Ойынның сипаты


Апталық циклдың нөмірі мен күні



бет16/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

Апталық циклдың нөмірі мен күні

1

2







Жаттықтыру күні
Жаттықтыру нөмірі
Жаттықтыруды ұйымдастыру түрі
Қарқыны

Ескерту: Қарқындылықтың шартты белгілері; Ж-жоғары; Б-биік; О-орташа жаттықтыруды ұйымдастыру түрінің белгілері; Ж-жеке; К-командалық.

Команданы іріктеу мен топтау осы сандық көрсеткіштер мен мамандардың қорытынды бағалары нәтижесінде жүргізіледі.



III-тарау. ЖАТТЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ


3.1. Жаттықтырудың мақсаты мен міндеттері

Спортшыны даярлау барысында ойынды жарыс деңгейінде жүргізуге қажетті дағды, білік пен білік қалыптасып, жетілдіріледі. Жаттықтырудың мақсаты - дене дамуы жақсы, денсаулығы мықты, қоғамның белсенді мүшесі, Отанды қорғау мен жоғары өндірістік еңбекке қабілетті, жоғары спорт нәтижелерін көрсетуге дайын азамат тәрбиелеу.


Баскетболшының спорт жаттықтыруы барысында түрлі міндеттер атқарылады және олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты:

  • жоғары ерік және рухани сапаларын тәрбиелеу;

  • арнайы сапаларды жан-жақты дамытып, тәрбиелеу;

  • ағзаның қызмет мүмкіндіктерін арттыру;

  • заманауй әдістерді, икемді тәсілді және ойын стратегиясын меңгеру;

  • дайындық жүйесін ғылыми негізде басқаруға арналған білімді игеру.

Спорт жаттықтыруының барлық құралдары жарыстық және дайындық болып бөлінеді.


3.2. Спорт жаттықтыруының әдістері

Тең мөлшерлі әдіс жаттығуды теңкөлемді ырғақта үздіксіз ұзақ орындауды ұсынады. Бұлшықет топтарының көп бөлігі қатысатын кросстар, шаңғымен жүгіру, жүзу, айналымдық сипаттағы жалпы дамытушы жаттығулар спортшы ағзасының қызметтік мүмкіндіктерін арттыру үшін қолайлы жағдай тудырады. Бұндай жаттығуларды орындағанда, жүрек жиырылуының жиілігі минутына 140-150 соққыға жетеді, ұзақтығы 60-90 минут болатын жұмыс әсіресе, дайындық кезеңінде жалпы төзімділікті дамытуға көмектеседі.


Жаттықтырудың ауыспалы әдісі түрлі қарқындағы жүктемелерді кезектестіруді қарастырады. Жүктемені бұлай кезектестіруге мысал ретінде баскетболшының жалпы және арнайы дене дайындығы сатысында кең қолданылатын фартлек жүгірісін (жылдамдыққа жүгіру) алуға болады. Негізгі факторы қимыл құрылымы болып табылатын түрлі, ойын жаттығуларын үздіксіз орындауда жаттықтырудың осы әдісіне жатады.
Қайталау әдісі жүктеменің мазмұнын, көлемі мен сипатын сақтап, жаттығуларды бірнеше дүркін орындауға құрылады. Мысалы, бірдей жылдамдықпен бүкіл баскетбол алаңын құрайтын ұзындықты бірнеше мәрте жүгіріп өту, қайталап салмақ көтеру, белгілі бір әдіспен бір нүктеден бірнеше дүркін доп салуды орындау; ЖЖЖ қайталау алдында 120-130 соқ/минуттан төмендемеуі тиіс. Бұл әдіс баскетболшыға бір жаттықтыру барысында үлкен көлемдегі жұмысты атқаруға, мүмкіндік беріп, қызмет мүмкіндіктерін жетілдіруге, қимыл дағдыларын нығайтып, қалыптастыруға көмектеседі. Қайталау әдісін күшті, шапшаңдықты, төзімділікті, иілгіштікті, ептілікті тәрбиелеуде және әдіс-тәсілдік дайындықта қолданады.
Баскетболшылардың күш қабілетін тәрбиелеуде «бас тартқанға дейін» жаттығуларын орындау әдісі қолданылады, оның негізін баскетбол элементтеріне ұқсас құрылымы бар тартылу (максимум 60-70%) жаттығуларын қайталап орындау құрайды.
Барынша күш салу әдісі баскетболшы екі-үш реттен артық көтере алмайтын ауыр салмақ көтеру жаттығуларын пайдалануды ұсынады. Жаттығулар арасындағы үзілістік қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін 5 минут шамасында аптасына бір сабақ болуы тиіс. Бұл әдіс күшті тәрбиелеуде өте тиімді.
Қайталау әдісінің тағы бір түрі қайталау - үзілісті жаттықтыру әдісі болып табылады, ол қайталау барысында жүктемені бірде ұлғайтып, бірде азайтып, жүктемені көтеруге ден қойып, өзгертумен сипатталады.
Интервалдық әдіс қайталау арасында жаттығу ұзақтығы мен демалыс үзілістерін қатаң қадағалап, қысқа мерзімдік жұмысты бірнеше дүркін қайталауды ұсынады. Жатты,у қарқыны ЖЖЖ бойынша шамамен 180 соқ/минут болып бақыланады. Айналымдық сипаттағы жаттығулардың ұзақтығы 1,5-2 минут баскетболшының арнайы жаттығуларының ұзақтығы - 2-3 мин. Тынығу үзілістері әлсіз немесе белсенді болуы мүмкін. Олардың ұзақтығы ЖЖЖ-ның қалпына келуімен бақыланады, ол 120-130 соқ/мин тең. Қайталау саны 10-20 рет. Бұл әдісті қолдану жүрек бұлшықетін дамытуға, жүрек көлемін ұлғайтуға және аэробты алмасу көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі.
Ойын әдісі жарыс жағдайын бөлшектей үлгілеуге көмектеседі. Оны ойын барысын белгілі оқиғамен және соңғы мақсатымен тұрақты және күтпеген өзгерістер сипаттайды. Ол қимыл әрекеттерін кешенді көрсетуді, дербестікті, бастамашылдықты және ойыншылар арасындағы өзара түсіністіктің болуын талап етеді. Ойын әдісін баскетболшының жеке қабілеттеріне таңдап әсер етуде және оның қимыл әрекеттерін кешенді жетілдіруде пайдалануға болады.
Жарыс әдісі - бұл арнайы ұйымдастырылған сайыс, бұнда жеке және командалық күрес үшін жағдай жасалған. Жарыс процесі қарсы қимыл факторы болатын жағдайда жоғары қызметтік ілгерілеу, ерекше көңіл-күй, психологиялық толқу қолайлы жағдай тудыруға көмектеседі. Бұл әдіс дайындықтың жеке міндеттерін шешуде, мысалы дене сапаларын тәрбиелеуде, әдістік амалдарды, тәсілдік өзара әрекетті жетілдіруде, оқушылардың қызығушылықтарына дем беріп, белсендіру үшін қолданылуы мүмкін.
Көмекші әсерлер әдісі дене сапалары мен қимыл дағдыларын дамытуда өзара байланысқа негізделген. Бұл үшін баскетболшының қимыл әрекетінің биомеханикалық және анатомо-физиологиялық ерекшеліктерінің өзгеруіне сәйкес жағдайда қажетті қимыл сапаларын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар пайдаланылады. Мұнда тек жұмыс істейтін бұлшықеттер құрамы ғана емес, сондай-ақ жұмсалатын күш көлемі, туындаған жағдайлар тәртібі мен осы күштердің қимылдың түрлі кезеңдерінде өзгеру сипаттары ескеріледі, ол жүйке-бұлшықет жүйесінің жұмысын жақсартып, қимыл әрекетінің жоғары әсерлілігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Көмекші әсерлер әдісін баскетболшыларды дайындаудың арнайы және жарыс алдындағы кезеңдерінде, сондай-ақ дене дайындығына уақыт аз болған жағдайда дене әдістік және тәсілдік дайындықтар міндеттерін тығыз байланыстыру қажет болған жарыс кезінде пайдаланады.
Айналымдық жаттықтыру - бұл сабақты ұйымдастыру түрі, оның құрылуының негізгі әдістемелік принциптері мына ережелер:

  1. «Бекетті» бірізді ауыстыру ретімен орындалатын дене жаттығулары кешенді жасақтауды айналымдық пайдалану.

  2. Топтық сабақтарға есептелген, ол спорттың ойын түрлеріне ерекше лайықты.

  3. Баскетболшының жан-жақты даму негізінде жұмыс қабілетін арттыру. Жаттығулар кешені спорттың әр түрінің қосымша жаттығуларынан, сондай-ақ баскетболшының арнайы жаттығуларынан құралады.

  4. Кешенді жаттығулар жүктемесін қатаң бақылау. Ол жұмыс қабілетін дамытудың негізі құрамдас бөліктері - жаттығу ұзақтығына, қарқындылығына, қайталау санына, нақты белгіленген демалыс үзілістері мен жеке «бекеттер» және айналымдар арасындағы қатаң бірізділікпен мөлшерленген жүктемеге сүйенеді. Жаттығу ұзақтығы аэробтық және анаэробтық қабілеттерді дамыту мүмкіндігі есебінен таңдалады. Қарқындылығы жүрек жиырылу жиілігі бойынша мөлшерленеді.

5) Жарыс деңгейіне жететін немесе одан асатын қарқындылықты пайдалану (әрдайым баскетболдың арнайы құралдарымен жетуге мүмкін емес) жүрек жиырылу жиілігі жүктеменің әсерін бағалауға мүмкіндік беріп, спортшы ағзасын қуатпен қамтамасыз ету жүйесінің қызмет жағдайына арналған түрлі жаттығулардың әсерінің сипаты қызметін атқарады. Жаттығуларды олардың әсер ету қарқындылығы бойынша бөлу жүктемені дұрыс бағытта жоспарлап бақылауға, белгілі бір сапаны дамыту үшін арнайы жаттықтыру құруға мүмкіндік береді.
6) Жүктемені жеке мөлшерлеудің үлкен мүмкіндіктері (әрбір жаттығуды көп мөлшерде қайталап анықтауда пайдалану негізінде). Жүктеме мөлшері бүкіл оқушыларға бірдей және қатаң түрде жеке тұлғалық болып белгіленеді.
7) Баскетбол ерекшелігіне барынша жақындық. Бұл үшін екі бағыт бойынша шеңбер мен «бекеттер» қояды:

  • түрлі міндеттері мен құралдары бар «бекеттерді» жинау;

  • баскетболшының күш, жылдамдық - күш дайындығын, ептілігін дамыту, тәсілдік - әдістік және ойын дайындығына міндеттер қоятын «бекетті» арнайы таңдау.

Бұл үшін айналымдық жаттығудың екі нұсқасын қарастырамыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет