Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Айнабұлақ – өзен. «Айна» және «бұлақ» – өзен сөздерінен шыққан, яғни «мөлдір,  таза өзен» дегенді білдіреді.  Ақбел



Pdf көрінісі
бет13/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
toponimkaz

Айнабұлақ – өзен. «Айна» және «бұлақ» – өзен сөздерінен шыққан, яғни «мөлдір, 
таза өзен» дегенді білдіреді. 
Ақбел – «Қызыл Октябрь» ауылының бел аты. «Ақ отты бел» мәніндегі атау 
Ақжар – Энгельс атындағы ауыл аймағындағы елді мекен аты. Ақжар – «ақтаңтақ 
жар». 
Ақсу – Ащысу тармағы. Ақ сөзі судың түсін (ақтығын) көрсетпейді, ағындылығын, 
тау басынан өз арнасымен төмен қарай ағып келетін қардың суы екендігын көрсетеді. 
Ақтас – Көктал ауылының жері. Ақтас атауы өзінің тіке мағынасында (ақ және тас 
компонентерінен құралған атау). 
Ақтөбе – Амангелді атындағы ауылдың елді мекені. Түр. «ақотты төбе» мағынасын 
беретін атау. 
Ақшоқы – шоқы аты. Шоқы бастарының ағарып көрінуімен байланысты атау. 
 
Алабас – Пушкин атындағы ауылының бөлімшесі, Дубовка поселкесінің учаскесі. 
Қаз. этникалық топ атымен қойылған атау. 
Алтынсу – өзен, Нұра өзенінің сол саласы. «Алтынсу» тура мағынадағы атау, немесе 
«жағасында алтын кездесетін өзен». 
Амангелді – ауыл аты. Халық батыры, қазақ халқының 1916 жылы патшаға қарсы 
ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Қазақстандағы Азамат соғысының қаһарманы 
Амангелді Иманов атымен байланысты. 
Арықтыкөл – көл, өңір, бұл өңірде 1913 жылы 7 ақпанында Пиретинский посекесі 
құрылған. Көлдің суы ертеректе одан тартылған арықтар арқылы жер суғаруға 
пайдалынылған, содан Арықтыкөл аталған. 
Астаховка – Калинин атындағы ауылдың елді мекен аты. Ол 1908 жылы 30 қаңтарда 
құрылған. Атау жер аударып келгендердің тұрғанын көрсетеді. 
Ащысу – өзен, Нұра өзенінің оң саласы. Суы «тұзды әрі ащы» өзен. 
Аюлы – тау. Биіктігі 812 м. және Буденный атындағы ауылдың қазақша аты.
Бабаев атындағы ауыл – Ауыл агроном-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым 
қайраткері, Авиация апаты кезінде қаза тапқан, Қазақ егіншілік институтын басқарған 
Қылыш Бабаевтың (1913-1948) құрметіне аталған. 
Баймырза – Астаховка поселкесінің қазақша аты. Атау бұл жерде бай мырза 
тұрғанын көрсетеді. 


16 
Батпақкөл – көл қырат аралық ойпаңда солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа 
қарай созыла орналасқан. Атау «батпақты көл» тура мағынасындағы көл жағалаыуның 
құрамын белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет