35
Аскаридалардың еркегі ұрғашысына қарағанда пішіні жағынан ұсақтау болады
жəне артқы жағы (артқы ұшы) қайырылып тұрады.
Сипатты белгілері:
1. Үш қабатты көп клеткалы псевдоцеломиялы жануарлар.
2. Екі жақты
симметриялы
3. Буылтық емес.
4. Денесі
ұзын домаланған, ұштары үшкірленген, жауын құрттарына
ұқсас.
5. Ас қорыту жолы екі тесік арқылы ашылады: ауыз жəне аналь тесіктері.
6. Əр түрлі жынысты.
7. Еркін тіршілік ететін түрлері бар, өкілдерінің көбі – жануарлар мен
өсімдіктердің паразиттері.
8. Цефализациясы айқын білінеді.
Annelida типі (сақиналы жауын құрттары).
Дене бітімі псевдоцелді болатын нематодалардан айырмашылығы, жану-
арларда
аннелидтерден бастап, целом дамиды. Целом дене қабырғасы мен ас
қорыту жолдары арасындағы кеңістіктегі сұйықтықпен толтырылған. Мезодер-
ма целомының негізгі бөлігі бұлшықеттерге бастама береді. Дене
қабырғасын
құрап тұрған бұлшықеттер жануарлардың қозғалысын қамтамасыз етіп тұрады,
ал ішек қабырғасындағы бұлшықеттер жиырылып қысқару арқылы азықты
итереді. Заттардың дене қабырғасынан ішекке тасымалдануы (жəне керісінше)
жетілген қан тамырлар жүйесі бойынша жүзеге асады.
Сипатты белгілері:
1. Үш қабатты, целомдық көп клеткалы жануарлар.
2. Екі жақты симметриялы
3. Дененің метамерлі сегментациясы.
4. Перивисцералды целом.
5. Ауыз тесігінің алдында простомиум орналасқан.
6. Орталық жүйке жүйесі жұптасқан жұтқыншақ үсті ганглилерден
тұрады - «бас миынан».
7. Қарын жүйке тізбегі үздіксіз; əдет бойынша жүйкелері буылтықтанып,
екі жаққа кетеді.
8. Бөу мүшелері – нефридии – сегментті орналасқан, эктодермалді,
кірпікшелері бар. Эктодерма кутикуланы бөліп шығарады.
9. Хитин
жіпшелері бар, сегмент бойынша орналасқан (сүліктерді
қоспағанда). Трохофор дернəсілі тəн.
Достарыңызбен бөлісу: