Қолданбалы экология


Ядроның құрылымдық компоненттері. Ядро құрылысы мен формасы



Pdf көрінісі
бет20/47
Дата22.09.2022
өлшемі0.65 Mb.
#461124
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Ядроның құрылымдық компоненттері. Ядро құрылысы мен формасы.
Ядро пішіні əдетте шар тəрізді, орақ тəрізді кейде таяқша тəрізді болып
келеді. ядро формасы жасуша формасына жəне оның қызметіне байланысты.
Ядро көлемі 2-600 мкм. Ядро заты ақуыз бен нуклеин қышқылдарынан тұратын
тығыз коллоид. Эукариоттарда ядро құрайтын заттар – ядро қабығы, ядро
шырыны, ядрошық жəне хромосома. Ядро қабығы ішкі жəне сыртқы
мембраналардан құралады жəне олардың арасында перинуклеарлы кеңістік
орналасқан. Екеуінде де тесіктер болады. Кариолимфада рибосома жəне
нуклеин қышқылдарын синтездейтін ферменттер бар. Ядрошық – тұрақсыз
құрылым: олар жасуша бөлінуінің бастапқы кезеңінде жойылып, аяғында қайта
пайда болады.
Əдебиет:
Негізгі – 3 [т.2; 14-126].


49
Қосымша –2 [125-132].
Бақылау сұрақтары:
1. Жасушаның клеткалық құрылымдары. Ядро, цитоплазма. Митохондрия.
2. Плазмалық мембрананың клетка үшін маңызы қандай?
3. Гольджи аппараты. Лизосомалар
10–ДƏРІС. Клетканың 
бөлінуі, химиялық
құрамы.
Клетканың бөлінуі бірнеше фазалардан тұрады:
Интерфаза  хромосома репликациясы, қоректік
заттар мен энергияның жинақталуы жəне синтезделуі
жүреді.
Өздігінен бөліну:
Профаза  хромосомалар қалыңдап, ұзындығы
қысқара бастайды.
Метафаза хромосомалар экваторлы сызыққа тізіле
бастайды.
Анафаза  бөлінудің арқасында центромер
серіктестер қарама-қарсы полюстерге ажырайды.
 Телофаза хромосомалар қарама-қарсы полюстерге
жетеді.
 6.2 - сурет. Митоз


50
6.3 - кесте. Митоз
Ста-
дия
Фаза
Сипаттама
Пресинтет
икалық –
G
1
Клеткалық құрылымның түзілуіне жəне кезекті бөлінуге қажетті
қоректік заттардың жиналуы.
Синтетика
лық – S
ДНҚ репликациясы (екі еселенуі).
Ин-
тер-
фаза
Постсинте
тикалық–
G
2
Қоректік заттардың жиналуы жалғаса береді. Энергия да
жинақталады. Клетка бөліну импульсына дайындалып тұратын
кезең.
Профаза 
Хромосомалардың конденсациялануы жəне спиралдануы. Əр бір
хромосома центромерде біріккен екі шиыршықталған хроматид-
терден тұрады. Ядролық мембрана жəне ядрошықтар жоғалып
кетуінің салдарынан хромосомалар цитоплазмаға түседі. Осы
уақытта центиоль бөлініп, қосымша центриолдар барлық бағытта
жұлдызшалар (тізбектер) шығарып, клетканың қарама-қарсы
жақтарына бөлініп кетеді. Тізбектер екі жұп центриолдар арасын-
да бөліну құрылымын түзеді.
Метафаза 
Хромосомалар экватор жазығына орналасады. Клетканың
митотикалық ахроматиндік аппаратының қалыптасуы аяқталады.
Анафаза
Центромерлердің бөлінуі жəне хроматидтердің жекешеленуі
жүреді. Олардың əр қайсысы жеке хромосома болып, қарама-
қарсы полюстерге бет алады. Анафаза сыртқы пішіні жұлдыздарға
ұқсас фигуралар түзіп, хромосомалардың полюстерде бірігуімен
аяқталады.
Ми-
тоз
Телофаза 
Хромосомалар 
деспиралданады. Хромосоманың 
əр 
бір
жиынтығының айналасынад ядролық мембрана қалыптасады,
сөйтіп қайтадан ядрошықтар пайда болады. Цитокинез де дəл
осылай толығымен осы стадияда аяқталады.
Өз кезегінде, олардың барлығы үшін негізгі элемент көміртегі болып табы-
лады. Ол «тіршілікті ұйымдастыру орталығы» болып табылады, жəне олардың
«молекулалық қаңқасын» қалыптастыру үшін сутегі, оттегі, азот жəне фосфор
(эукариоттар массасының 96%) қажет. Осы элементтердің əр қайсысы эукари-
оттар организмдеріне əр түрлі тəсілдермен түсе алатын циклдық өзгерістерден
өтеді, сонысымен қалыпты тіршілік жағдайын сақтайды. Осыған сəйкес, клет-
каны көптеген əр түрлі заттардың синтезі жүретін шағын химиялық зертхана-
мен салыстыруға болады.
Осылайша, клеткадағы химиялық компоненттерді бейорганикалық (су ~


51
85% жəне минералды тұздар ~ 1,5%) жəне органикалық (ақуыздар ~ 10%,
көмірсулар ~ 0,4%, нуклеин қышқылдары ~ 1,1%, липидтер ~ 2%) деп екіге
бөлуге болады. Онда бір уақытта және қатал тәртіпте биохимиялық процестер
жүріп отырады. Жасуша құрамында Жер бетіндегі бар 90-ға жуық химиялық
элементтер бар. ең жиі және көп мөлшерде 12 элемент кездеседі. Оларды
құрғақ заттағы % байланысты былай орналастыруға болады: 0-65-75; С-15-18;
4-8-10; N-1,5-3,0; Ca-0,4-2; P-0,2-1,0; K-0,15-0,4; S-0,15-0,2; Na, Mg-0,02-0,03;
Cl-0,05-0,1; Fe-0,01-0,015. олардың ішіндегі бірінші төрт элемент жасушаның
құрғақ затының 90% құрайды. Бұл элементтер реакцияларға еркін түсіп, берік
байланыстарды түзеді.
Жасуша құрамына кіретін заттарды екі топқа бөлуге болады:
бейорганикалық – су мен минералды заттар, көбінесе ионды түрде кездесетін
және органикалық – ақуыз полимерлі, липидтер, көміртегі, нуклеин
қышқылдары және т.б., күрделі құрылымды жасушалары бар: пигменттер,
гормондар, витаминдер, органикалық қышқылдар жатады.
Су – жасушаның сулы бөлігінің 60-тан 90%-ға дейін бөлігін алады. Судың
көп мөлшерде болуы жасушаның активті өмір сүруіне қажет.
Судың атқаратын қызметтері:
1. Су ғажап еріткіш болып табылады, гидрофильді заттар онда жақсы ериді.
2. Биохимиялық процестер өтуінің ортасы болып табылады.
3. Белсенді метаболит, биохимиялық реакцияларында ыдырату қызметін
атқарады.
4. Жасуша мен ағзаның жылу тұрақтылығын бірқалыпта ұстап тұрады.
5. Өсімдіктер мен жануарлар денесінде су арқылы әртүрлі заттар
тасымалданады.
6. Су – оттегі көзі, фотосинтез кезінде бөлінеді.
Минералды заттар – H, K
+
, Ca
+
, Mg
+
, HPO
2-
, H
2
PO
-
4
,Cl
-
, H
2
PO
4
-
, HCO
3
иондары түрінде келесі функцияларды атқарады:
1. Әртүрлі бағытта орналасқан иондар трансмембранды потенциалды
құрайды.
2. Сутегі протоны мен натрий катионының мембрана арқылы жылжуынан
пайда болған энергия АТФ синтезінде қолданылады.
3. Катиондар цитоплазманың созылмалылығы мен ақпалылығына әсер
етеді.
4. Иондар басқа төменгі молекулалық қосылыстармен бірігіп, клетканың
осмотикалық потенциалын тудырады.
5. Ерімейтін тұздар, әсіресе кальций фосфаты омыртқалылардың
қаңқасына, өсімдіктердің сабағына беріктік береді.
6. Кейбір катиондар ферменттердің активаторлары болады (Mg
2+
, Mn
2+
және
т.б.).
Органикалық қосылыстар жасушалары төменгі молекулалы және жоғары
молекулалы 
немесе 
макромолекулаларға 
ажыратылады. Көптеген
макромолекулалар полимер болып келеді және де құрылысы жағынан ұқсас
мономерлерден (бір-бірімен ковалентті байланысқан) тұрады. Көміртегі бар
болғаны 3 элементтен О,С,Н құралған. Олардың жалпы формуласы (СН
2
)
n
.


52
Төменгі молекулалы көміртектердің аздаған молекулалық салмағы, тәтті
дәмі болады. Суда жақсы еріп, кристалдар түзеді.
Моносахаридтердің 2 молекуласы сахарозаны құрайтын. Ол гликоген,
крахмал, лактоза, мальтозаның негізгі компоненті болып табылады. РНК мен
ДНК құрамына кіріп, құрылымдық функцияны атқарады.
Органикалық молекулаларда изомерия құбылысы өтеді. Егер екі зат
эмпирикалық формулаға сәйкес келсе, онда олар изомера аталынады.
Моносахаридтер – фркутоза, лактоза, манноза және галактоза бір эмпирикалық
формулаға – С
6
Н
12
О
6
жауап береді. Бірақ құрылысы әртүрлі, яғни изомерлі
болып келеді.
Полисахаридтерге көміртегінің өсімдіктегі қоры, крахмал, инсулин,
жануарларда – гликоген жатады. Полисахаридтер құрылымдық, қорғаныс,
қорлық функциларды атқарады. Сонымен қатар демалу субстраты болып
табылады.
Липидтер
- әртүрлі құрылымы бар органикалық күрделі қосылыстар. Бірақ
бірдей физико-химиялық қасиеттерімен әсіресе гидрофобтығынан бірігеді.
Жасушада олардың саны 1-5-тен 15% дейін, ал май жасушасында 90%-ке дейін.
Липидтер – глицерол спиртінің 3 томдық эфирлері және май қышқылдары:
пальмитин, стеарин, олеин, линолен және т.б. құрылысы жағынан: қаныққан –
бір ғана және қанықпаған – бір немесе екі байланысқан май қышқылы
жасушалары бөлінеді. Жануарлар майлары қыныққан қышқылдарға бай, қатты
болып келеді. Липидтер функциясы: құрылысты, қорлық, әдетте май
қышқылдарынан тұратын (бұл өз кезегінде суда мекендейтін жануарларға өте
қажет). Дем алуға ең бірінші+көміртегі керек болса, онда липидтер екінші орын
алады.
Гормондар – пайда болуы мен табиғатты əртүрлі органикалық заттар.
Жануарларда гормондар келесі қызметтерді атқарады:
1. Өсуді, тіндер мен мүшелер дамуын бақылайды.
2. Организмде адаптивтік реакциялардың өтуіне қатысады.
3. Репродуктивті, бөліп шығарушы, асқорыту жүйелерінің жұмысын
түзейді.
4. Гомеостазбен қамтамасыз етеді.
Гормондардың химиялық табиғаты əртүрлі: тироксин, вазопрессин,
тестеостерон, эстроген жəне т.б.
Витаминдер - əртүрлі нолмен пайда болған адамдар мен жануарлардың
қоректенуіне аса керекті төменгі молекулалық байланыстардың салыстырмалы
тобы. Витаминдер екі класқа бөлінеді: майда еритін (А – ретинол, Д –
кальциферон, Е - токоферол) жəне суда еритін (В
1
– тиамин, В
3
– пантотенол
қышқылы, В
6
– пиридоксин, РР – никотин қышқылы). А витамині жетіспегенде
көз нашарлайды, көздің құрғақшылығы дамиды. С – витамині аралық тіндер
метаболизміне қатысады. Д витаминінің жетіспеуінен балаларда рахит ауруы
пайда болады.
Ақуыздар – аминқышқылының бірліктерінен құралған тұрақсыз полимер.
Ақуыздардың ең басты қызметі – ферменттеу жəне катализдеу. Биологиялық
катализаторлар – ферменттер арқасында реакциялар үлкен жылдамдықпен


53
жүреді. Ақуыз мономері болып аминқышқылдар табылады. Жалпы ортақ
СООН – карбоксил және NH
2
-амин топтарынан тұратын. Қазіргі кезде 300-ге
жуық аминқышқылдары белгілі. Бірақ 20-сы ғана негізі болып табылады.
Жануарлар барлық 20 амин қышқылдарының тек біреуін ғана синтездей алады.
Сол үшін олар қалған бөлігін қоректену арқылы толтырып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет