Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін Өндіру технологиясы



жүктеу 2.25 Mb.
бет4/12
Дата09.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2 - тапсырма. Микроскоп көмегімен жіңішке жүннің 100 кесіндісінің қалыңдығын анықтау. Алынған мәліметтерді варияциялық статистика әдісімен өндеу (5.22 - кесте).

Нәтижелерді өндеу. Алынған жеке талшықтар қалыңдықтар мәндерін класстар бойынша бөледі. Класстар мәндерін окуляр – микрометр шкаласы бөліктерінде көрсетеді. Класстар арасындағы интервал шкаланың бір бөлігіне тең.

Варияциялық статистика әдісімен өндегенде келесілер анықталады:

М – жүннің орташа арифметикалық қалыңдығы

М = (А+S1 ). K

S2

δ – орташа шаршы қатынас

δ = ±√2. S3 - S2 . (S2 + 1) . K;

S1 S1 S1



5.22 - кесте – Жүн жіңішкелігін өлшеудің нәтижелері

Окулярмикрометрдің бөлімдеріндегі жіңішкелік классы (тобы)

Жағдайлар санының белгіленуі

Класстағы (топтағы) өлшенген талшықтар саны

Көмекші көлемдер

Есептеу үшін

S1

S2

S3

3,1 – 4,0
















4,1 – 5,0
















5,1 – 6,0
















6,1 – 7,0
















7,1 – 8,0
















8,1 – 9,0
















9,1 – 10,0
















10,1 – 11,0
















11,1 – 12,0
















12,1 – 13,0
















13,1 – 14,0
















14,1 – 15,0
















15,1 – 16,0
















16,1 – 17,0
















17,1 – 18,0
















18,1 – 19,0
















19,1 – 20,0
















20,1 – 21,0




Σ=

Σ=

Σ=




m – орташа арифметикалық қате

m=±δ ;

√n

С – варияция коэффициенті



Сv= δ . 100 ,

М

Мұндағы А – айтарлықтай жіңішке талшықтарының окуляр – микрометр бөліктеріндегі класстар шекараларының жартылай жиынтығы минус, окуляр – микрометр бөліктеріндегі класстық аралық;



S1 – барлық класстардың өлшенген талшықтарының жиынтығы;

S2, S3 – қосалқы шама жиынтығы;

К – «баға» окуляр – микрометр бөліктері (аударма коэффициент), мкм;

n - өлшенген кескінднр саны.



Жұмыс үшін қажет заттар: 1) микроскоп; 2) окулярлы - микрометр; 3) объективті микрометр; 4) заттық шынылар; 5) жабын шынылар; 6) препаратты инелер; 7) қайшы; 8) глицерин; 9) жуылған жүн үлгілері.

3 – тапсырма. Алынған мәліметтерге негізделе отырып жүннің варияциялық қисық қалыңдығын құру (5.23 - кесте).
5.23 - кесте – Жүндердің жіңішкелігі бойынша бөліну қисықтығы, мкм

Талшықтар саны, %

















































































































































































































































































































































Жүннің қалыңдығы, мкм

6 Жүнді өнеркәсіптік өңдеудің негізгі элементтері
Халық шаруашылығында алынатын барлық жүн тұтынушылар шаруашылық ұйымдары және өнеркәсіптік кәсіпорындар арқылы тура байланыс бойынша мемлекеттік сатып алулар түрінде өткізіледі.

Совхоздарда, колхоздарда және жеке меншік секторында дайындалған жүн, мақсатты тағайындалуына байланысты жүнді бастапқы өңдеу фабрикаларына немесе тарақжүн, шұғалық және киіз өңдеу комбинаттарына түседі. Бастапқы өңдеуден кейін жүн түрлі өндірістерге түседі.

Жүнді мата қылып өңдеу негізінен екі жүйе бойынша жүргізіледі – тарақтау (тарақжүн) және жабдықтық (шұғалық). Өңдеу жүйесін таңдауды анықтайтын негізгі көрсеткіш – жүннің табиғи ұзындығы. Штапель ұзындығы бойынша 5см-ден асатын жүн негізінен тарақтау жүйесі бойынша өңделеді. Екінші көрсеткіші – жүннің өсімдік қоспаларымен қоқыстануы, оларды карбонизациялау әдісімен – жүнді күкірт қышқылының ерітіндісімен өңдеумен жүргізіледі. Карбондалған жүнді тарақжүн өндірісінде сирек қолданады.
6.24 - кесте – Жүнді өңдеудің негізгі элементтерінің сипаттамасы

1. Жүнді жуылмаған күйінде сақтау (сақтау мерзімін ұзартуға әсер ететін факторлар және қажеттілік).




2. Жіктеу (міндет, жабдық, жуылған талшықтың шығымын анықтау үшін және үлгісін таңдау әдістемесі).




3. Сұрыптау (міндет, жабдық, сұрыптау жылдамдығына және сапасына әсер ететін факторлар).




4. Жуу (жабдық, ерітінді құрамы, жуу тәртібі, жүн майын жинау техникасы).




5. Кептіру (жабдық, температура, ұзақтылығы).




6.Тазалу (кептіру машиналарының жұмысының принциптері, карбонизациялау тәртібі).




7. Бояу (бояғыш заттар, бояу технологиясы).




8. Араластыру (міндеті, компоненттері, қоспаны дайындау техникасы).




9. Тарау және тегістеу процесстері (міндеті, ауысу саны және оның ерекшеліктері, шикізат шығымы және оған әсер ететін факторлар).




10. Иіру: а) тарақтық; б) жабдықпен (принциптері, шикізатқа қойылатын талаптар, ерекшеліктері және тағайындалуы).




11. Тоқыма өндірісі (принциптері, негізін дайындау)




12. Ескерту




7 Таза (жуылған) жүн шығымы. Жүннің кондициялық салмағы
Таза талшық шығымы деп, ол алынған жуылмаған жүннің салмағына қалдық компоненттерді есепке ала отыра кондициялық ылғалдықтағы таза талшықтың салмағына проценттік қатынасты айтады.

Таза талшық деп, жүннің барлық түрлері үшін кондициондық ылғалдылығы 17%, жүн негіздемесі 97% және өсімдік қоқысы, минералдық қоспалар және жүн майы (әр қайсысы 1%) - 3% тұратын жуылған жүнді айтады.

Жуылған жүн шығымын зертханалық анықтау үшін үлгілерді таңдау, зерттеу мақсатына байланысты (жекелеген сортименттері бойынша шығымды анықтау, асыл тұқымды малдарға сипаттама беру үшін және т.б.) әр түрлі жүргізіледі.

Жекелеген сұрыптары бойынша жуылған жүн шығымын анықтау кезіңде (тапсырылатын жүн үшін есеп жүргізу үшін) үлгілерді жүннің түрін, тобын, жағдайын және басқадай сипаттамаларын есепке ала отыра әрбір отарды қырқу кезіңде алады.

Кездейсоқ таңдау әдісімен жүнді жіктеу кезіңде бастапқы үлгіні таңдау үшін, әрбір сұрыптың он бесінші немесе жиырмасыншы жүні бөлініп алынады. Егер жүн мөлшері аз болса, онда мөлшерлестік басқа болады, тексерілетін жүн салмағының 1% шамасындағы мөлшері бастапқы үлгі салмағы болуы керек, бірақ ол 10кг-нан артық емес және 2 кг-нан кем болмауы қажет.

Таңдап алынған жүнді бір тегіс қабатпен үстелге қырқылған бетін төмен қаратып, штапелдерін бір-біріне түйісетіндей етіп төсейді. Жүнді сілкілейді және дайындау стандарттарында қарастырылғандай ең төменгі сұрыптардан алады.

Жүннің шағын (салмағы 10-20 г) тұлымдарын бір тегіс алу үшін төселген жүннің бетіне фанерадан, темірден немесе қолайлы басқа материалдан жасалынған трафарет – тор көзді (көлемі 1,5-1,2м) салады. Онда екінші жағы бар немесе диаметрі 15 см төрт бұрышты немесе дөңгелек саңылауларды (тесіктер) жасайды, осы саңылаулардың орталығы 20 см қашықтықта болуы қажет. Трафаретті сыммен тартылған 20х20см төртбұрышты қалыптастыратын ағаш сырық ретінде де жасауға болады.

Жүннің кішірек тұлымдарын әр тесіктің ортасынан іріктейді. Штапелдердің минералды және өсімдік қоспаларын жоғалтып алудын алдын – алу үшін абайлап шығарады. Бұл үшін он қолдың үш саусағымен штапельді іліп алады және сол қолмен жүннің негізгі массасын ұстап тұру арқылы оны алып шығады.

Бір рунадағы үлгі массасы шамамен 100 г-ды құрау қажет.

Іктелген штапельдерді полиэтилен пленкадан немесе тығыз матадан жасалынған қапшықтарға сәйкес сұрыптау бойынша салады. Егер бір сұрыптау бойынша жүн массасы 1 т көп болса, онда екі бастапқы үлгіні іріктейді. Бастапқы үлгі қолмен араластыру немесе тұлмалаушы машинанын көмегімен орташаландырылады. Содан кейін оның барлық массасын тең қабаттап столдың үстіне жазады, трафарет – торшаны жабады және массасы 200 г орташа төрт үлгіні іріктейді: негізгі, параллельді және бақылаушы.

Негізгі және параллельді жууға жіберіледі, ал бақылаушы буып – түйіледі, паспортталып сақтауға тапсырылады. Бақылаушы үлгілер 2 ай аралығында сақталады. Олардың біреуін әдістемеге сәйкес қажет болу шамасына байланысты, ал екіншісін – мемлекеттік инспектор шешімімен жууға пайдаланады.

Жеке қандай да бір жануарлардың таза талшық шығуын анықтау үшін, үлгілер трафарет – торшаны пайдалану арқылы тек рунаны өлшегеннен кейін ғана іріктеледі.

Әрбір рунадан әрқайсысының салмағы 200 г болатын үш үлгі (негізгі, параллельді және бақылаушы) алынады. Үлгілерді нақ 0,1 г болатындай етіп өлшейді. Үлгі бар қапшыққа шаруашылық, жануар саны, тегі, жынысы, руно жүнді және төмен сұрыптағы массасы, іріктеу күні, үлгіні іріктеген тұлғаның қолы көрсетілген паспортты салады.

Іріктелген бір руноның үш үлгісінен зертхана жуғышына екеуі (негізгі және параллельді) түседі, үшіншісін егер алғашқы екі үлгіде таза талшық шығаруда 1 % айырмашылық болған жағдайда жуады.

Жүннің негізгі және параллельді үлгілері жууға бір уақытта түседі. Суға жібіту үшін салар алдында әр үлгіге шартты нөмірі бар жетон салады, оны журналда белгілейді және үлгімен бірге оның өндеу процессіндегі уақытта ұстайды.

Жүн үлгілерін жақсылап және тез жуу үшін, сонымен қатар жуғыш ерітіндіні аз ластау үшін, жуғышқа түскен жүннің барлық үлгілерін алдын – ала 2-3 сағаттай легендер мен шелектерде сулап жібітіп алады. Сулап жібіту үшін температурасы 25-300 С таза суды немесе қолданыста болған 2 және 3-ші бактағы сабынды – содалы ерітіндіні пайдаланады. Су немесе ерітіндінің мөлшері жүн үлгісі суға толығымен бататындай жеткілікті болу керек. Жүн қатты ластанғанда сулап жібіту аралығында ерітіндіні 2-3 рет ауыстыру қажет.

Үлгілерді кезектеп сыйымдылығы 30 л сабынды – содалы бес бөшкеден жуады. Бөшкеден бөшкеге оларды торшаларының диаметрі 3 – 4 мм болатын торлы себетпен ауыстырады. Себетті ерітіндіден алып шыққанда, үлгіні жақсылап сығады және содан кейін себетпен қоса келесі бөшкеге салады.

Жуғыш реагент концентрациясын қажеттілігіне байланысты жоғарлатуға (сабынды және соданы 0,4 % - ға) немесе төмендетуге (0,2 % - ға) рұқсат етіледі.

Сабынды – сулы ерітіндіні дайындауға кететін уақытты үнемдеу үшін, оны алдын – ала айтарлықтай қою қылып жасайды, ал одан жұмыс ерітінділерін дайындайды. Әдетте ерітінді концентрациясын 5 есе жоғарылатады, ол үшін 12 л ыстық суда 160 г сабынды, 160 г соданы ерітеді.

Жұмыс үшін қажетті ерітіндінің қажетті қоюлығын мынадай жолмен алады: бірінші бөшкеге 24 л ыстық су және 6 л концентрленген ерітіндіні құяды, ал ал екінші, үшінші бөшкелерге 12л ыстық су және 3 л қойылтылған ерітіндіні құяды.

Бөшкелерді бір рет толтырғанда массасы 200 г жүннің сегіз үлгісінен артығын жууға болмайды. Содан кейін ерітіндіні ауыстырады, соған қарамастан үшінші бөшкедегі ерітіндіні бірінші деп есептеп қайтадан пайдалануды ұсынады. Төртінші және бесінші бөшкедегі суды оның ластану шамасына байланысты немесе сегіз үлгіні шайғаннан кейін ауыстырады. Жүн үлгілерін жуып шаюды әр бөшкеде кезектеп 5-6 минут жүргізеді. Жуу процессі кезінде үлгіден өсімдік қоспаларын алып тастайды.

Жуу кезінде бірінші бөшкедегі температураны 40-500 С ұстап тұрады, төртінші бөшкеге 38-400 С температурадағы 30 л ыстық суды құяды. Бесінші бөшкеге де бөлме температурасындағы ыстық су құйылады (20 – 250 С).

Жүн үлгісін жуғаннан кейін ЦС – 53 құралмен тұрақты құрғақ массасын анықтауға көшеді. Бұл құралды пайдалану тұрақты құрғақ массасын салқындатқыш аппарат немесе құрғатқыш шкафта кептірудің ұзақ (2 – 2,5 сағ.аралығында) процессіне жүгінбеуге мүмкіндік береді. ЦС – 53 құралы көмегімен жүннің тұрақты құрғақ массасын анықтауға шамамен 5 минут қажет.

Қолмен жақсылап сығылған үлгіні құралдың гильзасына салады. Гильзада жүн поршеньмен жаншылып, тығыздалады, ал қалған су сығылады және ағызушы түтікпен ағып кетеді. Цилиндрдегі қысым 100 кг/см2 жетеді және автоматты түрде 2 минут аралығында сақталады. Содан кейін гильзаны ашып үлгіні алады.

Жұмыс үшін қажет затттар: 1) тор арқылы рунадан іріктелген, массасы 200 г кір түріндегі руна және жүн үлгілері; 2) сабынды – сулы ерітінді; 3) 30 л үлкен ыдыс; 4) жүнді сулап жібіту үшін қажет эмальданған немесе тот баспайтын металлдан жасалынған 4 – 8 леген; 5) 10 минутты 4 құм сағат; 6) ұсақ кір тастары бар 1 кг-дық техникалық таразылар; 7) 4 су термометрлері; 8) жақсылап тегістелген ағаштан жасалынған 2 күрек; 9) руналардан жүн үлгілерін іріктеу үшін ұзындығы 1,6 – 1,8 м және ені 1,2 – 1,4 м, өлшемі 15х15 см ағаш немесе метал торлар; 10) ЦС – 53 гидравликалық құрал.

Таза жүн шығынын нақты анықтау үшін, сонымен қатар ЦС – 53 құралы көмегімен анықталған нәтижелерді іріктеп бақылау үшін салқындатқыш аппаратты қолданумен таза жүн шығымын бекітеді.

Мұндай жағдайда таза жүн шығымын анықтау үрдісі келесідей операциялардан тұрады: 1) іріктелген үлгінің жүнін жуу; 2) жуылған үлгіні тұрақты құрғақ массасына жеткізу үшін салқындатқыш аппаратта кептіру; 3) жүн үлгісінің тұрақты құрғақ массасын шығару мәліметтері бойынша ізделініп отырған процентті және сәйкес ылғалдылық нормасын есептеп шығару.

1 – тапсырма. Массасы 2850 кг кір жүн партиясының сәйкес массасына 200 грамм жүн үлгілерінің жуу нәтижесінде және оларды ЦС – 53 құралында сығу кезінде сығылған бір үлгінің орташа салмағы 62,6 г тең болған жағдайда анықтау.

Аталған тапсырманы орындау үшін алдымен сығылған үлгінің тұрақты құрғақ массасын, содан кейін жүннің барлық партиясын анықтап, сосын төменде келтірілген формула бойынша жүннің сәйкес салмағын есептеу қажет.

Құралдың гильзасынан алынған үлгіні талдау жүргізетін орынның жаңында орнатылған техникалық таразыда тез өлшейді. Өлшеуді нақтылығы 0,1 г жүргізеді. Содан кейін құралға қоса берілген таза талшық шығару проценті кестесі бойынша сығылған жүн үлгісінен алынған массасы санына қарсы сәйкес бағанадан оның шығу процентін іздейді. Мысалы, егер біртекті жүн үлгісі кір түрінде 200 г болса, жуып, құралмен сыққаннан кейін 97,4 г массаға төмендеген, онда «97,4 – 97,7 г» үлгі массасы қарсы кестесінде, оған 40,5 таза жүн шығымының процентінің шығатынын табамыз.

Егер мұндай кесте болмаса, таза жүн шығару проценті сығылған жүн үлгісі массасын эксперименттік жолмен бекітілген арнайы коэффициентке көбейту жолымен анықталуы мүмкін.

Біртекті жүн үшін бұл коэффициент 0,41535, ал біртекті емес жүн үшін 0,4095 мөлшерінде бекітілген.

Жоғарыда келтірілген мысалды алсақ, онда жуылған біртекті жүн үлгісі сығылғаннан кейін 97,4 г құрайды. Бұл массаны біртекті жүн үшін бекітілген коэффициентке – 0,41535 көбейткенде, таза жүн шығымын 40,45 % аламыз, орташа алғанда – 40,5 %.

Тәжірибелік жолмен күші 100 кг/см2 құрал гильзасында сығылғаннан кейін біртекті жүнде 29 %, ал біртекті емес жүнде 30 % су қалатыны бекітілген. Осыдан құралда сығылған біртекті жүнде 71%, ал біртекті емес жүн үлгісінде 70 % тұрақты құрғақ жүн болады.

Тұрақты құрғақ массаны бекіткеннен кейін сәйкес жүн үлгісі массасын есептейді, ол үшін тұрақты құрғақ массаға КСРО – да бекітілген жуылған жүн ылғал нормасына сәйкес ылғал (су) массасын қосады.

Сәйкес жүн үлгісі массасын келесідей формула арқылы анықтайды:
Ак = а2 + а2 ∙ Вк ,

100


мұндағы:

Ак - ізделініп отырған сәйкес жүн үлгісі массасы, г;

а2 – таза жүн үлгісінің тұрақты құрғақ массасы, г;

Вк – барлық жүн түрлеріне ылғал нормасы 17 % тең.

Таза жүн үлгісін анықтау үшін келесі формуланы қолданады:
П= У(100+К),

А


мұндағы:

П – таза жүн шығымы, % ;

У – жүн үлгісінің тұрақты құрғақ массасы, г;

А – жуылмаған жүннің бастапқы массасы, г;

К – сәйкес ылғалдылық - 17 %.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет