О. Т. Шанаев микропроцессорлық ЖҮйелер


Микроконтроллердің сыртқы құрылғылармен байланысы



бет8/13
Дата15.04.2024
өлшемі0.8 Mb.
#498742
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Микропр

3.2.3. Микроконтроллердің сыртқы құрылғылармен байланысы
Микроконтроллердің перифериялық құрылғылармен байланысы оның құрамындағы енгізу/шығару порттары, таймерлер мен оқиға процессорлары және үзілістер модулі арқылы ұйымдастырылады.
3.2.3.1. Енгізу/шығару порттары
Кез келген микроконтроллердің, көпразрядты (көбіне 8-разрядты) параллель енгізу/шығару порттарына біріктірілген, бірнеше енгізу/шығару жолдары болады. Микроконтроллер жадысында әрбір енгізу/шығару портына жеке дерек регистрінің адресі сәйкес келеді. Порттың енгізу/шығару портының дерек регистріне байланысу дерек жадысына байланыс командасымен жүзеге асырылады. Бұнымен қатар, көптеген микроконтроллердің порттарының жеке разрядтарын тексеруге немесе оларды биттік процессор командаларымен бірге қоюға болады.
Атқарылатын қызметтеріне байланысты параллель порттардың келесі түрлері ажыратылады:
 тек қана информация енгізуге немесе шығаруға арналған бірбағытты порттар;
 жіберілім бағыты (енгізу немесе шығару) микроконтроллер жұмысының басталымында қойылатын, екібағытты порттар;
 әртүрлі қызметті порттар (кезектелімді порттар). Бұл порттардың жеке жолдары микроконтроллердің құрамына енгізілген перифериялық құрылғыларымен (таймерлер, АЦТ, тізбекті интерфейс контроллерлері сияқты) бірге пайдаланылады;
 кіріс/шығыс буферлерінің схемақұралысы бағдарламалы басқарылатын порттар.
Порттар микроконтроллер мен (жалпы жағдайда асинхронды істейтін) басқарылым объектілерінің қызметін уақыт бойынша келістіруші құрылғылар ретінде қызмет атқарады. Микроконтроллер мен сыртқы құрылғылар арасында параллель енгізу/шығару порттары арқылы информация алмастыру алгоритмдерінің үш түрі ажыратылады:
 бағдарламалы енгізу/шығару режимі;
 жауаптамалы енгізу/шығару режимі;
 толықтай құптамалы енгізу/шығару режимі.
Қазіргі заманғы микроконтроллерлерде, әдетте, дерек және басқару триггерлеріне жеке байланыс қамтамасыз етілген, бұл әрбір жолды бір-біріне тәуелсіз енгізу немесе шығару режимінде пайдалануға мүмкіндік береді. Микроконтроллердің екібағытты енгізу/шығару портының жұмыс тәртібін оның 3.4-суретте келтірілген жеке бір жолының қалыпты схемасынан түсінуге болады.

3.4 Сурет
Басқару триггері деректің сыртқы шықпаға жіберілуіне рұқсат береді. Дерек енгізілуі кезінде дерек триггеріндегі емес, сыртқы шықпадағы сигнал мәні оқылатынына ерекше көңіл бөлу керек. Сыртқы шықпаға басқа құрылғылардың шығыстары қосылған жағдайда, олар онда өздерінің шығыс сигналдарының деңгейін қояды да, күтілген дерек триггерінің мәнінің орнына тап сол деңгей оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет