Ойынның сипаты



бет24/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

3.4. Әдістік дайындық

Ойынның заманауй деңгейі әдістік дайындық бағытын анықтайды. Ойыншылардың жан - жақты әдістік дайындығы барысында ғана жоғары нәтижелерге жетуге болады. Бұл үшін баскетболшы мынаны меңгеруі тиіс:


1) Заманауй баскетболдың баршаға ортақ ойын амалдарын меңгеріп, оларды түрлі жағдайларда атқара білуі;
2) Әдістерді бір - бірімен кез - келген бірізділікпен, түрлі ауысу жағдайларында үйлестіре білу. Түрлі әдістерді үйлестіре отырып, қимылды түрлендіру.
3) Ойында жиі қолданылатын бірақ оларды үлкен әсерлі орындауы керек әдістер кешенін меңгеруі ойынның өткір вайлашарғысы жеке ерекшеліктер мен қабілеттерді барынша қолдануды талап етеді.
4) Әдістерді үнемі жетілдіріп, оларды орындалуындағы ортақ сәйкестікті жақсарту.
Жаттықтыру барысы өсеклең қарсы әреет жағдайында күрес жүргізуді қамтамасыз ететін спортшының қабілетін дамыту деңгейіне қойылатын талаптар біртіндеп артатындай болып ұйымдастырылуы тиіс.
Барынша қысқа мерзімде тиімді әдістерді меңгеру ойынды дамыту жолдарын білу мен көпжылдық жаттықтыру процесін жоспарлап құрады ұсынады. Дайындықтың әрбір кезеңде спортшы алдына міндеттер қойылып, соған сәйкес әдістер мен құралдар таңдалады. Әдісті жетілдіру міндеттері ойыншының жасы мен біліктілігінің өсуіне қарай өзгеріп отырады.
Көпжылдық жаттықтыру процесін шартты түрде үш сатыға бөледі:

  • әдісті бастапқы қою;

  • оны тұрақтандыру мен жетілдіру;

  • жоғары спорт шеберлігіне жету.

Әдісті қоюды жан - жақты дене дайындығы тәрізді жоғарғы нәтижелердің іргетесы ретінде қарайды. Дайындықтың бұл кезеңі спортшының бұдан кейінгі әрекетінде шешуші роль атқарады: жасаған жұмыстарыдың жан - жақтылығы мен мұқияттылығына қарай одан ары өсу мүмкіндігі мен қарқыны белгілі болады.
Бұл сатыдағы негізгі міндет - әдіс қою, яғни ойын әдістерін орындаудың негізгі заңдылықтарын меңгеру барысында қозғалыс жүйесін қалыптастыру. Бұл үшін мыналар қажет:

  • ойын талаптарына сай жүргізуді, лақтыру мен секіруді пайдалану;

  • негізгі әдістерді орындауға қажетті қимыл дағдыларын меңгеру;

  • үйренген қимылдарды баскетболшының көпсалалы қимылдарының негізін құрайтын жаңа үйлесімдермен біріктіру;

  • үйренген әдістерін ойынға қолданып үйрену.

Негізгі қимылдарды тез меңгеру педагогикалық міндеттерді қою бірізділігіне байланысты болады. Алғашқыда спортшы бастапқы қалыпты меңгеріп, дененің қай бөліктері қимылға қатысатынын, бұл қимылдардың бағыты мен үйлесімділігі қаншалықты екіенін білуі тиіс. Сосын ойыншы қимылды өзіне қолайлы, қолданбалы екпінде тиімді құлашпен орындап, қимыл құрылымының орындалу дәлдігіне жетіп,сосын әдістің бөліктерін игеруі тиіс.
Оқу барысында оқушыларды әдісті қарапайым ойында қолдана алатындай етіп, жағдайды күрделендіру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет