О. Т. Шанаев микропроцессорлық ЖҮйелер


Микроконтроллердің құрылым принциптері



бет3/13
Дата15.04.2024
өлшемі0.8 Mb.
#498742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Микропр

3.2 Микроконтроллердің құрылым принциптері
Қазіргі заманғы 8-разрядты микроконтроллерлердің құрылым ерекшеліктері бар, олардың негізгілері:
 модулдік ұйымдастырылым – микроконтроллерлер жеке процессорлық өзек (орталық процессор) негізінде, бағдарлама жадысының көлемі мен түрі, дерек жадысының көлемі, перифериялық модулдерінің жинамы жағынан және сәйкестіру жиілігіне қарай айырмашылықтарымен ажыратылатын алуан түрлі микроконтроллер жинамдары түрінде құрылады;
 жабық архитектуралы құралым – микроконтроллер шықпаларының ішінде адрес және дерек жолдары болмайды, яғни оның дерек өңдеуі ішкі буындарымен толықтай бітірілетіндей етіп құрылады да, оған сыртқы құрылғыларды қосылу мүмкіншілігі ескерілмейді;
 қалыпты перифериялық қызмет модулдерін (таймерлер, оқиға процессорлары, тізбекті интерфейс контроллерлері, аналогты-цифрлы түрлендіргіштер және т.б.) пайдалану – әртүрлі шығарушылардың жұмыс алгоритмдерінде аздаған ерекшеліктері болатын микроконтроллерлерінің ауыстырылу, ұштастырылу мүмкіншіліктерін ұлғайтады;
 микроконтроллердің жұмыс бастамасында арнайы қызмет регистрлері арқылы қойылатын, перифериялық модулдерінің жұмыс режимдерін кеңейту – олармен жұмыс ыңғайлылығын асыра түседі.
Модулдік құрылым принципінде жеке жинамдағы барлық микроконтроллер өзгертілмейтін бір процессорлық өзек негізінде құрылады, жинам микроконтроллерлерінің жеке түрлерінің ерекшеліктері оның өзгертілімді қызмет блогында ғана болады. Модульді микроконтроллердің құрылымы 3.1-суретте келтірілген.

3.1 Сурет
Микроконтроллердің процессорлық өзегінің құрамындағы модулдер:
 орталық процессор;
 микроконтроллердің ішкі магистралі (МКІМ), оның құрамына адрес, дерек және басқару желілері кіреді;
 микроконтроллердің сәйкестіру схемасы;
 микроконтроллердің басқару схемасы.
Микроконтроллердің өзгермелі блогының құрамына кіретін модулдер:
 бағдарлама жадысы (БЖ);
 деректер жадысы (ДЖ);
 енгізу/шығару порттары;
 таймер;
 тактілік генератор (ТГ).
Үзіліс өңдеу модулдері қарапайым микроконтроллерлерде оның процессорлық өзегінің құрамына кіреді, ал күрделірек микроконтроллер-лерде ол мүмкіншілігі ұлғайтылған жеке модуль түрінде қосылады. Микроконтроллердің өзгермелі блогының құрамына кернеу компараторы, аналогты-цифрлы түрлендіргіштер және т.б. косымша модулдер кіруі мүмкін. Әрбір модуль микроконтроллердің ішкі магистралінің хаттамасына сәйкестіріліп құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет