2-сурет. Айналымдық жаттықтырудың бірінші нұсқасы – тең мөлшерлі.
Теңмөлшерлі айналымдық жаттықтыру нұсқасы (2- сурет).
Айналым міндеті: жылдамдық - күш сапасының тұрақтылығын арттыру, дәлдік пен әдісті жетілдіру.
Әдістері мен олардың үйлесімі: тең мөлшерлі көмекші.
Жұмыс қарқындылығы орташа «Бекеттегі» жұмыс уақыты - 2- 4 мин.
«Бекеттер» арасында демалыс жоқ.
Айналым саны -2.
Айналым арасындағы демалыс 1 - 1,5 мин.
Пульстің төменгі жиілігі: 150 - 165 соқ/ мин.
«Бекеттердегі» жұмыс мазмұны:
Тығыздалған допты беру.
Тығыздалған допты ұстап, қорғанысқа көшу.
Лақтырылған допты қағып алып, кедергіден секіріп, оның астынан жүгіріп өту.
Екі допты жүргізу.
Допты лақтырып (тығыздалған доп та болады), жартылай отырып тұру және допты ұстап алу.
Допты бергеннен кейін қарсы қимылмен салу.
3-сурет. Айналымдық жаттықтырудың екінші нұсқасы-интервалдық
Интервалды айналымдық жаттықтыру нұсқасы (3 - сурет)
Айналымның міндеті: әдіс тұрақтылығын арттыру, дәлдік пен жылдамдық - күш сапаларын жетілдіру.
Әдістері: интервалдық.
Жұмыс қарқыны : жоғары.
«Бекеттегі» жұмыс уақыты: 1,5 минутқа дейін.
«Бекеттер» арасындағы демалыс: 40- 60с.
Айналым саны - 2.
Шеңбер арасындағы демалыс - 3 минутқа дейін.
Пульстің жоғарғы жиілігі: 180 соқ/ мин.
«Бекеттегі» жаттығу мазмұны:
Допты жүргізумен үзілісті жүгіру.
Допты қалқанға соғу топтамасы.
Доп беретін әріптесімен 1:1 өту.
Доп салу.
Бағанды айналып өтіп доп салу.
Екі доппен үштікке доп беру.
Баскетболшыларды дайындау басқа да спортшыларды даярлау тәрізді дене, әдістік, тәсілдік, ойын, рухани - ерік және психологиялық және ілімдік дайындықтардан құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |