Қолданбалы экология


–ДƏРІС. Эукожүйедегі биотехнологиялық ресурстар: жануар мен



Pdf көрінісі
бет17/47
Дата22.09.2022
өлшемі0.65 Mb.
#461124
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
7–ДƏРІС. Эукожүйедегі биотехнологиялық ресурстар: жануар мен
адам
Адам ағзасының ішкі және сыртқы дамуын морфология зерттейді.
Физиология функционалдық қалыпты, ағзаның физико-химиялық қасиеттерінің
тұрақтылығын реттейтін механизмдерді зерттейді.
Адам денесінің антропометрлік сипаттамлары адам жасына және
жыныстық белгілері бойынша ажыратылады. Туылғанда бас көлемі дене
ұзындығының шамамен төртінші бөлігін алады. Жасөспірімде – 1/8 бас, ал
аяқтары – дененің жалпы ұзындығының ½ бөлігі. Жыныстық жетілуідң бас
кезінде ұлдар мен қыздардың дене бітімдері бірдей болады. Бірақ уақыт
өтісімен айырмашылықтар біліне бастайды, ол ең алдымен аяқтың ұзаруымен
басталады. Біртіндеп бұлшықет, көкірек жасушасы, иық (ұлдарда көбіне)
үлкейе бастайды. Маңдай томпаяды, иек ұзарады, ми сауыты сүйегі шамамен
15%-ке жуандайды, қыздарда сүт бездері дамиды. Жас адамның орташа бойы
18-20 жаста 168-180 см, ал қыздарда 160-170 см. Жас адамның 18-20 жасында
дене салмағы 60-75 кг (қыздарда 55-65кг) болу керек. Бой және салмақ
көрсеткіштер өзара байланыста. Бойы 167 см әйелдердің салмағы 53-63 кг
болады.
Қазіргі заманғы адам ғажайып морфологиялық беглілерге ие. Ең
біріншіден бас миының үлкендігі және оның көп бөлігін үлкен ми сыңарлары
алып жатыр. Оның бетінде көптеген жүлгелер мен иірімдер бар. Егер оның
бетіндегі иірімдерді түзесек, онда оның көлемі шамамен 2090см
2
болатын еді.
Адамның сөйлеу қабілетінің дамуынан иек шығыңқы, ал тістер кішкене және
тығыз орналасқан болып келеді. Тістердің мұндай болып келуі адамның
жұмсақ, өңделген тағамды пайдаланғанынан. Омыртқа S-тәрізді болады.
Аяқтар қолға қарағанда қуатты дамыған. Жүрген кезде дене салмағы өкшеден
саусақтарға ауысады. Еңбек ету әрекетінің дамуымен адамда саусақтар жіңішке
және майысқақ, ал қолдағы бас бармақ қалғандарына қарама-қарсы орналасқан.
Адам және жануар организмінде басты реттеуші нерв жүйесі болып
табылды. Оның іс-әрекетінің негізгі механизмі – рефлекс.
Рефлекс деп (лат. Retlecto – білдіру) организмнің кез-келген жауапты
реакциясын айтады. Ол бас миын және жұлынды өзіне қосатын орталық нерв
жүйесімен іске асырылады.
Морфология жағынан рефлекс 5 бөліктен құралған. Барлығы
рефлекторлық доға деп аталады.
1. рецептор – тері және бұлшықеттегі сезімтал нерв аяқшалары.
2. аферентті нерв импульстерін нерв орталығына жеткізетін сезімтал нерв
жасушалары.
3. Жұлында (нерв орталығында) орналасқан қойылмалы нейрон.
4. Эфферентті нейрон, аксондары арқылы белгі эффекторға жетеді.
5. Көлденең сызықты эффектор немесе тегіс салалы бұлшық ет немесе без,
арнайы іс-әрекетті іске асыратын.
Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы.


38
Орталық жүйке жүйесі бүкіл мүшелер мен жүйелер жұмысын бақылайды.
Бұл күрделі жұмыстарды нерв жасушалары орындайды (нейрон, нейроцит).
Нейрондар: 1. тітіркенулерді қабылдайды; 2. ақпаратты өңдейді және сақтайды;
3. нерв импульстерін өткізеді.
Жүйке жүйесінің анатомиялық құрылымы.
Ол орталық және перифериялық болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне
бас миы және жұлын кіреді. Орталық жүйке жүйесі мен перифериялық жүйке
жүйесі нейрондардан, ганглиялардан, өсінділерден тұрады. Анатомиялық
орталық жүйке жүйесі 4 бөлімнен тұрады: алдыңғы ми, ортаңғы ми, артқы ми
және жұлын. Эмбриогенездің 7-ші аптасында алдыңғы және артқы мидың
бөліну өтеді. Соның салдарынан бес бөлік түзіледі және олар артқы ми, аралық
ми, ортаңғы ми, мишық және сопақша ми деп аталады.
Жұлын және жұлын ми жүйкелері.
Ол омыртқа каналында орналасқан, ұзындығы 45 см. Жұлын миынан 31
жұп жүйке тарайды, оның ішінде 7 мойын, 12 төс, 5 бел, 5 сегізкөз және бір
сегізкөз асты жүйкелері әр сегменттен бір жұптан.
Сенсорлы жүйелер физиологиясы.
Сенсорлы жүйе немесе талдағыштар 3 бөлімнен тұрады: перифериялық,
аралық және орталық. Перифериялық бөлім сезім мүшелерін немесе сенсорлы
мүшелерді – жоғары маманданған мүшелерді түзеді. Олар әртүрлі сыртқы
немесе ішкі ортадағы тітікенулерді қабылдайды.
Аралық бөлім жүйкелерді түзеді. Талдағыштық орталық бөлімі бас миында
орналасқан. Сезім мүшелері – ағзаға ақпараттың сыртқы ортадан түсуінің
жалғыз жолы. Ал ми – оның дәл қабылдануын қамтамасыз ететін мүше.
Рецепторлық аппараттарды перифериялық бөліктер тәрізді екі негізгі топқа
бөлуге болады: соматосенсорлы рецепторлар, олар дене жағдайын
сигналдаушылар және арнайы сенсорлы рецепторлар (көру, есту, дәм сезу).
Сыртқы орта жағдайлары туралы арнайы рецепторлар сигнал береді. Олар
адам және жануарларда бас ауданында орналасқан. Талдағыштар бір жүйе
ретінде жұмыс істейді. Барлық бөліктері бір-бірімен байланысты және бір-бірін
реттейді.
Қан және қантамырлар жүйесі.
Ағзаның ішкі ортасы сұйықтықтар топтарынан – қан, лимфа,
цереброарқалық және тін сұйықтықтарынан құралған. Ішкі орта тұрақтылығы
гомеостаз деп аталады. Ол биологиялық константтар қатарымен, мысалы,
осмостық және артериялық қысым, дене температурасы, қандағы қант
концентрациясымен сипатталады. Қан маңызды физиологиялық функцияларды
атқарады: тасымалдаушы (метаболизм өнімдерін, газ және қоректік заттарды
тасымалдайды), қорғаныс (иммунитеттің маңызды факторы болып табылады),
дене температурасын реттеуші, гормондық (биологиялық активті заттар –
гормондар қанға тікелей бөлініп, бүкіл ағзаға тасымалданады). Ересек адамның
қан мөлшері шамамен 5,5л, яғни дене алмағының 6-8%. Балаларда қан мөлшері
дене салмағынан көп: нәрестелерде 15%, 1 жастағы балада 11%.
Адам қаны қасиеттері бірдей болғанымен, химиялық құрамы әртүрлі
болып келеді. Қазіргі уақытта қан топтарының шамамен 30 жүйесі тіркелген.


39
Қан құю кезінде қай топқа жататынын білу керек. Ең көп таралған және
зерттелген болып АВО жүйесі табылады. Ол 1901 жылы австрия дәрігері
Ландштейнермен ашылған. Сонымен қатар ол ерекше белоктар – агглютиноген
антигендері және агглютинин антиденелерін ашқан. Антиген және антиденелер
комплементарлы болып келеді (AcL, Bcβ).
Қанайналу мүшелерінің мақсаты – тіндер мен мүшелерді қанмен
жабдықтау. Қанайналу мүшелеріне жүрек және қантамырлар жатады.
Тамырларды функциялары, құрылысы жағынан 3 түрге бөлуге болады:
артериялар (қалың қабырғалы, бұлшықет қабаты дамыған, жүректен оның
бойымен қан ағады), веналар (оның бойымен қан жүрекке ағады, жұқалау
қабырғалы), қылтамырлар (жіңішке тамырлар).
Адамдарға және де басқа өкпе арқылы тыныс алатын жануарларға 2
қанайналу шеңбері тән: үлкен (дене немес соматикалық) және кіші (өкпе) .
Үлкен айналым жүректің сол жағынан басталады: сол қарыншадан ірі тамыр-
орта шығады, ол қызыл артериялы (оттегіге бай) қанды алып жүреді. Орта
бұтақталып, ірі және ұсақ артерияларға бастама береді. Ал олар өз кезегінде
одан да ұсақ бұтақтарға-артериолалар мен қылтамырларға айналады.
Соңғылары барлық мүшелерге еніп, оларды санмен қамтамасыз етеді. Мүшелер
тіндерінде газ алмасу жүреді, қанға метаболизм өнімдері мен СО2 түседі.
Қорытындысында қан күңгірттеніп, қоймалжыңданып, веноздық қан деп
аталады. Капиллярлар венулаларға өтіп, ал олар ірі тамырға-веналарға
жиналады. Дененің жоғарғы жағынан қан жоғарғы венаға жиналады. Екі ірі
веналар оң жарты жүрекке жалғасады. Оң жарты жүректен қан оң қарыншаға
бағытталады, ал ол жерден-кіші қанайналым, өкпеге. Өкпеде газ алмасу жүреді
де, қан СО2-ні беріп, оттегіге бай қан қайта өзіне тән қызыл түсті болады.
Өкпеден өкпе веналары арқылы қан сол жарты жүрекке түсіп, сол қарыншаға;
және ары қарай үлкен шеңберге қайта ауысады.
Адам жүрегі-жүрек маңы қапшығымен қоршалған мүше (перикард). Жүрек
перикардты сұйықтықпен қажалудан сақтайтын шайылады. Жүрек 4 қуыстан: 2
жүрекше, 2 қарыншадан құралған.Жүрек қабырғасы үш қабаттан құралған:
сыртқы-эпикард, ортаңғы-миокард, ішкі-эндокард. Жүрекшелер 
мен
қарыншалар арасында қақпақшалар орналасқан: жүректің сол жағында-екі
бөлімді, ал оң жағында-3 бөлімді.Қақпақ бөлімдері тек қана қарыншаларға
майыса алады, қақпақшаларды ұстап тұратын кедергі болады.
Жүрек жұмысы (жүрек циклы) 3 фазадан тұрады: систола (жиырылуы)-
жүрекшенің 1о,1с. Созылады), қарыншалар систоласы (0,3с. Созылады) және
жалпы диастола-босау. Осылай жүректің жиырылуы уақыты босау уақытына
тең.
Жүрек өмір бойы белгілі-бір ырғақпен жиырылып отырады. Сосын
импульс мамандандырылған бұлшықет тапшықтарына (пуркинве) таралады.
Сонымен, жүрек-автоматты жұмыс істейтін автномды жүйе. Қанның тамырлар
бойымен жылжуы, мүмкін, жүректің ырғақтық жұмысына байланысты. Ең
жоғарғы 
қысым 
ортада-150мм.ри.ст, Артерияларда-120мм.рт.ст, ал
қылтамырларды ол 40-20ммрт.ст-ға тең. Қысымды әдетте соригмоманометр
құралымен анықтайды (Рива-Роччи). Бұл кезде екі систола және диастола


40
қысымдары мәндерін есепке алады.
Тыныс алу физиологиясы
Анатомиялық тыныс алу жүйесі ауаөткізуші және респираторлы өкпе
бөлімдерінен тұрады. Ауа өткізуші жолдарға мұрын қуысы, аңқа, көмей,
демтүтік және бронхы жатады. Газ алмасу мүшесіне өкпе жатады. Өкпе арқылы
тыныс алуға тыныс алудың бірінші екі кезеңі кіреді: 1) сыртқы орта мен өкпе
арасындағы ауа алмасу; 2) альвеолалардағы ауа мен қан арасындағы газ алмасу.
Өкпе арқылы тыныс алуды сыртқы деп те атайды.
Альвеолаларда оттегі мен көмірқышқыл газы кіші шеңбердегі көктамыр
қары мен ауа арасында алмасады. Тыныс алу газдары өкпеден тінге және
тіндерден өкпеге қан арқылы тасымалданады.Өкпе альвеолаларынан қанға
өткен оттегі біріншіден сұйық бөлікте-плазмада ериді, содан кеиін
гемоглобинмен химиялық байланысқа түсу үшін эритроциттерге ауысады.
Тыныс алуды реттеу. Артериялық қандағы газ мөлшерін реттеудің негізгі
тәсілі-ол өкпедегі желдету мөлшеріндегі тазалық пен тыныс алу тереңдігін
реттеу болып табылады.
Асқорыту физиологиясы.
Асқорыту дегеніміз-қорекпен бірге түскен күрделі қоректік заттарды
жай байланыстарға шейін ыдырататын механикалық, физико-химиялық және
биологиялық
процестер 
жиыны.
Асқорыту-қоректік 
заттардың
ассимиляциясының бастапқы кезеңі. Одан кейін заттардың аралық алмасуы
және метоболезм өнімдерін бүйрек арқылы шығару өтеді. Асқорыту жүйесі 3
бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Алдыңғы бөлікке-ауыз қуысы
мүшелері, өңеш, жұтқыншақ, ортаңғыға – қарын, аш ішек, артқыға – тік ішек,
кіреді. Асқорыту жүйесіне сонымен қатар бездер-сілекей, асқазан асты және
бауыр, асқазан-ішек жолына бөлінетін секреттер жатады.
Алдыңғы бөлік қоректі ұстауға, шайнауға,жұтуға орналған. Ортаңғы бөлік
қоректі химиялық өңдеуге және гидролиз өнімдерін соруға арналған. Артқы
бөлікте қорытылмаған қорек қалдықтарын өңдеу жүреді. Асқорыту жұмысы –
механикалық және биологиялық жолмен асқорыту жолына түскен қоректі
өңдеу.
Ағзадағы зат алмасу физиологиясы.
Энергия алмасу мен зат алмасу бұл бір уақытта жүретін екі үрдіс болып
табылады. Ағзадағы қоректік заттар ыдырағанда энергия бөлінеді. Энергия
маманданған қосылыстар мен өмір сүру процестерінің синтезіне жұмасалады.
Адам және жануарлар ағзасына энергия қорек арқылы түседі. Энергияның
қоректік заттардан босатылуы ішек-қарын жолында өтеді. Жасушадағы
энергетикалық зат алмасу өлі табиғаттағы энергетикалық процестерден үш
басты принципке негізделген:
1) химиялық энергия жұмысқа айнала алады.
2) энергия босатылуы кезеңдерге бөлінген, бұл ағзаны «энергетикалық»
жарылыстан сақтайды.
3) көмірсу, ақуыз және майлар ыдырағанда пайда болған энергияны сақтау
және пайдалану оны биологиялық аккумулятор болатын басқа заттар
энергиясына айналдыру жолымен жүзеге асады. Энергия арқылы АТФ синтезі,


41
сутегінің тыныс алу жолында қышқылдануынан пайда болған, қышқылдың
фосфорилендену деп аталады.
Энергетикалық алмасудың маңызы – қоректік заттардан электрондарды
босатып, ағзадағы химиялық үрдістердің жүруін қамтамасыз ету.
АТФ – ол ағзаға «өтпелі» энергия көзі болып табылады. Оның қоры үлкен
емес және жаңартылып отырады. Энергияның резервті көздеріне бұлшықет
және бауыр гликогендері, кетонды денелер, май тінінің триация глицеридтері
жатады. АТФ энергиясы бұлшықет жиырылу, мембраналы активті
тасымалдану, ақпарат өткізу, биосинтез процестерін қамтамасыз етеді.
Бөліп шығару жүйелер физиологиясы.
Бөліп шығару (экскреция) – бұл организмді алмасу өнімдері қалдықтарын,
бөтен заттардан, артық судан, органикалық байланыс тұздарынан тазарту.
Адам және жануарларда бұл қызметті бүйрек, өкпе, тері, бездер атқарады.
Бүйрек – көп функционалды мүше. Ол құрамында азот бар метаболиттерді
бөліп шығарудан басқа осмостық қысымды, иондық құрамды, ақуыз
метаболизмін, сілтілі-қышқылды қан тепе-теңдігін, майларды, көмірсуларды,
дәрумендерді реттейді. Бүйректер – омыртқа мүшелерінің астында орналасқан
жұп мүшелер. Несеп түзу үрдісі екі кезеңнен: фильтрлеу және реабсорбциядан
тұрады. Фильтрлеу үрдісі бейорганикалық заттар еріген судан және қан
плазмасынан тұратын бүйрек денешіктерінде өтеді. Бұл сұйықтық бүйрек
капсуласына еніп, одан кейін бүйрек түтікшелеріне түседі. Химиялық құрамы
бойынша қан плазмасына ұқсас, бірақ құрамында ақуыз болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет