Ойынның сипаты



бет21/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

Төзімділікті тәрбиелеу. Заманауй баскетбол үшін жоғары жарыс және жаттықтыру жүктемелері, ойын екпін, қарсылас кедергісімен үлкен жылдамдықта әдістік амалдарды орындау, қорғаныстың белсенді жүйесін қолдану мен шабуыл, тез топ жару және прессинг тән. Ұзақ жарыс кезеңі, турнирлер мен жеке матчтардың жоғары қысымы төзімділікті жоғары даму деңгейін талап етеді, яғни жарыс жүктемесі нәтижесінде пайда болған шаршауға қарсы тұру қабілетін талап етеді. Сондықтан да баскетболшылардың төзімділігін дамыту қажет. Өте төзімді баскетболшы спортттық тұлғасын өте ұзақ уақыт сақтайды, бір ойында да, бүкіл турнирде де жоғары қимыл белсенділігін көрсетеді, тұрақты және ықпалды әдістер көрсетеді, шапшаң тәсілдік ойлаумен ерекшеленеді, өте нәтижелі болады.
Баскетболшы үшін жалпы және арнайы төзімділіктің де маңызы зор. Оларды дұрыс бірізді, жылдық жаттықтыру сатыларына сәйкес дамыту қажет. Жылдық айналымның дайындық кезеңінің жалпы дайындық сатысында жалпы төзімділіктің мәселелерінен айналысу қажет, ол барлық дене сапаларының дамыуын, аэробтық мүмкіндіктер үшін қажетті база құруды ұсынады. Аэробтың мүмкіндіктерді жетілдірудің құнды ерекше құралдары жүгіру, жүзу ескек есу, шаңғымен жүру және кіші, орта және ауыспалы қарқындылықпен көлемін біртіндеп ұлғайтумен орындалатын айналымдық сипаттағы басқа да жаттығулар болып табылады.
Алайда ұзақ уақыттық көлемді жұмыс біркелкі келеді және баскетболшы оны үнемі қызыға орындамайды. Жаттықтырудың ұнамды түрі фартлек болып табылады - ол орманда немесе жергілікті жерде үлкен көлемде түрлі жылдамдықпен орындалатын жүгіру. Жалпы төзімділікті жетілдіру бірқалыпты, үздіксіз, қайталау және ауысу әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Олардың көмегімен мына міндеттер шешіледі:

  1. Оттегіні тұтынуды жоғарғы деңгейге көтеру;

  2. Жеткен деңгейін тұрақтандыру қабілетін дамыту;

  3. тыныс алу процесстерін шапшаңдығын ең жоғарғы көлемге жеткізу.

Баскетболшының ойындағы қызмет қабілетін көрсету ерекшеліктері аэробтық және анаэробтық процестерді кезектестіру болып табылады. Жоғары қ имыл белсенділігі сәтінде анаэробтық процестер белсенділігі артып, оттегі жетіспеушілігі туындайды. Аэробтық процестердің қуаттылығы оттегі жетіспеушілігін жойып, оның орнын шапшаң толықтыруды анықтайды. Сондықтан жалпы төзімділіктің жоғары деңгейі арнайы төзімділік үшін мықты негіз болады. Арнайы дайындық пен жарыс алдындағы сатыларда төзімділікті дамытудың әдістері мен құралдары өзгеріп, арнайы төзімділіктің үлесі артады.
Жаттығу қарқындылығын анықтау үшін жүрек жиырылу жылдамдығының көрсеткішін пайдаланады. Егер жаттығуды орындағанда ЖЖЖ 150 соқ/мин шамасында болса, демек олар аэробтық қабілеттің дамуына сәйкес келеді, 165 соқ/мин шамасында болса, аэробты - анаэробты ықпал етеді. Егер ЖЖЖ180 соқ/ мин асса, жаттығулар аэробтық қабілетінке әсер етеді. Жүктеменің қалған құрамдас бөліктері жаттықтыру әдістеріне қарай өзгеріп отырады. Баскетболшы төзімділігін дамытудың арнайы әдістері интервалдық, қайталау - ауысу, көмекші, жарыстық, жаттықтырудың айналымдық түрі болып табылады.
Төзімділікті дамытуға арналған жаттығуларды жаттықтыруға ендіргенде жаттықтыру мен жарыстық әсерлер ойыншының қызмет мүмкіндіктері мен дайындық деңгейіне сәйкес келуін қарастыру қажет. Жүктеме қарқынын арттыру спортшы ағзасында дем беретін қалпына келтіру процестері құралдарын кең қолдану ғана мүмкін.
Бұл ең алдымен сабақты тиімді құруға байланысты. Мұнда үлкен мәнге ие болатындар:

  • жүктеме мен демалыстың дұрыс үйлесуі;

  • жаттықтыру құралдары мен әдістерінің өзгергіштігі;

  • жоғары жүктемелі сабақ өткен күннен кейінгі күнді белсенді демалыспен өткізу;

  • жаттығуды белсенді демалыс пен тынығу үшін негізгі жаттығулар арасындағы үзілісте орындау;

  • толық тығу жағдайында әлсіз демалыс ( тиісіншіе, суда);

  • түрлі жағдайларда жаттықтыру өткізу( стадионда.т.б.);

  • жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету және кері әсерлерді жою;

  • тиімді тамақтануды, дәрумен қабылдауды, массажды, су процедураларын, физиотерапияны қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет