Ойынның сипаты



бет22/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

Ептілікті тәрбиелеу. Ептілік деп күрделі дәлдіктегі қимылды меңгеру, сондай-ақ, күрделі қимыл міндеттерін тез әрі дәл шешумен қимыл әрекетін өзгермелі жағдайға қарай қайта орналастыра білу қабілетін түсінуіміз керек.
Ептілік- кешенді сапа, онда күш пен шапшаңдықтың жоғары деңгейде көрінуі қимыл дәлдігімен олардың үйлесімдік табиғатында пайда болады. Екінші деңгейі - бұл кеңістік дәлдік пен қимыл дәлдігі екіншісі - қысқарған мерзімді орындалатын кеңістік дәлдігі мен қимыл дәлдігі, үшінші - өзгермелі жағдайда қысқарған мерзімдегі қимыл дәлдігі мен кеңстік дәлдігі. Баскетбол үшін үш деңгейі де мңызды, бірақ ерекше маңыздысы үшіншісі болып табылады, ол ойыншыға қимыл әдісін меңгеруге, кенеттен өзгерген ойын жағдайында қимыл дағдылары мен біліктерін дәл әрі тез пайдалануға өз әрекеттерін тиімді қайта құруға көмектеседі. Спорт әдістерін үйрену мен жетілдірудегі ептіліктің орны ерекше. Жаңа қимылды меңгеру дәлдігі мен шапшаңдығы қабіліті шыңдалған баскетболшының қимыл дағдылары қоры мен қызмен мүмкіндігіне байланысты болады.
Жаңа әдістік амалдарды меңгеру барысында қимыл элементтерінің қоры оларды барынша күрделі қимыл дағдыларына біріктіруге көмектеседі. Сондықтан ептілікті дамытудың басты құралдарының бірі үйлесімдік кедергілерді бағындыруға байланысты жаңалық элементтері жаттығулары болып табылады. Ептілікке тәрбиелеудің ең кеңейтілген құралдары қимыл белсенділігінің өзгергіштік ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретін акробатика мен гимнастиканың элементтері, спорт ойындары болып табылады.
Баскетболдағы ептілікті көрсету ерекшелігін ескере отырып, жаттығуларды мазмұны мен сипаты жағынан ойын ерекшелігіне жақын болатындай етіп таңдаған дұрыс. Яғни, қозғалыстағы ептілікті дамыту үшін баскетболға тән үйлесімдері бар арнайы жаттығулар мен ойындар кең қолданылады: реакция шапшаңдығы - сөрелік екпін алу - қашықтықтағы жылдамдық - бірмезгілде доппен орындалатын әдістер мен тәсілдік міндеттерді шешу. Жаттығуды орындауда түрлі әдістемелік амалдар кең қолданылады, олар - сөре жағдайы мен кеңістік шекарасын, жаттығуларды орындау әдісін өзгерту, оларды қосымша қимылдармен толықтылу қарсыласының кедергісі, күтпеген ықпалдар жүргізіп, үйлесім қимылдарын көрсетуге жол ашады.
Тез өзгеретін ойын жағдайларында ептілікті дамыту үшін бірінен кейін бірін шапшаң екпінде орындайтын кедергі жолақтарын бағындыру түріндегі жаттығулар ұсынылады, мысалы:
- акробатикалық секіру - кедергіден аунап өту, қысқа үдеуден «терезеге» секіру, сосын серіппелі көпірден серпіліп арқанға секіріп шығу, онымен белгіленген орынға дейін өрмелеу және дәл қону үшін секіріп түсу, жаттығу мәре сызығына жұлқынумен аяқталады;
- қолына тығыздалған допты ұстап, шалқалай жату сөресі 4-5м жүгіріп, кедергіден секіріп өту, сосын гимнастикалық бөренеге шығып, 6-8 м-ге жұлқына шығуды орындап, жүрістен гимнастикалық қабырғаға секіріп шығу, оған өрмелеп, қабырғаның жоғарғы сырытына қол тигізу; жаттығу секіріп түсумен және мәре сызығына соңғы жұлқына шығумен аяқталады.
Бұндай жаттығуларды команданың кедергіні бағындыруға кеткен уақытын тіркеп екі команданың жарысы түрінде өткізеді. Олар тек дене күшін ғана емес, Сондай-ақ, едәуір жүйкеге қысым түсуді де талап етінін ескеру қажет. Сондықтан бір сабаққа осындай бірнеше жаттығуды ендіру дұрыс емес. Оларды жаттықтыру сабақтарының негізгі бөлімдеріне ендіру қажет.
Бұл жаттығуларды пайдаланудың негізгі әдістері - қайталау - ауысу, ойын және жарыстық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет