Оңалту және банкроттық туралы 1-бап



бет27/35
Дата11.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#473513
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
onaltu zhane bankrottyk turaly

112-4-бап. Бітімгершілік келісімді соттың бекітуі

1. Бітімгершілік келісімді бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешек өтелгеннен кейін ғана соттың бекітуі мүмкін. 

2. Банкроттықты басқарушы бітімгершілік келісім жасасу туралы кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сотқа бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтініш беруге міндетті. 

3. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішке: 

1) осы Заңның 112-2-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар қол қойған бітімгершілік келісім

2) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді қабылдаған кредиторлар жиналысының хаттамасы

3) кредиторлардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, сондай-ақ берешек сомасы көрсетілген кредиторлар тізімі;

4) бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешектің өтелуін растайтын құжаттар

5) бітімгершілік келісімді жасасуға қарсы дауыс берген кредиторлардың жазбаша қарсылықтары қоса беріледі. 

4. Бітімгершілік келісім жасасқан және сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны жөнінде тиісті түрде хабардар етілген адамдар сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер осы адамдардан бітімгершілік келісімді бекіту мәселесін олардың қатысуынсыз қарастыру туралы өтініш түспесе, сот бұл мәселені қарамайды. 

5. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымына Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға (наразылық білдіруге) болады. 

6. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күшін жою банкроттық рәсімін қозғау үшін негіз болып табылады.



112-5-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту салдарлары

1. Бітімгершілік келісімді бекіту банкроттық рәсімін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы шешім одан әрі орындауға жатпайды.

2. Банкроттықты басқарушының өкілеттігі бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

3. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап:

1) бітімгершілік келісімнің шарттарына сәйкес борышкер және (немесе) үшінші тұлғалар кредиторлар алдындағы берешекті өтеуге кіріседі;

2) осы Заңның 87-бабына сәйкес борышкерге қолданылған салдарлардың күші тоқтатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет