Ойынның сипаты



бет29/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

3.7. Жарыс дайындығы

Күрес қиын жағдайларда жүргізілетін жарысқа команданың қатысуы даярлықты көрсетудің ең жоғарғы түрі.


Жарыс дайындығы үлкен маңызға ие болады. Жарыс жағдайында спортшы ағзасының жұмыс қуаты толығырақ қамтылады. Әсіресе жоғары жүктемеге бейімделуге ықпалды стимул пайда болады. Тек басқа командалармен жарыста ғана өз күшін толығымен жұмсап, оларды есеппен пайдалану қабілеті дамып, өз көңіл - күйін бағындырып, өз мүмкіндігінен де жоғары көтерім қабілеті дамуы мүмкін.
Дайындық жетістігі көбінесе жарыстық тәжірибеге байланысты өзінше өрбиді. Оның сипаты жүргізілу жағдайымен, ойыншылардың жеке ерекшеліктерімен және қарсылас команданың сипаттық ерекшеліктерімен анықталады. Егер үнемі ойыншылар біркелкі жағдайда, тек таныс қарсыластарына қарсы ойнаса, оларда жаңа жағдай туындап, жаңа қарсылас пайда болса, күрт бұзылуын, бірқалыпты біржақты мінез - құлық түрінің жүйесі қалыптасуы мүмкін.
Жарыс дайындығы команданың жылдың негізгі жарысына және көпжылдық айналымның шешуші дайындығына даяр барысын аяқтайды. Команда дайындығы жүйесін мақсаттық тағайындауға орай жарыстарды бақылау, қорытынды және негізгі деп бөледі. Бұл кездесулерді құрамға бөліп тағайындау белгілі бір атаулармен анықталады, олардың барысында жаттықтырушы ойыншылар мен команданың жарысқа дайындығының түрлі жақтарын тексереді.
Жарыс дайындығының жалпы көлемі команданың дәрежесіне байланысты болады.
Жылдық айналымда мысалы КСРО біріншілігіне қатысатын жоғары және бірінші лига командалары 60-65 ойын өткізеді, олардың 10-12 бақылау, 8-12 жарысты қорытындылаушы және 30-40 - КСРО біріншіліктеріне жатады.
Дәрежесі сәл төмен командаларда жарыс дайындығының көлемі сәл төмендейді. Жарыс жүктемесінің төмендеуі негізінен негізгі жарыстардағы ойындардың азаюына байланысты жүреді.


3.8. Психологиялық дайындық

Спортшының психологиялық дайндығы спортшының жалпы (жыл айналымдық) дайындығын, жарыстарға психологиялық дайындығын, спортшының жүйке - психологиясының қалпына келуін басқаруын қарастырады.


Жалпы психологиялық дайындық міндеттеріне спортшының жеке тұлғасы мен адамдар арасындағы қатынасты қалыптастыру, спорттық ақыл - ойдың дамуы, арнайы психологиялық қызмет пен психомоторлық сапалар дамуы жатады.
Психологиялық дайындық барысында әрбір ойыншы мен командада арнайы рухани - психикалық сапа қалыптасады. Оған спортқа деген тұрақты қызығушылық, жаттықтыру ережесін сақтаудағы тәртіптілік, жаттықтырушы мен ұжым алдындағы борышы, дайындық жоспарын орындауға жауапкершілікті сезінуі және жарыстарға қатысу нәтижесі, еңбек сүйгіштігі мен мұқияттылығы жатады.
Жаттықтырушы спортшыларда тілтабысқыштық, жолдастарын құрметтеу, жаттықтырушысын құрметтеу, оларға жақсы көзқараста болу, өзіне және басқаларға талап қойғыштық, өзіндік сын, спортты сүю мен өзіндік тәрбиеге ұмтылу тәрізді маңызды сапаларды қалыптастырады.
Дайындық барысында және жарыстарда ерік сапалары тәрбиеленеді, олар: мақсатқа ұмтылушылық, дайындықтағы дербестік, шеберлікті игерудегі табандылық, батылдық пен өзін - өзі ұстай білуі, шешімталдық пен бастамашылдық, тұрақтылық пен ұстанымдылық.
Психологиялық дайындық барысында тұрғын - жайы, жаттықтыру мен жарыстың түрлі жағдайларында көңіл - күй тұрақтылығы қалыптасады.
Спортшыларды жарысқа психологиялық тұрғыдан дайындағанда жаттықтырушы оларға жарысқа қатысудың мақсаты мен міндеттерін, жарыс алдындағы дайындықтың шарттары мен мазмұнын, дайындықтың жоғары деңгейінің ойындағы маңызын, ойыншылардың психологиялық жағдайын жақсарту үшін жаттықтыру жүктемесі мен дайындық құралдарының реттелуін, маусымның негізгі жарыс шарттарын үлгілеп түсіндіріп, өзіндік бақылаудың маңызы мен мазмұны туралы әңгімелейді, өзіндік бақылау мен өзіндік реттелудің және оларды жүйелі жаттықтыру әдістеріне үйретеді.
Спортшының жүйке психикалық қалпына келуін басқару барысында жүйке - психикалық қысымы төмендейді, жүктемелі жаттықтырудан соң психикалық жұмыс қабілеті қалпына келеді, ойын көрсету арасындағы үзілістерде өзіндік қалпына келу қабілеті қалыптасады.
Жүйке - психикалық қалпына келу сөз арқылы демалыс, ауысу, тынығу және басқа құралдар көмегімен іске асырылады. Осы мақсатта күн тәртібінде ЖДД құралдарын, мәдени демалыс, көңіл көтеру, аутотренинг жүйесі құралдарын тиімді сәйкестікте пайдаланады.
Психо- педагогикалық ықпалдардың құралдары мен әдістері баскетболшылардың жыл бойындағы дайындықтарының барлық сатыларында пайдаланылып, үнемі қайталанып, жетілдіруі тиіс. Олардың кейбіреулері оқыту мен жаттықтырудың қандай да бір сатысында, әсіресе жарысқа дайындықта және оған қатысқанда, көптеген жаттықтыру және жарыс жүктемелерінен соң қалпына келтіруде зор маңызға ие болады.
Спортшы ағзасындағы жүйке - психика процестерінің жүру ерекшеліктері туралы айтқанда, баскетболшылардың арнайы ерекшеліктерінің құрамдас бөліктері күрделі реакция болып табылатынын ескерте кету керек. Доп беру, доп салу, допты іріктеу, түрлі қашықтықтардан доп салу, т.б. тәрізді ойын әрекеттерінің нәтижелігі - сенсомоторлық жауап беру көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Ойыншылар үшін болжамды болып табылатыны: таңдау реакциясы, болжамның мүмкіндік реакциясы, алдын ала көру реакциясы және «уақытты сезіну».
Баскетболшының қимылдың кеңістік - уақыт белгілері дәл бағалауы алдын ала көре білу реакциясымен сипатталады. «Уақытты сезіну» интегративті сенсомоторлық көрсеткіш болып табылады.
Ойын белсенді қарсылық көрсетуде және жағдайдың үнемі ауысуында жүргізіледі. Осыған байланысты алдыңғы кезекке ойыншылардың жедел және тәсілдік ойлауына қойылатын талаптар шығады. Баскетболшының тәсілдік ойлауының ерекшеліктері спортшы тәсілдік дағдыны пайдаланып, өз ойын іс - қимылға айналдырып, соның артынша олардың нәтижелерін көруімен анықталады.
Ойлау процесінің шапшаңдығы-баскетболдағы тәсілдік ойлау ерекшелігінің маңызды түрі. Ойлау процесінің шапшаңдық ерекшелігі мынадын көрінеді:

  • қажет болған жағдайда ойын жағдайының барлық сипаттамасын сол сәтте бағалау қажеттігінде;

  • жағдайды өзгерту мүмкіндігі есебінен қажеттігінде;

  • ұзақ уақыт көңіл күйге қысым түскен жағдайда шешім қабылдауда.

Сонымен, спорттық іс - қимыл әсерлігі тәуелді болатын барлық психикалық құбылыстар психологиялық ықпалға әкелуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет