Білім, икемділіктер, дағдылар: сенсорлық эталондарды қабылдауды, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойындар: «Мозаика», «Достық кілемі», «Лото: пішін және түс», «Фигураны таңда», «Пішіні бойынша таңда», «Судың түсі», «Ою», «Түсті ата», «Сынған баспалдақ», «Тапсырма ойын», «Алып кел де көрсет».
13-14-тақырыптар. Уақыт пен кеңістікті қабылдау Білім, икемділіктер, дағдылар: уақыт пен кеңістік туралы түсінікті, өз уақытын тиімді жоспарлау икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойындар: «Онда не?», «Не, қайда, қашан?», «Соқыр теке», «Билеген дуана», «Сиқырлы шеңбер», «Тақия тастау».
Тапсырмалар: уақытты бір аптаға жоспарлау.
Менің өмірімнің сағатпен берілген аптасы.
Кестеге аптаның күндері бойынша ең маңызды қызмет түрлерін, содан кейін бос уақытқа арналған уақытты ендір.
Шеңбер сыз да, оны 24 бөлікке бөл, содан кейін оларды қызмет түрлеріне қарай әр түске боя. Бұл сенің аптаңның уақытының түсті диаграммасы болып табылады.
15-тақырып. Менің әлемді қабылдауым Білім, икемділіктер, дағдылар: әлемді барабар қабылдауды, оны өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «Менің әлемді қабылдауым» ойын сайысы.
Тапсырмалар: 1. Шағын топтармен, дербес түрде жазуға және суретін салуға берілген тақырыптар: «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі», «Музыка әлемі», «Театр мен кино әлемі», «Жер ғаламшары», «Жанұя», «Мектеп», «Достық», «махаббат», «Мамандық» және т.б. (таңдак бойынша. Талқылау.
ІІІ ТАРАУ. ЗЕЙІН ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУ 16-тақырып. Ерікті зейін Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті зейінді, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойындар: «Аузыңды ашып тұрма», «Сиқырлы үстелше», «Бір, екі, үш - айт», «Көңілсіз, көңілсіз бұлай отырған», «Шапалақ ұрысын тыңда», «Назар сал», «Еріккендер».
Жаттығулар: «Меннен кейін қайтала».
Жағдаяттар: 1. Апа кітаптарды орнына қоюды өтінді, ал сен қайсылары екенін естімедің, себебі ... . 2. Бір нәрсе туралы дауласып келе жатқан Асқар мен Болат бағдаршамы бар көше қилысына да келіп жеткендерін де байқамай қалды, олар көшеден өте бастады ... .
17-тақырып. Зейін қасиеттері: тұрақты, көлемі, таралуы, ауысуы және т.б. Білім, икемділіктер, дағдылар: зейін қасиеттерін, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойындар: «жапалақ» «Күн мен түн», «Бұйрықты тыңда!», «Сүрлеу», «Кім кімнің артында», «Жылға».
Рөлдік ойындар: «Кішкене мүсінші», «Байқампаз бала» және т.б.