149
фобты бөліміне ыңғайлана отырып ауысады. Сонымен қатар БАЗ
молекулалары липидті қабатта гидрофильді болатындай бірге шо-
ғырланады, яғни сумен бөлімге өтуге бейім болады. БАЗ-дың
сыртқы қабатқа алғаш əсер етуіне липидті мембрананың гидрата-
циясы жатады, яғни терінің
бетіне сіңген су құйқаға өтіп, БАЗ
молекулалары жасаған гдрофильді бөлімге өтеді. Құйқа арқылы
судың өту дəрежесінің жоғарылауына БАЗ-дың зақымдаушы
əсерін бағалау тəсілдерінің бірі жатады жəне ол өзге факторлардың
зақымдаушы əсерінен ерекшеленеді.
Бірақ бұндай жағдайда су
жеңіл құйқа сыртынан да, іштей де, дерма жағынан да енеді. Сон-
дықтан құйқаның қабаты гидратациялау липидті құрылымның
жекелей зақымдануымен қатар жүреді жəне эпидермистің су
тасушы қабілетінің төмендеуіне себеп болады, осыған байланысты
терінің құрғауына əкеледі.
БАЗ ерітінділерінде май бөлшектерінің солюбилизациялануы.
Гидрофильденген май бөлшектері БАЗ-да солюбилизденеді.
«Солюбилизация» термині гидрофобты
немесе гидрофильді зат-
тың тұрақты ерітіндісінде ерімейтін БАЗ ерітіндісіне сəйкес келе-
тін тұрақты ерітінді болып табылады.
Солюбилизациялық бөлшектердің көбік көлеміне өтуі оның
сумен немесе өзге косметикалық құралдар көмегімен кетуін
жеңілдетеді.
Көбік
– бұл дисперстік жүйе, дисперстік фазасы – газ, ал дис-
перстік ортасы – сұйық түзуші зат. Көбіктің пайда болу механизмі
төмендегідей: ауа көпіршіктері БАЗ ерітіндісіне түскенде
көбік-
шеде БАЗ-дың адсорбциялық қабаттары түзіледі. Көпіршік көбей-
генде БАЗ-дың фазааралық беті – ауаны екі қабатпен жабады,
осының нəтижесінде көбік түзіледі. Көбік – термодинамикалық
тұрғыдан тұрақсыз жүйе, өйткені фазааралық бет түзілуінің өсуіне
əсер етеді. Уақыт өте келе көпіршік қалыңдайды, ауырлық күштің
əсерінен сұйықтың ағуына, көпіршіктен
газ диффузиясы өтеді,
осының салдарынан көбік бұзылады. Көбіктің тұрақтылығына
көбіктің бойына сұйықтықты сақтау қасиеті жатады. Əртүрлі БАЗ
əртүрлі көбік тудырушы белсенділікке ие, бұл оның көбікті жуғыш
косметикалық құралдарда əрекетті заттар ретінде пайдаланылуын
анықтайды.
Көбікті жуғыш заттардың жекелей алғанда, шампуньның құра-
мын дайындауда БАЗ-дың оңтайлы қасиеттерін ескерген дұрыс:
150
– микро жəне макроэмульсияны тұрақтандыру мүмкіндігі.
Амфифильді заттар ретінде БАЗ крем тəрізді көбікті құралдардың
негізіне жататын «май-су» (м/с) жəне «су-май» (с/м) түріндегі
эмульсияны тұрақтандырғыш ретінде қолданылады.
– терінің өткізгіштігін арттыруға
қабілетті биологиялық бел-
сенді заттардың (ББЗ) өткізгіштігіне əсер ету жəне косметикалық
əсерге қол жеткізу жылдамдығын арттыру (осындай БАЗ қасиет-
теріне байланысты оны энхансер қатарына жатқызады). Энхансер
ретінде беттік активті
заттар (БАЗ) липидті құрылымды бөлшектеп
бұзу қабілетіне бола қолданылады жəне
құйқаға өтуді жылдам-
датады. ББЗ-дың құйқа арқылы енуіне ықпал етеді;
– жоғары функционалды қасиетінің арқасында көбікті жуғыш
əсерімен қамтамасыз ету (көбік тудырғыш қабілеті, көбіктің тұрақ-
тылығы, көбіктің еселігі, көбіктің өмір сүру уақыты жəне т.с.с.);
– майсыздандырғыш, кондицирлеуші жəне бактерицидті əсер-
дің пайда болуы.
Бірақ номенклатура мен БАЗ кешенінің консентрациясын
таңдау барысында оларды пайдаланудың қосымша əсерін ескерген
дұрыс:
– құйқаның липидті құрылымының бұзылуы салдарынан тітір-
кендіргіш əсердің пайда болу мүмкіндігі, терінің кедергі жасау
қызметінің əлсіреуі;
– кейбір катионды БАЗ-дың цитотоксикалық əсерінің болуы;
– жоғары концентрациялы
анионды БАЗ-ды пайдаланудан
туындаған байланыстың дерматиттің дамуы;
– кумулятивтік əсердің пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: