Оңалту және банкроттық туралы 1-бап



бет28/35
Дата11.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#473513
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
onaltu zhane bankrottyk turaly

112-6-бап. Бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту және оның салдарлары

1. Соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тартуы үшін:

1) борышкердің және (немесе) үшінші тұлғалардың бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешекті өтеу міндеттерін орындамауы;

2) осы Заңда белгіленген бітімгершілік келісімді жасасу тәртібін бұзуы;

3) банкроттық рәсіміне қатысушылардың және (немесе) үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;

4) бітімгершілік келісім шарттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келуі негіз болып табылады.

2. Сот бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады, оған Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға (наразылық келтіруге) болады.

3. Сот бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда бітімгершілік келісім жасалмаған болып саналады.

4. Соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығаруы жаңа бітімгершілік келісімді жасасуға кедергі болмайды.
112-7-бап. Бітімгершілік келісімді бұзу және оның салдарлары

1. Жекелеген кредиторлар мен борышкер арасындағы сот бекіткен бітімгершілік келісімді бұзуға жол берілмейді.

2. Өтініш берілген күні кредиторлар талаптарының тізіліміне кірген талаптардың жалпы сомасынан жиырма бес пайыздан кем емес талаптарды иеленетін кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша, сондай-ақ осындай кредиторларға қатысты борышкер және (немесе) үшінші тұлғалар бітімгершілік келісім шарттарын орындамаған жағдайда бітімгершілік келісім барлық кредиторларға қатысты сот шешімі бойынша бұзылуы мүмкін.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған кредитордың (кредиторлардың) өтінішіне мұндай кредитор (кредиторлар) мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған уақытша басқарушының өкілеттігін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.

3. Бітімгершілік келісімді бұзу туралы өтінішті оны бекіткен сот қарайды.

4. Бітімгершілік келісімді бұзу туралы өтініш бойынша істі сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.

Ескерту. 112-7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет