О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет64/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
химия рус (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Шаш құрылымы, химиялық құрылымы мен қызметі. 
2. Шаштың құрылымы мен физикалық қасиетін анықтау əдістері. 
3. Шаш жəне бастың шашты бөлігінің ауруы. 
4. Шаш емдеу əдістері.
5. Көбікпен жуылатын косметикалық құралдар құрамына қосылатын ПАВ- 
ты топтастыру. 
6. Анионды, катионды, бейионогенді жəне амфотерлі БАЗ-дың қасиеті.
7. Анионды БАЗ номенклатурасы. БАЗ-дың жағымды жəне теріс əсері 
8. Эмульсиялы 
дисперстік жүйені дайындауға арналған негізгі 
технологиялық тəсілдер. 
9. Гельді дисперстік жүйені дайындауға арналған негізгі технологиялық 
тəсілдер. 
10. Сұйық дисперстік жүйелерді дайындауға арналған негізгі технологиялық 
тəсілдер. 


164 
XI 
тарау 
 
КОСМЕТИКАЛЫҚ САБЫНДАР 
 
Сабын – синтетикалық жəне/немесе табиғи май қышқылдары 
тұздарының негізіндегі тазалаушы косметикалық зат. 
Кең мағынада сабын деп жоғары майлы, шайырлы немесе 
нафтендік қышқылдардың əртүрлі тұздарын айтады. Сабындар 
табиғи майлар немесе оған ұқсас синтетикалық заттардың натрий 
немесе калий сілтілері бар күрделі өнім болып табылады.
Сабынның косметикалық əсері тазалаушы, жұмсартушы, ыл-
ғалдандырушы, ароматтаушы жəне дезодирлеуші əрекетінен көрі-
неді. Сабынның жіктелуі оның пайдалану мақсатына, тері түріне, 
шығарылу нысанына жəне сабын жасаудың технологиялық проце-
сінің ерекшелігіне байланысты анықталады. 
11.1. Сабындардың жіктелуі 
Сабынды пайдалану мақсатына байланысты оны үш негізгі 
топқа бөлуге болады: 
1) маталарды жəне əртүрлі заттарды жууға арналған кір 
сабындар; 
2) дене жəне шаш күтіміне арналған иіс сабындар; 
3) өндірістік жəне арнайы сабындар. 
Сабындардың барлық түрі шығарылу нысанына байланысты 
қатты, крем тəріздес, гель тəріздес, сұйық жəне ұнтақ түрінде 
болуы мүмкін. 
Əрбір топтағы сабындар май қышқылдарының болуымен 
ерекшеленеді. Мысалы, кір сабындар құрамында май қышқылдары 
40-тан 72%-ға дейін шығарылуы мүмкін. Қазіргі уақытта отандық 
өндірушілер негізінен 67-72 % май қышқылы бар қатты кір сабын-
дарды шығарады. Қатты иіс сабындардың 73-80 % жəне арнайы 
сабындардың құрамында 40-85 % май қышқылдары бар. 
Кір сабындарды бұрын толықтырғыштармен шығаратын, мы-
салы, каолині бар сазбен. Қазіргі уақытта толықтырғыштар қосыл-
майды. 
Ұнтақ сабындардың екі түрі болады: 


165 
1) 15-30 %, əдетте 25% май қышқылдары бар кір жууға 
арналған ұнтақтар; 
2) 50-85 % май қышқылдары бар сабынды ұнтақтар. 
Тері жəне шаш күтіміне арналған иіс сабындар пайдалану мақ-
саты жəне косметикалық əсеріне байланысты келесідей жіктеледі: 
а) гигиеналық сабын – дене жəне теріні жуу жəне күтуге 
пайдаланылатын, көпірік шығаратын жəне тазалаушы заттары бар 
косметикалық зат; 
б) жұпар иісті сабын – теріні хош иістендіру үшін пайдала-
нылатын иіс сабын. Құрамында иіссудың жоғары көлемі бар. Егер 
де иіс сабындардың құрамындағы иіссудың көлемі шамамен 1 % 
болса, бұл сабынның түрлерінде 1,5-2 % болады; 
в) балаларға арналған сабын арнайы сұрыптамалық топты 
құрайды. Оның сорттары жоғары сапалы шикізаттан, құрамына 
иіссу мен бояғыштар қоспай жасалынады. Нəзік бала терісін 
тітіркенуден қорғау жəне антисептикалық əсер үшін 1% ланолин 
жəне 1 %-ға дейін бор қышқылын қосады; 
г) емдеу-профилактикалық сабын – негізгі косметикалық қыз-
меттерінен басқа, бактерицидтік, дезодирлеуші əсер етеді, теріні 
жұмсартады, қорғайды жəне ылғалдандырады. 
Мақсаты бойынша сабынның құрамына арнайы қосымшалар 
енуі мүмкін: фенол, бор қышқылы, тимол, хна, ақ қайың қарамайы, 
сонымен қатар глицерин, ланолин, вазелин майы, лецитин, 
спермацеттік қосылыс, сульсендік паста жəне т.б. 
Иіс сабындардың арасында дезинфекциялық заттары бар ме-
дициналық сабындар жəне құрамында балауыз, спирт, т.б. қосым-
шалары бар арнайы сабындар бар. Оларға бактерицидтік əсері бар 
бор жəне бор-тимолдық сабындар жатады. Қайызғақтың пайда 
болуының алдын алу мақсатында бас жууға арналған қарамайлы 
сабынның құрамында 0,1 % бор қышқылы, 0,5 % тимол, 5%-ға 
дейін айдаған қарамай болады. Сульсендік сабын сулсень паста-
сына (күкіртті селен) ие жəне шашты беріктендіру, қайызғақтың 
алдын алу, бас терісінің қышуының басу үшін қолданылады. Кас-
тильдік сабын – құрғақ теріге арналған жұмсартушылық қасиет-
терге ие зəйтүн майын пайдаланып жасалатын сабынның арнайы 
түрі. Жасыл сабын – жоғары дезинфекциялаушы əсерге ие, өсімдік 
майларын сабындау жолымен алынатын жасыл немесе қошқыл 


166 
қоңыр қойыртпақ зат. Сұйық иіс сабын хош иістендірілген калий-
лік сабынның мөлдір сулы спиртті ерітіндісі. Спирт тұтқырлықты 
төмендеу, мөлдірлікті қамтамасыз ету, қату температурасын тө-
мендету үшін қолданылады. Қатты иіс сабын (кесек сабын) денені 
тазалау жəне гигиеналық күтімге арналған. Жоғары көбік түзгіштік 
қабілеттілігі, ыстық жəне суық суда жақсы еритін қасиеттерге, хош 
иіске ие. Қатты иіс сабынды дайындау үшін жоғары сапалы шикі-
зат қолданылады, ол сабынның тұтынушылық қасиеттерін жақсар-
тады. Иіс сабындардың майлық қоспасы жануар майынан, тазар-
тылған өсімдік майынан, кокос майынан, ашық канифолдан тұра-
ды. Кокос майының көлемі иіс сабынның сорттылық деңгейін 
анықтайды: 1 топ сабындары – 15 %, 2 топ сабындары – 10-12 %,
3 топ майлары – 10 %-ға дейін. 
Иіс сабындар түсінің, иісінің жəне өңделуінің əр түрлігімен 
ерекшеленеді. Ақ, боялмаған немесе түрлі түсті, əртүрлі ашық 
түстерге боялған сабындар болады. Əдетте иіс сабындар хошиіс-
тендіріледі. 
Ерекше топқа косметикалық сабындар жатады, яғни сабынды 
крем, сабынды ұнтақ, қырынуға арналған сабынды таяқша жəне 
т.б.
Өнеркəсіптік сабындар арасында арнайы мақсаттарға қолда-
нылатын жерсілтілік жəне ауыр металдардың – кальций, магний, 
мырыш, алюминий, қорғасын, кобальт, марганец жəне т.б. сабын-
дары ерекше орынды алады. Бұл сабындар тоқыма өнеркəсібінде 
матаны ылғалдандыру, пластикалық қойыртпақ заттарды жəне 
резина-техникалық заттарды шығару, фармацевтикалық жəне кос-
метикалық препараттарды шығару үшін қолданылады. 
Өндіру əдісі бойынша ыстық, жартылай ыстық жəне суық 
қорыту сабындары болып бөлінеді. Қазіргі уақытта ең көп қолда-
нылатыны – ыстық əдіс.
Өңдеу əдісі бойынша қатты сабындар қарапайым жəне пилир-
ленген болып бөлінеді. Соңғысы жоғары тұтынушылық қасиет-
терге ие, сондықтан да оларды шығару соңғы кезде өсіп келеді. 
Кір сабындар 400 жəне 250 г салмақта шығарылады, ал иіс 
сабындар – бір кесекте 10-200 г болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет