмайтын құрамдас бөл-
шектер (мысалы, кейбір ферменттер, шөп сығындылары, т.с.с.) 
болса, онда оларды тек салқындау кезеңінде ғана қосады. Егер 


106 
бұдан кейін эмульсия қажетінше біртекті, жұқа дисперсті болмай 
қалса, онда қоспаны вальцты диірмен арқылы гомогенизациялауға 
болады. Бұл машинада зат айналып тұратын вальцтар арқылы 
өткізіледі. Вальцтардың бір-бірінен ара қашықтығын реттеп тұруға 
болады. Олардың көмегімен ірі тамшылар ұсақталады. 
Эмульсияның қоюлығын немесе оның тұтқырлығын карбокси-
метилцеллюлозаның (КМЦ) немесе оның көптеген туынды-
ларының бірінің көмегімен реттеуге болады. Бұл кезде КМЦ сулы 
фазаның мөлшеріне байланысты тығыздығы əртүрлі сірне (гель) 
түзіледі. Сірне өз кезегінде міндетті түрде эмульсияның құрылы-
мына жəне қоюлығына əсер етеді. Пайдаланылып отырған белгілі 
бір мөлшердегі КМЦ арқылы сулы фазада сірненің бірыңғай торы 
түзілетіні анықталған. Ол өнімнің тұтқырлығын арттырып қана 
қоймай, сонымен қатар май тамшыларының кездесуіне, олардың 
бірігіп, одан да ірі тамшы түзуіне кедергі жасап, эмульсияны тұ-
рақтандырады.
Дайын эмульсияның көлемі бірден əзір бола сала микроскоп 
арқылы тексеріледі. Сонымен қатар эмульсияны əзірлеу бары-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет