О. Т. Шанаев микропроцессорлық ЖҮйелер


Микроконтроллердің сәйкестіру схемасы



бет5/13
Дата15.04.2024
өлшемі0.8 Mb.
#498742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Микропр

3.2.1.2 Микроконтроллердің сәйкестіру схемасы
Микроконтроллердің сәйкестіру схемасы орталық процессордың команда циклдарын орындауға және ішкі магистраль арқылы дерек алмасуға қажетті сәйкестіру сигналдарының қалыптастырылуын қамтамасыз етеді. Орталық процессордың құрылымына байланысты команда циклі бірден 4...6 сәйкестіру тактісіне дейінгі уақыт алады. Сәйкестіру схемасы микроконтроллер таймерлерінің жұмысына қажетті уақыт белгілерін де қалыптастырады. Сәйкестіру схемасының құрамына, сәйкестіру сигналдарының қажетті тізбелерін қалыптастырушы, жиілік бөлгіштері кіреді.
3.2.2. Микроконтроллердің жады жүйесі
Микроконтроллерде үш түрлі жады пайдаланылады. Бағдарлама жадысы – бағдарлама коды (командалар) мен тұрақтыларды (константаларды) сақтауға арналған тұрақты жады. Оның құрамы бағдарлама жұмысының барысында өзгермейді. Дерек жадысы – бағдарламаның орындалу барысында деректерді сақтауға арналған өзгермелі қызмет жадысы. Микроконтроллер регистрлері – микроконтроллердің құрамындағы регистрлер мен перифериялық құрылғыларды басқаруға арналған регистрлер (арнайы қызмет регистрлері).
3.2.2.1 Бағдарлама жадысы
Бағдарлама жадысының негізгі қасиеті – оның энергияға тәуелсіздігі, яғни бағдарламаның қорек көзінің ажыратылған жағдайында да сақталуы. Пайдаланушы тұрғысынан қарастырғанда, бағдарлама жадысының бірнеше түрлері ажыратылады, олар:
 ROM(M) түріндегі жады жинам технологиясымен өндірісте шығарылу кезінде арнайы жасырмалар арқылы бағдарланады да, одан кейін ондағы информация ешқашан өзгертілмейді. Бұндай жады ондағы информацияның сенімді сақталуын қамтамасыз етеді, бірақ пайдаланушының, қажетті жағдайда, оларды өзгертуге мүмкіншілігі болмайды. Сондықтан, олар аса кең пайдаланылатын микроконтроллерлерде ғана қолданылады;
 PROM (Programmable ROM) түріндегі жадыны пайдаланушының өзі бағдарлайды (яғни, оған қажетті информацияны енгізеді), одан кейін бұл құрылым ROM(M) сияқты тұрақты жады ретінде пайдаланылады;
 EPROM (Electrically Programmable ROM) түріндегі жадыдағы информацияны ультракүлгін сәулесімен өшіріп, одан кейін оларды қайтадан электрлік тәсілмен бағдарлауға болады. Информацияның өшірілуін қамтамасыз ететін ультракүлгін сәуленің өткізілуі үшін, бұндай жады енгізілген микроконтроллерлерде кварцтан жасалған арнайы терезе орналастырылады, ал бұл – қымбатқа түсетін нәрсе. Сондықтан, бұндай жадылы микроконтроллерлер қазіргі заманда сирек шығарылады;
 OTPROM (One-Time Programmable ROM) – бір рет бағдарламалы, EPROM түріндегі жадының терезесіз шығарылған түрі. Бұндай жады соңғы кезде көбіне ROM(M) түріндегі жадының орнына пайдаланылады.
 EEPROM (Electrically Erasable Programmable ROM) түріндегі жадыны бірнеше рет толықтай электрлік тәсілмен қайтадан бағдарлауға болады. Бұндай жадының қолданылуы микроконтроллерлерді орналастырылған орнынан алмай, бағдарлауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл микроконтроллер бағдарламасын байт (ұяшықтары) бойынша өшіріп/жазып, реттеуге және жетілдіруге аса ыңғайлы келеді. Айтылған артықшылықтарына қарамай, бұндай жады микроконтроллерлердің бағдарламасын сақтауға сирек пайдаланылады. Бұның себептері: біріншіден, EEPROM жадының көлемі шектелген. Екіншіден, EEPROM түрлі жадымен қатар, қазіргі заманда көптеген параметрлері жоғарырақ, Flash-ROM түрлі жады шығарыла басталды;
Flash-ROM – қызметі жағынан EEPROM жадысына ұқсас келеді, негізгі айырмашылығы – информацияның өшірілу тәсілінде. EEPROM жадысында әрбір ұяшықтағы информацияны жеке өшіруге болады, ал Flash-жадыда информация тұтас блоктармен ғана өшіріледі, яғни Flash-жадының жеке ұяшығындағы информацияны өзгерту үшін, ол тұрған блокты түгелдей қайта бағдарлау керек болады. Flash-ROM жадыларының ажырату схемаларының жетілдірілуі нәтижесінде, олар қолданылымы жағынан OTPROM жадыларымен, тіпті ROM(M) жадыларымен де таласатындай жағдайға жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет