Ойынның сипаты


Дамыту мен бекіту принциптері



бет35/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

Дамыту мен бекіту принциптері. Оқыған материалдарын бекітпейінше алға жылжу мүмкіг емес. Егер жаңа материал оқытылып, жүктемелер артып, жаттығулар жаңарып, күрделенбесе, алға даму да болмайды.
Өтілген материал бекітілуі тиіс, оқушылар оны бұзушы ықпалдарға төзімді болатындай етіп мықтап бекітуі тиіс.
Оқыту принциптері өзара байланысты және өзара шарттасқан, ол оқыту барысын тиімді бағдарлауға мүмкіндік береді.
Ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде зерттеудің түрлі әдістерін пайдаланады.
1. Материалистік диалектика әдісі. Олар марксистік диалектикаға сүйеніп, ақиқатты ғылыми тануда жалпы әдістемелік болып табылады. Педагогикалық ғылыми зерттеулерде ақиқатты нақты зерттеу, құбылысты, өзара байланыс пен дамуды зерттеу, т.б. тәрізді материалистік диалектиканың талаптары іске асырылуы тиіс. Түсіндіре айтқанда философиялық принциптер мен әдістер кез - келген ғылымда, оның ішінде спортта ақиқат танудың ортақ жолын көрсетеді.
2. Ғылымның кең шеңберіне тән ортақ әдістер:

  • логикалық (талдау, жинақтау, индукция, дедукция, т.б.);

  • бақылау;

  • сауалнама.

3. Спортқа жақын ғылымдарда пайдаланылатын жеке әдістер (үлгілеу, сынақ алу, болжау, т.б.).
4. Арнайы әдістер мен әдістемелер (хронометрлеу, қимылды талдауды көрсету әдісі, т.б.).
Аталған әдіс топтары өзара байланысты. Жалпы әдістемелік негізінде жеке әдістер қолданылады, оның ішінде спорт саласында әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық, т.б. тәрізді аралас ғылым әдістері кеңінен пайдаланылады, олар спорттағы заңдылықтарды барынша жан - жақты, объективті (нысанады) түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан баскетбол саласындағы педагогикалық зерттеулердің көпшілігіне кешенді әдістер қолдану тән. Мысалы, баскетболшының оқу - жаттықтыру барысында пайдаланатын жүктемені зерттеу үшін бақылау мен хронометрия әдісі, жүктеме бағытын анықтау үшін пульс өлшеу әдісін, жүктеменің қимыл және психика саласына әсерін анықтау үшін жарықтың өшіп - жану жиілігі мен электротерлік қарсылығын анықтау әдісі қолданылады.
Қандай да бір мәселені зерттеу әдістемесі кешенді әдістерді қолдану ұсынады. Мысалы, баскетболшының дене дайындығын зерттеу әдістемесі сынақ алу, полидинамометрия, тензаметрия, антрополитрия, т.б. әдістерін қарастырады. Баскетболда түрлі әдістемелерді қолданудың бірнеше мысалдарын келтіреміз.
Антропометрия - дене дамуын зерттеу әдісі, баскетбол үшін бұл әдістің маңызы зор, өйткені ойыншының бойы өсуі мен оның өзгеруі дәрежелі ойыншыны дайындауда басшы рольдердің бірін атқарады. Антропометрияда дене дамуының негізгі белгілерінің мөлшерін анықтайды: дененің салмағы мен ұзындығы, мойын, сан, мықын, иық көлемі, білезік күші, тұрыстық күші, спирометрия. Антропометриялық зерттеуге, сондай-ақ, соматоскопия жатады; ол кеуде қуысының пішіні, бұлшықеттің дамуы, май бөлінуі, аяқ пен табан пішіні т.б.
Гониометрия - оның көмегімен буындардың қозғалғыштығы мен ондағы қимыл құлашын анықтайтын әдіс.
Полидинамометрия - оның көмегімен бұлшықет топтарының күштік мүмкіндіктерінің топографиялық бейнесін құруға болатын әдіс. Баскетболшылардың бұлшықет топтарының күшін анықтау үшін динамометрдің қолмен өлшенетін, тұрыстық, әмбебеп және күш өлшеуішінің қабырғасы түрлері қолданыста кең тараған.
Бұл баскетболшы бұлшықетінің күшін анықтау әдістері. Доп беруді орындағанда арнайы күшті қолдану үшін соққылы динамометр қолданылады. Секіру, доп беру және де басқа әдіс амалдарының күшін анықтағанда тензометрлік құрылғы пайдаланылады. Мысалы, секіру күшін анықтау үшін баскетболшының аяқ киіміне тензометрлік ұлтан салынады.
Ойыншылардың жылдамдық сапасын анықтау үшін секундомер қолданады (хронометр, жылдамдық өлшегіш, приставкасы бар милисекундомер, мәрелік фото қондырғысы мен басқа құрылғылар); секіргіштікті анықтау үшін - В.М. Абалаковтың лента тартқыш қондырғысы, жазба хронографы бар электробайланысты платформа(ұшу кезеңінің уақыты анықталады), «қисық» экран, сондай-ақ, басқа да арнайы жасалған аспаптар қолданылады.
Баскетболшының ептілігін, икемділігін, төзімділігі мен басқа да сапаларын анықтау үшін арнайы сынап байқау тесттерін пайдаланады. Тест әдісі баскетболшының бүкіл дене сапасы кешенін қамтиды. Бұған қоса, олардың көмегімен түрлі дәрежедегі, яғни жасөспірімдерден бастап, елдің құрамасындағы баскетболшыларға дейінгі ойыншылардың әдіс - тәсілдік дайындық деңгейін анықтауға болады. Баскетболшының арнайы дене сапаларының даму деңгейін түрлі техникалық құралдар көмегімен де тексереді. Баскетболшының жаттықтыру әдістерін жетілдіру міндеттерін шешу үшін қазіргі кезеңде ағзаның жүктемеге жауап назары туралы кең көлемдегі, жан - жақты ақпаратты алу қажеті, яғни баскетболшының қызметтік дайындығын зерттеу қажет, себебі жоғары спорт нәтижелеріне жету жүрек - тамыр және тынысалу жүйелерінің даму деңгейіне, тірек - қимыл аппараты мен жүйке жүйесінің жағдайына тікелей байланысты болады.
Арнайы жұмыста ағзадағы қызметтік өзгерістер туралы қосымша мәліметтерді биохимиялық әдіс арқылы алуға болады, ол қышқылдық - сілтілік тепе - теңдіктің, қандағы сілті қорының, артериалды қанның оттегімен қанығуы деңгейінің көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі.
Ойынның әдісі мен тәсілдік зерттеуде кешенді әдістері пайдаланылады, олар - суретке түсіру, киноға түсіру киноциклография, т.б., соңынан биомеханикалық талдау жүргізіледі. Қазіргі кезде жұмыста бейнтаспаға жазу кең қолданылып жүр, оның көмегімен баскетболшының кез - келген қимылын таспаға жазып алып, сосын жазбаны кез - келген жылдамдықта көріп, оны талдауға болады.
Электрография әдісі бұлшықет биоөрістен тіркеуге мүмкіндік береді. Олар арқылы бұлшықеттің аталған қимыл сәтіндегі белсенділік деңгейі туралы пікір қорытып, сол сияқты жаңадан бастаушы мен спорт шеберінің қимылдары арасындағы сапалық айырмашылықты, қимылдың ішкі құрылымын анықтауға болады.
Баскетболшыларды тәсілдік дайындау, ойыншыларды топтау мен олардың командадағы ойынпаздығының мәселелері психология мен социометрия әдісі арқылы шешіледі, олар ұжымдағы өзара қатынастың құрылымын, топтық ақпаратты анықтауға көмектеседі.
Жұмыста қандай әдіс қолданбасын, тәжірибе жүзінде алынған материал математикалық статистика әдісі көмегімен сұрыпталуы тиіс.
Зерттеу әдістерін таңдау жұмыс міндеттерінен әрбір нақты жағдайларда олардың дұрыстығымен, зерттеушінің техникалық мүмкіндіктерінен айқындалады. Бірақ кез - келген жағдайда таңдаған әдістеме былай болуы тиіс:

  • тиімді және барынша жан - жақты ғылыми материал алуды қамтамасыз ету;

  • сенімді әрі түсінікті (көп дүркін зерттеулер, жеке нәтижелер, түрлі континентте түрлі зерттеушілердің зерттеуі);

  • үнемді;

  • қарапайым және қауіпсіз;

  • ғылыми сиымды (құбылыстың ақиқат жағдайын сипаттауға көмектесетін көп ақпарат беру);

педагогика көптеген әдістер ішінде мына әдістер кең қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет