Ойынның сипаты



бет36/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

Бақылау әдісі. Спорттағы педагогикалық бақылау - бұл табиғи оқу - жаттықтыру немесе жарыс барысына зерттеушінің қатысуын аспаптар көмегімен немесе сезім мүшелерімен атқарылатын, зерттелетін құбылыстардың сандық және сапалық сипатын жоспарлы және жүйелі дұрыс қабылдау.
Педагогикалық бақылау - бұл ғылыми ақпарат алудың басты әдістерінің бірі. Ғылыми бақылауға таңдау бағыты, зерттеудің сәйкес мақсаты, жүйелілігі мен жоспарлылығы тән. Сондықтан оны жүргізуге мұқият дайындалу қажет. Бақылауға дайындыққа мыналар кіреді:

  • бақылау міндеттері мен жоспарын анықтау;

  • бақылау нысанын таңдау;

  • бақылауды жүргізу әдісін анықтау;

  • алынған мәліметтерді талдау әдісін анықтау.

Баскетболдағы бақылау былай жіктеледі:
1) Оқу барысын ұйымдастыру түрлері мен нысаны бойынша жеке, топтық және командалық бақылау.
2)Ғылыми жұмыстың ұзақтығы бойынша (ұзақ, қысқа және дискретті бақылау(үзбелі бақылау).
3) Бақылау нәтижелерін тіркеу әдістері бойынша (бейнелеу, аспаптық, өзіндік бақылау).
4) Бақылау нәтижелерін жазу әдісі мен түрлері бойынша (сандық, индекстік, кестелік, фотоға, киноға түсіру, дыбыстық, теледидарлық, социолографиялық, жиынтық амалдық).
Спорттық жаттықтыру іс - тәжірибесінде бақылауды жүргізу үшін көбінесе түрлі жобаларды, хаттама мен кестені, алдын ала арнайы шартты белгілермен есеп картасын пайдаланады.
Мысал ретінде баскетболшының жарыс қимылын шабуылда да қорғаныста да бақылау хаттамасын келтіреміз.


Минутка картасы
Спортқа техникалық құралдар ендірумен байланысты қазіргі кезде педагогикалық бақылау көбінесе фотокинобейнеаппараттары мен басқа да аспаптар көмегімен жүргізіледі, олар жан - жақты және сан алуан ақпараттарды көптеп алуға көмектеседі.
Тәжірибе әдісі. Спорттағы педагогикалық бақылау ғылыми дәйектер алу мен оқу - жаттықтыру барысын орнықтыруы, іс - тәжірибе мен ілімдегі ережелерді дәлелдеп немесе теріске шығару үшін қажетті амалдар мен әдістердің әсерлілігін анықтау үшін жүргізіледі. Тәжірибелеп жаңа болжамдармен теориялар жасауға әкеледі. Баскетболдағы мәселелердің шешімін табуда педагогикалық тәжірибе жаттықтыру құралдары мен әдістерін, әдіс - тәсілдерді жетілдіру амалдарын тиімді етуге байланысты нақты сауалдарды шешу үшін қолданылады.
Тәжірибе - педагогикалық бақылауға қарағанда терең әрі тиімді әдіс, ол мынаған жол ашады:

  • бақыланған құбылысты кез - келген жағдайда бірнеше рет қайталау;

  • жеке түрде бақылау мүмкін емес құбылыстар мен процестерді таза түрінде зерттеу;

  • бұрын жүргізілген зерттеулерді сондай жағдай тудырып тексеру.

Зертханалық әдіс педагогикалық тәжірибе жүргізуден ерекшеленеді, ол сыналушының сыртқы қимылын ғана емес, ағзаның жасырын физиологиялық реакцияларын да ескереді. Бұндай көптеген түрлер зертханалық тәжірибемен байланысып, зерттелген процестің бірі немесе бірнеше жақтарын бөліп шығарады. Табиғи тәжірибеде баскетболшының немесе команданың қимылын жұмыс жағдайында зерттейді.
Тәжірибе жүргізу үшін мыналар қажет:
1. Жұмыстық болжамын дұрыс қалыптастырып, дұрыс міндеттер қою үшін ілім мен іс - тәжірибедегі сұрақтың жағдайын алдын ала мұқият зерттеу.
2. Уақыт пен күшті аз шығындап, ақпарат алу үшін тәжірибе жүргізудің жан-жақты толық жоспарын құру. Күткен нәтиженің сенімділігіне әсер етуі мүмкін жағдайларды ескеріп, оларды жою шараларын қолдану (мысалы, зерттеушілер санын дәл анықтау).
3. Зерттеудің әрбір элементінің мазмұны мен бірізділігін бөлшектеп әзірлеу.
4. Зерттелетін процеске жүйелі бақылау жүргізу. Дәйектерді дәл сипаттау.
5. Өзінің зертеу мәліметтерін бұрынғы зерттеулермен салыстыру. Анықталған дәйектерді замануй ғылым тұрғысынан түсіндіру.
6. Тәжірибе барысында алынған нәтижелерге сыни тұрғыдан қарау. Мәліметтерді бірнеше рет тексеріп, оларды талдап, мүмкін болса, математикалық сараптау жүргізу.
Бұған қоса, тәжірибе жүргізгенде зерттеушілердің біртектес тобын таңдап алып, тәжірибе шартын теңестіріп, тәжірибе соңына дейін зерттеушілердің толық құрамын сақтап, сыртқы әсерлер ықпалын түгелдей жою қажет. Тіркеу әдісі дәл және сенімді, ал қондырғы барлық зерттеушілер үшін бірдей болуы тиіс.
Бақылау сынақтары немесе тест алу баскетболшылары даярлау іс-тәжірибесіне терең еніп, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің маңызды және іскер әдістерінің бірі болып табылады. Олардың көмегімен баскетболшылардың жаттықтырылуы мен дене жұмыс қабілетінің, дайындық барысындағы спорт нәтижелерінің өзгерісі мен психикалық және қимыл сапаларын дамыту деңгейін, сонымен қатар көп жылдар бойы әдіс амалдарын меңгеру, оның тұрақтылығы мен әсерлігінің дәрежесі, жаттықтыруды жоспарлау жүйесіндегі мүлт кету дарынды спортшыларды іріктеу жүйесін қолданылатын оқу әдістері мен құралдарының жетістігі мен кемшіліктерін анықтайды.
Баскетболшының іс-қимыл әрекеті дене мүмкіндіктерінің кешенді пайда болуымен сипатталады, осыған байланысты бақылау сынақтарын әзірлеп, жүргізгенде мына талаптарды қатаң сақтау қажет:

  1. Тестті орындауда дәл математикалық өрнектеу мүмкіндігі мен статистикалық сараптау үшін алынған нәтижелердің жеткілікті болуы;

  2. Орындау шартының тұрақтылығы мен өзгермеуі;

  3. Тесті орындау жағдайын ойынға, нақты ойын жағдайын және ойын әрекеті тәртібін үлгілеуге дейін жеткізу;

  4. Тесттің қойылған міндетке жақындығы, тест көрсеткіші мен соған сәйкес ойын көрсеткіштері арасындағы жеткілікті байланыс;

  5. Ойыншы мүмкіндігін барынша көрсетуге жағдай жасау;

  6. Тесті орындау қорытындысын толық талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет