Шапшаңдықты дамыту (жылдамдық қабілеті) шапшаңдықты дене сапасы ретінде баскетболшының қимылды өте аз уақыт аралығында орындау қабілетін түсінеміз. Шапшаңдықты көрсетудің қарапайым және кешенді түрлерін бөліп қарастыруға болады. Қарапайым түріне мыналар жатады: жай және күрделі реакциялар уақыты, жеке қимыл мен қимыл жиілігі уақыты.
Спортшының жай реакциясы - бұл алдын ала белгілі, бірақ күтпеген белгіге белгіленген қимылмен жауап беру (мысалы, жүгірудегі сөре тартысты допты ойнатқандағы секіру). Баскетбол үшін қозғалмалы нысанға жауап беретін (допқа әріптесіне) күрделі реакция мен бірнеше мүмкін қимылдан бір сәтте аталған жағдайға қолайлы біреуін таңдауды талап ететін, таңдау реакциясы тән. Білікті ойыншылар жағдайды танып және қимылдың өзіне емес, оған деген дайындық әрекеттеріне жауап беретін күрделі де жай реакциялардың дамуының жоғары деңгейіне жетеді.
Ойында әдетте шапшаңдықтың барлық түрлерін кешенді көрсету талап етіледі, өйткені олар баскетболшылардың көпшілік қимыл әрекеттерін құрайды және доппен, допсыз жекелеген әдіс амалдарын және олардың кешендерін орындауда қозғалыс шапшаңдығыгда бір амалды екіншісімен ауыстыру шапшаңдығын да көрінеді. Баскетболдағы шапшаңдықты дамытудың айрықша ерекшелігі оны үздіксіз өзгермелі жағдайларда, бұзушы ықпалдар негізінде (қарсыласының қарсыласы, психологиялық қысым, шапшаң) көрсету қажеттігі болып табылады. Сонымен шапшаң жауап беру маңыздылығының соңғы нәтижесі жылдамдықты тез арттыру (сөрелік екпін алу), жоғары жылдамдыққа жету, Сондай-ақ, осы жылдамдық ұстап, шаршауға қарсы тұру (Қашықтықтағы жылдамдық) қабілетіне байланысты болады.
Жылдамдық қабілеті доп салуда: доп беруді, жүгіруді орындау шапшаңдығы мен тәсілдік міндеттерді шешу жылдамдығы жақтарында көрінетін астар болып табылады.
Күрделі реакцияларды тәрбиелеу үшін қозғалмалы затқа (доп, әріптесі), кенеттен көрінген, өзгерген қимыл жылдамдығына және ойын жағдайының түрлі өзгерістеріне жауап бері қажет жаттығуларды пайдалануға болады. Мысалы, тез топ жарудағы қимылдың басталуы үшін қалқаннан ұшып шыққан доп болуы мүмкін.
Жоғары қимыл жиілігімен орындау соңына қарай шаршаған соң жылдамдық төмендемес үшін жоғары ырғақта шағынмерзімді жаттығуларды (10-20с) орындауды меңгереді.
Сөрелік екпін мен қашықтық жылдамдығының жылдамдығы баскетболдағы шапшаңдықтың іргетасы болып табылады, себебі оның астарында осы дене сапасының келесі жақтары пайда болады, мысалы, доп беру, жүргізу мен алдап өту шапшаңдығы тез топ жару мен прессинг элементтерін орындау. Қозғалыс жылдамдығын ұлғайту тек ойыншының жылдамдық қабілеттеріне әсер етумен ғана емес, Сондай-ақ, қимыл әдістерін жетілдіре отырып күш ерекшеліктерін тәрбиелеумен орындалуы да мүмкін.
Баскетболдағы шапшаңдықты тәрбиелеудің негізгі құралдары шектеулі немесе шектен тыс жылдамдықпен орындалатын жылдамдық жаттығулары болып табылады. Осы сапаларды дамытуға жәрдемдесетін бірнеше әдістемелік амалдарды келтіреміз:
жеңілдетілген жағдайларда жаттығулар орындау ( қиғаш жолда жүгіру, аспалы салмақ түрлерін пайдалану);
қиын және қарапайым жағдайларда жаттығуларды кезектестіру, салмақтарды өзгерту;
екпіндеп жүгіру, көшбасшының ( әріптестің) ізінен жүгіру;
жаттығуларды орындау уақыты шарттарына шектеу ендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |