О. Т. Шанаев микропроцессорлық ЖҮйелер



бет6/13
Дата15.04.2024
өлшемі0.8 Mb.
#498742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Микропр

3.2.2.2 Дерек жадысы
Микроконтроллердің дерек жадысы, әдетте, статикалық жады негізінде құрылады, яғни ондағы информация қорек көзінің ажыратылған жағдайында жойылып кетеді. Көптеген микроконтроллердің “қорек кернеуінің төменгі шегі” (UDDMIN) және “информацияның сақталу кернеуі” (USTANDBY) деп аталатын параметрлері болады. Қорек көзінің кернеуінің UDDMIN деңгейінен төмендеп, бірақ USTANDBY деңгейінен жоғары кезінде микроконтроллер бағдарламасының жұмысы тоқтатылады, бірақ дерек жадысындағы информация сақталады. Кернеудің қайта қалпына келтірілген жағдайында микроконтроллерді тазартып, бағдарламаның орындалуын жалғастыруға болады. Сақталу кернеуінің мәні, әдетте, 1 В шамасында, демек, қажетті жағдайда микроконтроллерді қосалқы қорек көзінен қоректенуге ауыстырып, бұл режимде деректерді сақтауға мүмкіндік болады.
Микроконтроллердің дерек жадысы онша үлкен болмайды, оның көлемі, әдетте, ондаған және жүздеген байт құрады. Оны микроконтроллердің бағдарламасын құру кезінде ескеру керек. Мысалы, микроконтроллерді бағдарлау кезінде тұрақты шамаларды, мүмкіндігінше, айнымалы түрінде сақтамай, бағдарлама жадысына енгізген дұрыс болады. Микроконтроллерлердің қолданым бағдарламаларында дерек массивтерін пайдаланбауға тырысу керек.
3.2.2.3 Микроконтроллер регистрлері
Микроконтроллер құрамында, оның жұмыс мүмкіншіліктерінің жүзеге асырылуын басқаруға пайдалынылатын регистрлер жинамы болады. Оларға, әдетте, процессордың ішкі регистрлері (аккумулятор, ахуал регистрі, индекстік регистрлер), басқару регистрлері (үзілістерді, таймерді басқару регистрлері), деректердің енгізілу/шығарылуын қамтамасыз етуші регистрлер (порттардың дерек регистрлері, параллель, тізбекті немесе аналогты енгізу/шығаруды басқару регистрлері) жатады. Бұл регистрлерге байланыс әртүрлі тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
RISC-процессорлы микроконтроллердің барлық регистрі (көбіне, аккумулятор да) нақтылы берілген адреспен орналастырылады. Бұл процессордың жұмыс икемділігін көтере түседі.
Кейбір микроконтроллерлердің регистрлері мен дерек жадысы бір адрестік кеңістікте орналастырылады. Өзге микроконтроллерде енгізу/шығару құрылғыларының адрестік кеңістігі жалпы жады кеңістігінен бөлінген. Жеке енгізу/шығару кеңістігі Гарвард архитектурасымен құрылған процессорларға енгізу/шығару регистріне байланыс кезінде жадыдан команданы оқуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет