3 Микроконтроллерлер
Микроконтроллер (МК) – техникалық құрылғылар мен технологиялық процестердің басқарылу алгоритмдерін жүзеге асыруға бағытталған, құрамына микропроцессорлық жүйенің құрама буындарының (микропроцессор, интерфейстер, таймерлер, АЦТ, ЦАТ және т.б.) барлығы (немесе, көпшілігі) жинама технологиялық тәсілдермен енгізілген, арнайы жеке микросхема түрінде шығарылған, ерекше түрі.
Микропроцессорлық жүйелердің аса дамытылған түрлерінің (мысалы, компьютерлердің) әмбебаптылығын қамтамасыз ету мақсатында, олардың құрамына аса үлкен көлемді және тезәрекетті жады модулдері мен оның түр-түрлі сыртқы құрылғылармен байланысын қамтамасыз ету қызметін атқаратын, интерфейстік құрылғылар кіргізіледі.
Микроконтроллерлер алдын ала белгілі, күрделілігі жағынан қарапайым алгоритмдерді жүзеге асырады, демек, олардың жұмыс бағдарламалары мен өңделуші деректерді орналастыруға кішігірім көлемді жады модулдері жеткілікті. Олардың байланысатын сыртқы құрылғылары-ның түрі де онша көп болмайды. Сондықтан, микропроцессорлық жүйелердің жеке буындарының құзметін атқаратын құрылымдардың микроконтроллерлердің құрамына жинама технологиялық тәсілдермен енгізіліп, олардың жеке кристалл түрінде жасалуына мүмкіндік туады.
3.1 Микроконтроллерлердің түрлері
Қазіргі заманда, құрамына параллель және тізбекті ешгізу/шығару порттары, таймерлер, аналогты-цифрлы и цифрлы-аналогты түрлендіргіштер, енді-импульстік модуляторлар және т.б. құрылғылардың интерфейстік және перифериялық схемалары енгізілген және сиымдылығы ондаған Кбайт бағдарлама жадысы мен кішігірім көлемді дерек жадысы орналастырылған, 8-, 16- және 32-разрядты микроконтроллерлер шығарылады.
16- және 32-разрядты микроконтроллерлердің шығарылуына қарамас-тан, 8-разрядты микроконтроллерлер өз маңыздылығын әзірге жойған жоқ. Бұны микроконтроллерлердің негізгі қолданылым аймағындағы жұмыстарында, яғни технологиялық процестерді, тұрмыс техникаларының жұмысын басқару алгоритмдерінде, процессордың разряд санына тәуелсіз, логикалық операциялардың басым келуімен түсінуге болады.
8-разрядты микроконтроллердің кең таралуына оларды шығаратын Motorola, Microchip, Intel, Zilog, Atmel және т.б. белгілі фирмалардың бұйымдарының түрлерінің кеңейтіле түсуі де әсер етеді.
Олардың ішіндегі аса кең таралғаны – Intel фирмасының шығаратын 8-разрядты MCS-51/151/251 мен 16-разрядты MCS-96/196/296 микроконтроллерлерінің жинамы және олардың қызметтік тәріздемесі саналатын, Atmel фирмасының флэш-жадылы АТ89 микроконтроллерлерінің жинамы. Қазіргі заманда микроконтроллерлердің қолданылым аймағының жартысына жуығын тап солар алып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |