Қолданбалы экология


Mollusca типі (моллюскалар немесе жұмсақ денелілер)



Pdf көрінісі
бет16/47
Дата22.09.2022
өлшемі0.65 Mb.
#461124
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Mollusca типі (моллюскалар немесе жұмсақ денелілер).
Моллюска типі жануарлардың əр түрлі топтарын біріктіреді. Олар: жай
жорғалайтын ұлулар, теңіз розинькалары, венеркалар, т.б. Үлкендігі бойынша
буынаяқтылардан кейінгі орында тұр. Олардың бүгінгі күнде 80 000 саналды,
қазып алынғандарының саны 35 000 жуық. Аяқ басты моллюскаларға алып
кальмар жатады. Оның салмағы бірнеше тоннаны, ал ұзындығы 16 м құрайды
екен.
Сипатты белгілері:
1. Буылтық емес, целомды үш қабатты жануарлар.


36
2. Əдетте екі жақты симметриялы.
3. Денесі бастан, вентралді бұлшықетті бөлік – аяқтан, дорсалді бөлік –
жамбастан тұрады.
4. Сыртқы қабаты жұмсақ, дене айналасы жиырылған.
5. Жүрегі бар, қан тамыр жүйесі тұйықталмаған.
6. Тыныс алу пигменті – гемоцианин болып табылады.
7. Жүйке жүйесі жұтқыншақ айнласындағы сақинадан, бас жəне
плевралді ганглилерден, плевровисцералді ганглилерден тұрады.
Əдетте жұмыртқаларын кейінге қалдырады. Дернəсілі – трохофора.
Arthropoda типі (буынаяқтылар)
Буынаяқтылар – жануарлар əлеміндегі ең көп таралған түр. Оның
өкілдері құрлықтың жəне судың барлық жерлерін мекендейді. Оларды барлық
географиялық ендікте кездестіруге болады.
Сипатты белгілері:
1. Үш қабатты целомды көп клеткалы жануарлар.
2. Буылтықтанған, екі жақты симметриялы.
3. Целом айтарлықтай редуцирленген.
4. Орталық жүйке жүйесі жұптасқан ганглилерден тұрады. Нефридиі
жоқ.
5. Хитинді экзоқаңқа бөледі. Əр бір буылтықтың жұптасқан мүшелік
ұштары бар. Олар қозғалыс, азықты табу, тітіркендіргіштерді
қабылдау қызметін атқарады. Беткейінде кірпікшелері болмайды.
6. Жүрегі арқа бөлігінде орналасқан, қантамыр жүйесі тұйықталмаған.
Типтің əр түрлі өкілдерінде дернəсілдік формасы əр алуан.
Echinodermata типі.
Қазіргі уақытта ине терілілердің 5000 түрі белгілі. Олардың барлығы
теңізде, жағалауларда кездеседі.
Сипатты белгілері:
1. Үш қабатты целомды жануарлар.
2. Тек теңізде мекен етеді.
3. Целомның бір бөлігі амбулакралді жүйеге дифференцияланған.
4. Аяқтары түтік тəрізді болады.
5. Əктасты экзоқаңқа.
6. Арнайы бөлу мүшелері жоқ.
7. Жыныстары əр түрлі.
8. Негізгі дернəсілдік стадиясы – диплеврула; кірпікшелі шнуры бар,
пішіні пелагиялық. Дене симметриясының типі: дернəсілінде – екі
жақты, үлкендерінде – бес сəулелі.
Əдебиет:
Негізгі – 3 [т.1; 98-150].
Қосымша –2 [т.2; 125-132].
Бақылау сұрақтары:
1. Қарапайымдылар, олардың құрылысы.
2. Ішекқуыстылар. Сипатты белгілері.


37
3. Кластары. Көбеюі, қоректенуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет