Мақсаты: Графикалық диктант жазғызу арқылы моторлы көру кординациясына үйрету.
Түзету білімдік: Көзге арналған жаттығулар арқылы көздің жалпы шаршауын басу.
Моторлы көру кординациясына үйрету.
Түзету – дамытушылық: Көзге арналған жаттығуларды нұсқау бойынша дұрыс жасап үйрену:
- көздің шаршауына арналған ;
- көру жүйесінің босаңсуына;
- көру мүшесінің қан айналымын жақсартуға;
- көздің бұлшық еттерін жаттықтыруға;
- көздің козғалыс бұлшық еттерін жаттықтыруға;
- Көзбен көріп қабылдауын,моторлы көру координациясын дамыту;
Түзету тәрбиелік : жетістікке жету сенімділігін,бастаған істі соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: дәптер, қарындаш, өшіргіш,үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы
1. Сабақтың ұйымдастырылуы
Сәлемдесу. Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.
2. Өткен сабақты қайталау:
Көздің шаршағанын басады және қырағылығына әсер етеді. Әр қимылды бұлшық етті қатайтпай, көзді сығырайтпай, еркін, 5-6 реттен рахаттана орындаймыз.
3. Негізгі бөлім. Көзге арналған жаттығулар.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда көзге арналған жаттығулардың № 2 нұсқасын дұрыс жасауды үйренеміз,көздің шаршағанын басуды,көздің қан айналымын жақсартуға арналған жаттығулар,көздің қозғалыс бұлшық еттерін жаттықтыру жаттығуларын жасап үйренетін боламыз.
Көзімізге арналған жаттығуларды дұрыс жасау үшін:
Жаттығу кешенін және кезектілігін білу керек;
Мұғалімнің нұсқауларын мұқият тыңдап және орындау керек;
Гигиеналық талаптарға сай,қолдың таза болуын қадағалау.
1 нұсқа
1. солға-тура, оңға – тура, жоғары – тура, төмен – тура көзді бір жерде тоқтатпастан қарау 1-10 рет.
2. диагоналі бойынша араластыра қарау: солға-төмен-алға, оңға- жоғары-тура,оңға- төмен- тура, солға-жоғары-тура және баяулап көзді тоқтата жасау, тыныс алу қалыпы.1-10 рет жасау
3. көзді айналдыра солға және оңға қозғау 1-10, алдымен тездете соңынан жаймен.
4. мұрынның ұшына қарау, сосын ұзаққа қарау.
5. көзден 30 см арақашықтықта саусақ немесе қарындаш ұшына қарау, соңынан алысқа бірнеше рет қарау.
6. Көзді жауып сұқ саусақтың немесе ортаңғы саусақтың ұшымен мұрыннан 7.Алақанды бір - біріне еш қиындықсыз уқалап, алақанмен көзді 1 минутқа жауып тұрып ашу.
4. Түзету – дамытушылық ойын: «Айырмашылығын табу»
5. Қорытынды
- бүгін сабақта қандай жаттығулармен таныстық?
- Көзге арналған жаттығуларды дұрыс жасау үшін нені білу керек?
- Не естеріңде қалды?
- Қандай жаттығулар жасау кезінде қиындықтар туғызды? Неге?
Танымдық әрекетін түзету сабағы
Күні: 25.10.2018 ж
Сабақтың тақырыбы: Көлемді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау.
Сабақтың міндеттері:
1) Көлемді айқындау және қабылдауды дамыту.
2) Ойлауды дамыту (іс жүзінде көлемді айқындау және қабылдау)
І.Кіріспе бөлім.
1. Психологиялық дайындық.
2. Сабақ міндеттерімен танысу.
ІІ. Негізгі бөлім.
Сенсориканы дамыту ойыны:
Мақсаты: Оқушыларға заттардың пішінін көлеміне: үлкен-кішілігіне; Ұзын-қысқалығына, қалың-жұқа т.б. заттардың көлеміне қарай бағдарлай білуге, қол әрекетін заттың көлеміне қарай ыңғайлауға, үлкен-кіш, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, қалың-жұқа сөзін дұрыс қолдана білуге үйрету. Заттарды белгілеріне қарай топтастыру мен айыра білуге үйретуді жалғастыру; қолмен ұстап көру арқылы заттарды таңдай білуге үйрету. Қажетті материалдар. Қуыршақ, доптар (бір түсті), бірақ әртүрлі пішіндегі т.б. Балаларды, қуыршақты доппен ойнату арқылы, үлкен-кіші доптардың кімге қалай қолдану керектігін түсіндіреді. «Үлкен доп, кішкентай доп». Кішентай допты алақанға жасыруға болады, ал үлкен допты алақанаға жасыруға болмайды. Сол сияқты, кубиктармен жұмыс. Ұстап көру, алақанмен және үлкен кубиктарды құшақпен ұстап көру, айырмашылығын оқушылардан сұрау. Бұл не? пішіні қандай т.б. сұрақтар қою.
Сергіту сәті:
Біздер тату боламыз
Әнде шырқап саламыз
Жаттығулар жасасақ
Жақсы серігіп қаламыз!
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір
Бір, екі, үш, төрт-жоғары қолды созамыз.
ІІІ. Сабақты қорыту:
1. Біздің сабағымызда нені дамыттық.
2. Саған не ұнады?
3. Саған не ұнамады?
Танымдық әрекетін түзету сабағы
Күні: 06.11.2018 ж
Сабақтың тақырыбы: Түсті көру арқылы салыстыру және ажырату
Мақсаты:
1.Біліміділік:Түстерді ажырата білуге,геометриялық пішіндерді түсіне байланысты әр түрлі заттар құрастыруға икемдеу.
2.Дамытушылық:Ойын арқылы,түстерді көру арқылы қабылдауды, есте сақтау,ойлау қабілеттерін,сөздік қорын байыту,тілін,зейінін дамыту.
3.Тәрбиелік:Сүйіспеншілікке,бірін-бірі сыйлауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:Түрлі-түсті қағаздар,парақшалар, қапшық т.б
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық дайындық
ІІІ. Сабақ барысы;
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Түстерді көру арқылы қабылдау». «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес»- деп (Василий Александрович Сухомлинский) айтқандай,бүгінгі сабағымызды бірнеше тапсырмалармен,жаттығуларды ойындар арқылы орындаймыз.
1. «Әли мен Айя» бейне ролик (5 мин)
2. «Есте сақта және боя » жаттығуы
Мақсаты:Түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Нұсқауы: Балаларға үлестірме беріледі. Үлестірмедегі алма ағашын бояйды.Сурет көрмесіне іледі.
3. «Түстер » ( бейне ролик)
5.Сергіту сәті
6. «Сиқырлы қапшық» ойыны
Мақсаты: Заттарды сипап сезу, көру арқылы қабылдау.
Мазмұны: Балалар , «Сиқырлы қапшық» ішіндегі затты ұстап көріп, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.
Қорытынды:
Бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадық? Не қиын болды? Не ұнады? Ендеше «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» көрсет. Жақсы, бүгінгі сабағымыз саған жақсы көңіл –күй сыйлаған екен, оны мына күлегештердің арқылы байқап тұрмын.
Сен сабаққа жақсы, белсенді қатысып,ұйымшылдық танытқандарын үшін,өте жақсы деп бағалап мына шарларды сыйға бергім келіп түр.
Саған бақытты балалық шақ тілеймін.
Танымдық әрекетін түзету сабағы
Күні: 08.11.2018 ж
Сабақтың тақырыбы: Бүтін және бөлшек
Мақсаты: 1.білімділік: бүтін және бөлік туралы түсінік қалыптастыру,білім дағдыларын шыңдай отырып,үйренгендерін пысықтау жұмыс істей білуге үйрету,сабақ барысында геометриялық фигуралармен танысу.
2.дамытушылық:пәнге қызығушылығын арттыру,ойындар арқылы ой-өрістерін,білімділік қасиеттерін дамыту,зейіндерін тұрақ-тандыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.тәрбиелік:шапшаңдыққа,ұтқырлыққа,байқампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:пішіндер,жемістер, үлестірме қағаздары .
Сабақ түрі:жаңа сабақ,дидактикалық ойындар
Әдіс-тәсілдер:талдау-жинақтау,сұрақ-жауап,көрнекілік.
Психологиялық дайындық
Армысың алтын күн!
Армысың жер-ана!
Армысыз ұстазым!
Армысың достарым!
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Іздену ұйымдастырушы.
Менің екі сиқырлы қорапшам бар.Көлемдерін айтшы? Біреуі –кіші, екіншісі –үлкен.Кішкентай қорапшаны ашып көрейік,ішінде не бар екен?Қорапшаның ішінен геометриялық пішіндерді алып,түсін,пішінін айтады.Енді үлкен сиқырлы қорапшаны ашып ,ішінде не бар екенін көрейік?
Алманы алып пішінін,түсін баладан сұрау.Алманы жартыға бөлу.
Мандаринді,кивиді,алманы,анарды бүтін,бөліп көрсету.
Сергіту сәті:
1,2,3-қарлығаш болып ұш,
4,5,6-қарлығаш болып қалқы,
7,8,9,10-қарлығаш болып қон.
Енді алдарыңдағы пішіндермен жұмыс жасайды.Мұғалім көрсетеді,бала соны қайталайды.Пішінді бөлген сайын балаға қайталатып айтқызады.
1 тапсырма.Суреттерді көрсетілген түске бояу керек.
2 тапсырма.Әр қатарға бөлек тапсырма беріледі.
3 тапсырма.Қандай фигура қиылып алынды?
4 тапсырма.Берілген цифрларды бастырып жазу.
Балалар тура және кері санайды.
Ойын ойнайды.
Пішіндермен жұмыс жасайды.
Жемістермен жұмыс жасайды.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Берілген пішіндермен жұмыс жасайды.
Рефлексия түзетуші сен бүгінгі сабақта ерекше ақылды әрі алғыр болдың. Бүгінгі оқу-іс әрекетімізде біз нені үйрендік?
Бүтіннен жартыны қалай алдық? Ширекті қалай шығардық?
Балаларды мадақтау.
Күтілетін Нені меңгерді?: Бүтін және бөлік ұғымдарымен танысты.
Нәтижелер: Нені түсінді?: Жартының,ширектің қалай пайда болатынын түсінді.
Не істей алады?
Танымдық әрекетін түзету сабағы
Күні: 13.11.2018ж
Сыныбы: 4
Тақырыбы: Заттардың және оалрдың бөліктерінің арасындағы кеңістікті қабылдау.
Мақсаты: Түс және пішінді ажырата білуді, іс-әрекеттерде қолдану
дағдыларын жетілдіру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу.
І.Ұйымдастыру жұмысы.
а) Оқушымен амандасу.
ә) Баланың көңіл-күйін, оқу-құралдарын анықтау.
б) Оқушының зейінін аудару.
ІІ. Заттардың түстерін ажырата білу (үлестірме суреттер)
А) Оқушыға суреттерді көрсетіп, бірдей түсті заттардың арасын сызықпен сызу арқылы көрсетуін бақылау.
Ә) Барлық дөңгелектерді қызыл түске, барлық үшбұрыштарды көк түске, барлық төртбұрыштарды жасыл түске бояу.
Б) - Көктемде жапырақтар қандай болады? - Күзде жапырақтар қандай болады?
ІІІ. «Заттың пішінін анықта» жаттығуы.
Баланың алдына заттардың бейнелері (теледидар, үй, үстел, шам, кереует және т.б) бар карточкалар қойылады. Пішіндеріне қарай оқушы заттарды орналастыру керек. ІҮ.Сабақты қорытындылап, аяқтау.
Танымдық әрекетін түзету сабағы
Күні: 15.11.2018ж
Сыныбы: 4
Тақырыбы:Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау
Достарыңызбен бөлісу: |