158
əкеледі жəне жағымсыз процестердің одан əрі дамуына əкеліп
соқтырады.
Осыған орай, шаш жəне бас терісімен ұзақ уақыт
байланысты болғандықтан косметикалық құралдардың дерматоло-
гиялық қасиеті маңызды болып табылады.
Көбікті жуғыш құралдардың тұтынушылық қасиетін анық-
тайтын коллоидты химиялық сипаттама ерекше мəнге ие:
– жұмсақтық;
– көбік тудырғыш қасиеті;
– сенсорлық баға.
Өнімнің жұмсақтығы тұтынушылық жəне технологиялық
талаптармен анықталады. Дайын өнімге қойылатын тұтынушылық
талаптарға пайдалануға қолайлылығы (суда тез ериді жəне тері мен
шашқа ыңғайлы жағылуы) жəне мөлшерлігі жатады. Техноло-
гиялық тұрғыдан қарағанда өнімнің
жұмсақтығына назар салу
қажет, оның құрамында дисперсия түрінде қосымша қоспалар
мысалы, перламутр концентраты, мырыш перитионаты жəне
кейбір ББЗ бар. Перламутр өнімдері кем дегенде 3000мПа с
болатын жұмсақтық деңгейін талап етеді. Көптеген жағдайда
өнімнің ағым сипаты маңызды (жұмсақтықтың қозғалыс
жылдамдығына тəуелді), ол өнімнің
қызметімен мөлшерлік
аспабының түрімен анықталады. Шампунь үшін рұқсат етілген
жұмсақтық деңгейі – 2000-500мПа с.
Көбікті жуғыш құралдың жоғары жұмсақтығына натрийдің
этоксилденген лаурилсульфат ерітіндісін электролиттік өшіру
(əдетте натрий хлориді мен цитрат көмегімен) арқылы қол жеткі-
зіледі. Көптеген ионогенді жəне амфотерлі БАЗ, əсіресе амфотерлі
БАЗ (алкилбетаиндер, сульфобетаиндер, кокоамфо-ацетаттар), на-
трийдің лаурилсульфаоэтоксилат ерітіндісін өсіруге қабілетті, бұл
талап етілетін жұмсақтыққа қол жеткізуге
қажетті электролит
санын біршама азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан алкилбе-
таинның кішкене көлемін қосқанда көбікті жуғыш құралдардың
құрамындағы электролиттің мөлшерін біршама азайтады.
Шампунь +40
0
С-ге дейін температурада қол жетімді жұмсақ-
тығын сақтауы қажет жəне төмен температураның əсерінен кейін
қабықталуға ұшырамайды. Дайын өнімді сақтау барысында жұқа
дисперсті қоспалар седиментацияның алдын алу үшін темпера-
тураның кең диапазонында жұмсақтықтың
мейілінше тұрақты-
лығын қамтамасыз етеді. Шампуньды лайландыру температурасы,
159
əдетте +5
0
С-ден аспауы қажет. Кейбір БАЗ-ды қосу өнімнің
лайлану нүктесін біршама төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы,
линолин қышқылы типті қанықпаған май қышқылының лаурил-
сульфобетаин немесе диэтанолоамид пайдалану лайлану нүктесін -
10
0
С-ге дейін төмендетеді.
Көбік тудырушы қабілет
. БАЗ-дың көбік тудырушы қасиетінің
негізгі сипаттамасына төмендегілер жатады.
–
көбік көлемі;
– көбіктің тұрақтылығы;
– көбіктің тығыздылығы;
Көбіктің ыдыраңқылығы, тұрақсыздығы жəне натрий сульфо-
этоксилатының дермотологиялық қатқылдығы бір жұмсақ немесе
көбіктің сапасы мен тұрақтылығын жақсарту үшін бірнеше БАЗ-ды
қосымша қосуды қажет етеді. БАЗ комбинациясын қоюландыр-
ғышпен қосуда натрий дұрыс таңдау жасау (натрий сульфоэток-
силаты) көбіктің талап етілетін
тұрақтылығы мен тығыздығын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Көбіктің көлемі негізгі анионды БАЗ-дың концентрациясымен
тікелей байланысты. Көбіктің тұрақтылығы мен тығыздығы дайын
өнімнің өте маңызды сипаттамасы болады, оны шампунь рецеп-
турасын дайындауда ескеру қажет.
Тығыз ұсақ көбік кір болған құйқа мен майдың кетуін жақсар-
тады. Сонымен қатар əдемі ұсақ көбік тұтынушыға эмоционалды
қанағаттандырып, өнімнің жоғары сапалығы туралы куəлік етеді,
бұл оны қайтадан сатып алуға шешімді фактордың бірі болады.
Оңтайлы параметрге 20-30 минут ішінде көбіктің 80-90%
тұрақтылығы мен қалыңдығы 7-10г/л болуы саналады.
Көбікті жуғыш заттарды сенсорлық бағалау. Көбікті жуғыш
заттарды көп рет пайдаланған еріктілерден алынған тест нəтижесі
бойынша субъективті бағалау анықталды. Бұндай тест жүргізу
барысында бақылаудың
қорытынды парағы пайдаланылады, ол
арқылы органолептикалық сипаттамадан басқа, көптеген тұтыну-
шылық сипаттамалар бағаланады. Сенсорлық сипаттамалар ара-
сында қолданған соң құйқа мен шаш жағдайының ерекшелігін
жəне
шаюдың жеңілдігін ескерген жөн, ол шикізат компонент-
терінің қасиеті тікелей анықталады. Шампунь кірді тиімді кетіріп
қана қоймай, сонымен қатар жеңіл жуылып, жағымды əсер қал-
дыруы керек. Осы параметр бойынша құрамында бетаин, сульфот-
бетаин жəне рапс майының май қышқылдарының этоксилденген
160
моноэтаноламинді, лаурилэтоксикарбоксилаттар болғанда жоғары
бағалауға ие болады.
Көбікті жуғыш құралдардың əсерін бағалауда көңіл бөлінетін
негізгі объективті көрсеткіштерге мыналар жатады:
– көбік көлемі;
– көп ретті пайдаланымнан кейін шаштың жібектігі мен
жеңілдігі.
Достарыңызбен бөлісу: