10.4. Көбікті жуғыш косметикалық құрал құрамындағы
көмекші заттардың сипаттамасы, номенклатурасы жəне
тағайындалуы
БАЗ-бен бірге заманауи көбікті-жуғыш заттарда, əдетте қо-
сымша кондицирлеуші компоненттердің нақты жиынтығы бола-
ды, олар қажетті рецептуралық форма мен тауарлық түрге, со-
нымен қатар сол құралға тəн тұтынушылық қасиетті қамтамасыз
етеді. Шампуньның қосымша бөлшектеріне мыналар жатады:
қоюландырғыш, консерванттар, антистатиктер, рН реттегіштері,
иістендіргіштер, еріткіштер, гидротроптар, майландыратын қо-
151
сымшалар, антиоксиданттар, кешен құраушылар, «перламутр»
қоспалары, əрлегіштер жəне пигменттер . Көбікті жуғыш құралдар-
ды құрастырудың заманауи процестерінің анық құрамына шаштың
жағдайын жақсартатын, шашты беріктендіретін, өсуіне ықпал
ететін, қорғанышты, регенерациялайтын, ылғалдайтын, қайызғаққа
қарсы əсер ететін заттарды енгізу жатады.
Қоюландырғыш шампуньға қажетті тұтқырлық пен талап
етілетін құрылымдық қасиетті қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Қоюландырғыш ретінде суда еритін синтетикалық, табиғи жəне
модификациялық табиғи полимерлер пайдаланылады. Оларды,
əдетте, шампунь рецептурасына дерматологиялық тұрғыдан жұм-
сақ БАЗ-дың анионды жəне амфотерлі түрі жəне шампунь тұтқыр-
лығы қарапайым тəсілдермен реттеуге келмегенде қосады. Қажетті
тұтқырлықты қамтамасыз ету үшін суда еритін полимердің мини-
малды концентрациясы болғанда үлкен молекулалық массаға ие
болуы қажет жəне жақсы сольватты гидрофильдік қатардан тұру
қажет. Осы қатарлардан тұратын тізбек жеткілікті түрде қатты
болуы қажет, өз-өзімен немесе БАЗ əсерінен ерітіндіні тереңдікке
иммобилизациялауы жəне құрылымдық тордың пайда болуына
ықпал етуіне қажетті кеңістікті конфигурацияға ие болуы қажет.
Синтетикалық полимердің ішінен төмендегілер кеңінен пайда-
ланылады: полиакрил қышқылы (ПАҚ), акрил жəне метакрил
қышқылының сополимерлері, акрил қышқылының акриламиді,
винилпирролидон жəне малеин ангидриді қосылған сополимері.
Олардың кейбір бөліктері беттік белсенді топпен немесе БАЗ
қосымшасымен модификацияланған (дисперсті жеңілдету үшін).
Қоюландырғыш рөлін жоғары молекулалы ПВП жəне поливинилді
спирт атқара алады.
Целлюлозаның суда еритін эфирлері полимер қоюландырғыш-
тың екінші маңызды түрі болады. Бұл топқа мəніне қарай төмен-
дегілер жатады: гидроксиэтилцеллюлоза, метилгидроксипропил-
целлюлоза, метилцеллюлоза, метилгидроксиэтилцеллюлоза, на-
трий карбоксиметилцеллюлоза, гидроксиэтил-карбоксиметилцел-
люлоза.
Табиғи полисахаридтің ішінде, сонымен қатар өзен балдыры-
нан 1-ден 5%-ға дейін концентрация енгізіліп алынған агар жəне
натрий альгинаты өсімдік камедидің маңызы зор.
Микробты полисахарид, мысалы, ксантон кеңінен таралған.
152
Ол бірегей қоюландырғыш жəне гелтудырушы қабілетке ие, ол
температура мен рН-қа тəуелді емес.
Соңғы онжылдық ішінде «2-де 1» шампунь құрамында
«Polyguaternium-х», бұл жерде х – оның практикаға енгізген реттік
саны болатын катионды полимерлер кеңінен қолданылады.
Акриламид сополимерлері бір уақытта қоюландырғыш əсерге
ие, көбікті жақсартады жəне концентрациясы 0,05-0,07% шаюшы
шампуньға жəне шайғыш шампуньға қосылады. Осындай концен-
трацияда олар алкилсульфат алкилэтоксисульфат жəне ацилсарко-
зинатпен бірге үйлеседі. Мөлдір рецептура алу үшін, əдетте бетаин
немесе бейионогенді БАЗ енгізіледі.
Антистатиктер. Антистатикалық қасиетке ие бөлшектер ретін-
де шампунь құрамына катионды БАЗ, май қышқылының моноэта-
ноламиді жəне диэтаноламиді ланолиннен түзілген кейбір май
спиртін, винилпирролидонның кейбір сополимері енгізіледі.
Кондиционерлеуші əсер тудыратын («1-де 2») шампуньдарда
катионды силиконды 0,2-ден 0,5%-ға дейін, бейионогенді
силиконды 0,5-тен 5,0%-ға дейін енгізу тиімді болады.
Полипептид пен ақуызды гидролизаттар кейбір кондиционер-
леуші əсерге ие болады. Статистика бойынша заманауи шампунь-
дардың 42% құрамында ақуызды гидролизат бар. Оның танымал-
дылығы гидраттаушы жəне қорғаныштық əсердің болуымен түсін-
діріледі. Тері мен шашқа мейлінше субстантивтілікке кератин,
коллаген жəне эластин гидролизаттары ие. Кератин гидролизаты
БАЗ ерітіндісінде, əсіресе рН сілтілік салада шаштың ісінуін шек-
тейді. Олар анионды БАЗ-дың тері мен көздің шырышты қабығына
тітіркендіруші əсер деңгейін төмендетеді. Бұл тұрғыдан гидролизат
катионды фракция жəне ақуызды гидролизат, арнайы модифика-
циялық молекулярлы олигапептидтер жəне амин қышқылдар
тиімді, бұл ылғалдандыру əсеріне ие, анионды БАЗ-дың тітіркен-
діруші əсерін əлсіретеді жəне қатқыл суда көбікті тұрақтандырады.
Көбікті жуғыш косметикалық құралдар рецептурасында амин
қышқылдар гидротропты қасиеттерін танытады, мысалы, аллан-
тоин ерігіштігін жақсартады.
Тері сияқты шаштың да көлемі 10-20%-ға дейін суда ісінеді.
Катионды БАЗ жəне полимерлер, ақуыз гидролизаттар адсорбция
барысында шашта, зақымдалған тұста оны қорғайды, гидроско-
153
пиялық əсерді төмендетеді, жақпалық əсер етеді, осының нəти-
жесінде оның таралуы мен реттестірілуін жеңілдетеді.
Консерванттар жəне бактерицидті қоспалар.
Ақуыз, липидті қосылыс, табиғи экстрактісі бар көбікті жуғыш
косметикалық құралдардың көбі бактерия мен микрофлораның
дамуына ықпал ететін орта болады. Оның дамуын тежеу
мақсатында сұйық, гель жəне кремтəрізді шампунь құрамына кон-
сервант қосады. Консерванттар косметикалық құралдың сенімді
жəне баламалы микробиологиялық қорғанысын қамтамасыз етуі
қажет, яғни сақтауға кепілдік берілген мерзім ішінде өнімнің сақ-
талуын жəне тұтынушыға еш қолайсыздық тудырмауын қамтама-
сыз етуі қажет. Осыған байланысты, консервант қызметіне өндіріс
процесінде өнімге түсетін немесе пайдалану барысында енетін бак-
терия мен саңырауқұлақтың дамуын тежеу немесе өлтіру жатады.
Бактерицидті қоспалар консерванттармен салыстырғанда күш-
ті əсер етеді, химиялық тұрғыдан өзіндік ерекшелігі бар. Қызметтік
тұрғыдан көбікті жуғыш заттардың микробқа қарсы қасиетін
қамтамасыз етеді.
Көбікті
жуғыш
косметикалық
құралдар
құрамында
пайдаланылатын консерванттарды химиялық құрылымы бойынша
төмендегідей жіктейді:
– спирттер (этил, бензил, 2-феноксиэтанол жəне т.б.);
– қышқылдар жəне олардың тұздары (бензой, салицил,
ундицилен);
– күрделі эфирлер (парабен, глицеринмоноглаурат);
– альдегидтер жəне одан туындайтын заттар (формальдегид,
параформ, глутар альдегиді жəне т.б.).
Кеңес берілетін консервант концентрациясы 0,01-ден 0,5%-ға
дейін.
Жоғарыда аталған химиялық қоспалардан өзге консервант
ретінде төртіншілік аммоний тұздары мен амфотерлі БАЗ пайда-
ланылады. Микробқа қарсы жəне фитотоксикалық əсер механизмі
бойынша консерванттарды мембранды белсенді (парабендер,
спирттер, фенолдар, қышқылдар) жəне электрофильді альдегидтер
жəне олардың донорлары, катионды жəне амфотерлі БАЗ, активті
гологені бар қосылыстар болып бөлінеді.
Бірінші топ жасуша мембранасын бұзу жолымен əрекет етеді,
екіншісі – химиялық тұрғыдан жасушаның қорғанышты жəне
154
биологиялық белсенді қосылыстардың иондалған əрі полярлы
топтарымен əрекеттеседі.
Көбікті жуғыш заттарда консерванттың тиімділігіне əсер
ететін негізгі факторларға төмендегілер жатады:
– су фазасында ерігіштігі жəне сулы жəне мицеллярлы фаза
арасында таралу коэффициенті;
– құрамдас бөлшектермен өзара əрекеттесу дəрежесі, оның
ішінде гидролиттік тұрақтылығы;
– нақты жағдайда консерванттың диссоциация дəрежесі жəне
рН ортаның көрсеткіші;
– ауа сутегінің əсеріне тұрақтылығы;
– фотохимиялық тұрақтылық;
– өлшем материалымен əрекеттесу дəрежесі, өтпелік қабілеті.
Консерванттың төмен концентрациясында микробқа қарсы
əсері, косметикалық құралдың сапалық көрсеткішін төмендетпей
ұзақ уақыт бойы өзінің қасиетін сақтау сияқты кең спектрлі қасиеті
болуы қажет. Сонымен қатар тері мен шырышты қабыққа тітіркен-
діруші жəне сенсибилизациялық əсер етпеуі қажет, токсикалық
болуы қажет.
Бактерицидтер ретінде терінің қабынбалық əсер ететін аллан-
тоин (5-урендогидантойн) жəне көптеген заманауи қайызғаққа
қарсы шампуньдарда белсенді бөлшегі мырыш перитионаты кеңі-
нен қолданыс тапты. Бигуанидини типті концерванттар (глоргек-
сидин, гибитаин, арлацид, вантоцил-ІВ) микробқа қарсы əсердің
кең спектріне ие, бірақ олардың анионды жəне бейионогенді БАЗ-
бен жағымсыз үйлесімдігі туралы мəліметтер бар. Хлоргексидин,
имидозолин қатарының амфолитімен белсендіріле алмайды.
рН реттегіштер. рН-тың оңтайлы мəнін қамтамасыз ету үшін
шампуньдарда лимон, сүт, уксус, шарап, ортофосфор қышқылы
пайдаланылады. Бірқатар қышқылдары поливаленттік металл
катионына қатысты кешен түзуші қызметті орындайды. Оны енгізу
көбік тудырушы жəне кермек суда жуу əрекетін жақсартады, өйт-
кені бұл агенттер кермек тұздарын байланыстырып, осының
арқасында беттік-белсенді заттармен реакция тудырады. Бұндай
заттарға этилендиаминтетрауксус, лимон, аскорбин, глюкон,
сорбин қышқылы, т.б. жатады.
Тұрақтандырғыш-антиоксиданттар. Шампунь рецептурасына
қышқыл-полимер процесін тежей отырып ендіріледі. Химиялық
155
өзгеріске БАЗ-дың қанықпаған көмірсутекті тізбегі мен липидті
бөлшектер, иістендіргіш, дəрумендер, табиғи сығындылар жəне
консерванттар ұшырайды. Антиоксиданттық қасиетке еркін ради-
калдың акцепторлары ие, мысалы, фенолдар (əсіресе, көп атомды )
ароматты аминдер, хинондар, галл қышқылының эфирлері, токо-
феролдар. Өзге топ – қышқылды қалпына келтіруші əлеует қорғау-
ға жатқызылатын зат потенциалына қарағанда (аскорбин, изо-
аскорбин, сорбин қышқылы, сера қышқылының тұздары) тотығу
тотықсыздану потенциалы төмен заттар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |