О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет61/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82
химия рус (1)

Гидротроптар.
Шампуньның тұтынушылық қасиетін, арала-
суын, жуу композициясы бөлшектерінің ерігіштігін жақсарту үшін 
қолданылады. Гидротоп ретінде 1,2-пропиленгликоль, дипропи-
ленгликоль, ди, три- жəне полиэтиленгликол, этилкарбитол, гекси-
пенгликоль, карбомид, сорбитол, глицерин 5-10% концентрацияда 
болады. Спирт композицияның тұтқырлығын төмендетуге ықпал 
етеді, бұл электролит немесе оның комбинациясын, мысалы, 
алкилоламид, карбоксибетаин немесе үштік амидтің М-оксидімен 
бірге оған үстемеленеді. Су рецептурасын қоюлатуда қамтамасыз 
ететін зат ретінде электролит тұздары қолданылады: натрий 
хлориді, аммоний хлориді, магний хлориді, концентрациялық шегі 
0,1-0,2 % болатын натрий сульфаты. 
Майландырғыштар. 
Шампунь құрамына БАЗ-дың шаш жəне 
бастың шашты құйқасына майландырушы əсерін төмендетуге, 
шашқа созылымдылық, жылтыр, оның эстетикалық қасиетін жақ-
сарту үшін қосылады. Қоюландырғыш ретінде табиғи майлар қол-
данылады: ланолин жəне одан жасалған майлар, борсық майы, 
зəйтүн майы, сонымен қатар цетиль жəне олеин спирті (2%-ға 
дейін ғана, өйткені олар көбікті жуғыш құралдардың көбік туды-
рушы жəне тазалағыш əсерін төмендетеді), жұмыртқаның сарысы 
немесе жұмыртқа ұнтағы, т.б. 
Иістендіргіштер. 
Шампуньды парфюмдеудің мақсатына база-
лық компоненттердің жағымсыз иісін жасыру жəне өнімнің эсте-
тикалық рəсімделуін аяқтау жатады. Сəтті таңдалған иістендіргіш 
көбінесе бұйымның коммерциялық ұтымдылығын арттырады
шампуньға өзіндік ерекше штрих береді, тұтынушының қызығу-
шылығын арттырады. Тұтынушының алғашқы таңдауын түгелімен 
өнімнің иісі жəне сырт келбетімен анықтайды. 


156 
Шампунь рецептураларында иістендіргіш 20%-ға дейін 
(балалар шампунында 0,2%-дан 0,5%-ға дейін) болады. 
Дайын өнім иісінің тұрақтылығы иістің ұзақ мерзімді деңгей-
мен жəне оның тиімділігімен – бастапқы қабылдау жəне өнімнің 
өзіндік иісін «жасыру» дəрежесінен көрінеді. Иістендіргіш БАЗ-
бен үйлеседі, бірақ басқа да қосымша бөлшектер, мысалы, кон-
сервант, антиоксидант, бояғыштар, рН реттегіштер жəне табиғи 
сығындылар реакция тудырып, бөтен иістің пайда болуына сеп-
тігін тигізуі мүмкін. Иісті жасыру қабілеті көптеген бейионогенді 
БАЗ-ға, полиалкиленосид, пропилгликол жəне глицеринге, ПВП 
жəне целлюлозаның кейбір суда еритін эфирлеріне тəн. 
Соңғы жиырма жылдың ішінде иістендіргіштер көптеген сапа-
лы өзгерістерге ұшырады. Иістендіргіш мейлінше көп бөлшекті
əртүрлі ароматы мен иістері түрлене түсті. Балғын шөп, жеміс-
жидек жəне гүлдің жұмсақ иісіне қызығушылық зор. 
Консервант пен бояғыштардың қатарында иістендіргіш кос-
метикалық құралдардың сенсибилизациялық, фотосенсибилдеуші 
əсердің жиі қатынастық дерматиттің пайда болудың басты себебі.  
Бояғыштар. Өнімнің сырт келбеті, орамы жəне иісін, жағым-
сыз рең үйлесімен қол жеткізу жəне тұтынушыны қызықтыру 
мақсатында қолданылады. Бояғыш түс өзгертуге жəне химиялық 
өзгерістерге тұрақты болуы қажет жəне фотоиндукциялық қыш-
қылдық процестердің туындауына ықпал етпеуі қажет. Антрахи-
нонды қатар бояғыштары қолданылады (қышқылды жасыл 
антрахинонды, қышқылды көк антрахинонды, т.б.). 
Биологиялық белсенді заттар жəне арнаулы қоспалар. Дер-
матологиялық жұмсақтықты арттыру үшін жəне жеткізу үшін 
заманауи шампунь құрамында тұндырма, сығынды, эссенция жəне 
май түрінде өсімдік сипатты биологиялық белсенді заттар да бар. 
Құрамында өсімдігі бар қоспалар шаш пен бас терісін жеңілдетеді, 
жұмсартады, оның қан айналымы мен регенерациясы жақсартуға 
ықпал етеді, шашты бекемдендіріп, оның өсуін жылдамдатады. 
Оның өсуін жылдамдататын құралдарға өсімдіктен алынған, халық 
медицинасына бұрыннан танымал, мысалы, чабрец, шалфей, ду-
шица, тимьян, розмарин, женьшень, элеутерококк, жалбыз сығын-
дысы жатады.
Тыныштандырушы əсерге ие заттардан өзен балдыры, түйме-
дақ, валериана, хмель, пустырник жəне мелисса сығындысын бөліп 


157 
алуға болады. Көптеген биологиялық белсенді заттардың бастау 
көзіне эфир майлары, сапониндер, гликозидтермен қосылыстар
дəрумендер, каротиноидтер, дубильді заттар жəне микроэлемент-
тер, ферменттер жəне т.б. жатады.
Түймедақ, календула, зверобой, алоэ, мыңжылдық, подо-
рожник, фенхель итошаған, лаванда жəне түймедақ сығынды-
лары қабынуға қарсы, жарақат жазушы жəне əлсіз бактери-
цидтік əсерге ие.
Бірқатар сығындылар шаштың түсуіне қарсы əрекет етеді, 
сондықтан оны қайызғаққа қарсы шампуньға қосады. Осындай 
мақсатта хна, қалақай, қайың жапырағы, алоэ, репейник, чабрец, 
мыңжапырақ, календула, аира жəне т.б. өсімдіктер сығындыларын 
қолданады. Шаш түсуіне қарсы əсерге қайың шырышы ие, 
сонымен қатар ол шашты бекітеді. 
Апилак – араның сүті – бас құйқасының жағдайын қалыптан-
дырады, жылтырлатады, шаштың таралуын жақсартады; прополис 
сығындысы бактерицидті, қайызғаққа қарсы əсерге ие.
Бірқатар табиғи эфир майлары бактерицидті белсенділікке ие. 
Эвкалипт, түймедақ, фенхель, лаванда майы дерматит пен псориаз-
дың кейбір түрімен ауыратын науқастардың терісіне оң əсер етеді. 
Оны арнаулы ерітілген («майлы» заттарда) шампуньдарға жұмсар-
татын, антисептикалық кератолиялық жəне өзге де емдейтін бөл-
шектермен үйлестіре отырып енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет