Оңалту және банкроттық туралы 1-бап



бет29/35
Дата11.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#473513
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
onaltu zhane bankrottyk turaly

112-8-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күші жойылғаннан немесе бітімгершілік келісім бұзылғаннан кейін банкроттық рәсімін қолдану

1. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымы негізінде тоқтатылған банкроттық рәсімі:

1) соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымының күші жойылған;

2) сот бітімгершілік келісімді бұзу туралы шешім шығарған жағдайларда қозғауға жатады.

2. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы немесе бітімгершілік келісімді бұзу туралы ұйғарымының күшін жою туралы шешім қабылдаған сот сот актісінде банкроттық рәсімін қозғау туралы көрсетуге міндетті.

3. Банкроттық рәсімі осы Заңның 6-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Уақытша басқарушы банкроттық рәсімін қозғау туралы сот актісі шығарылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізуге міндетті.

Ескерту. 112-8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


112-9-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күшін жоюдың немесе бітімгершілік келісімді бұзудың салдарлары

1. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күшін жою немесе бітімгершілік келісімді бұзу бірінші кезектегі кредиторлардың берешекті өтеу есебінен өздерінің алғанын банкротқа қайтару міндетіне әкеп соқпайды.

2. Бітімгершілік келісім шарттарында есеп айырысу жүргізілген кредиторлардың талаптары өтелген болып есептеледі.

3. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күші жойылған немесе бітімгершілік келісім бұзылған және банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайда өздеріне қатысты бітімгершілік келісім жасалған кредиторлар талаптарының көлемі бітімгершілік келісімде белгіленген шарттар ескеріле отырып айқындалады.


7-тарау. БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІН ҚОЗҒАМАЙ БОРЫШКЕРДІ ТАРАТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ескерту. 7-тарау жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет