21
Термен – Пролетарский ауылының учаскесі.
Қазіргі башқұрт тілінде терме сөзі
«киіз үй» мәнінде айтылады.
Тоғызқұдық – Кузнецк ауылының орталығы. Атау «көп құдығы бар жер» деген
мағынаны білдіреді.
Токаревка – село. Іргесін 1907 жылы Харьков
губерниясынан келген қоныс
аударушылар қалаған. Қоныс аударушылар ішінде Тамбов облысының Токаревка
селосының шаруалары болған. Село атуы да, солардың туған жері ескерткіш ретінде
қойылған.
Төрткөл – елді мекен, Бабаев атындағы ауылдың бөлімшесі.
Атау өзінің тура
мағынасында.
Ұзынбұлақ – Пушкин атындағы ауылдың учаскесі. Атау өзінің тура мағынасында.
Үлгі – село, Бабаев атындағы ауылдың екінші бөлімшесінің орталығы. Бұрынғы
«Пример» колхозының аты.
Үміткер – Бабаев атындағы ауылдың орталық мекені. Бұрынғы «Надежда»
колхозының аты.
Үштау – ауыл. Атау өзінің тура мағынасында.
Үштөбе – село, Энгельс атындағы ауылдың орталық мекені.
Үш сөзінің санмен
байланысы жоқ. Көне түр.
үүс+төбе сөздерінен қалыптасқан – «сұлутөбе» мәніндегі атау.
Шақпақ – Саратов селосының қазақша аты. Атау «шақпақты жер, шақпақ – тас»
деген мағынаны білдіреді.
Шалқаркөл – көл. Атау «алып жатқан аумағы үлкен көл» деген мағынаны білдіреді.
Шаңбас – Бабаев атындағы ауылдың учаскесі. Атау «төбенің үсті шаң» деген
мағынаны білдіреді.
Шат – село, Бабаев атындағы ауылдың бөлімшесі. Атау тау қойнауларындағы терең
әрі ені тар сай деген мағынаны білдіреді.
Шешенқара – шоқы. «Пролетарский»
ауылының жаныда биік, алыстан көрінетін
Шешенқара шоқысы бар. Өзінің шешендік
өнерімен атығы шыққан дана, осы шоқының
етегінде тұрған деп әңгімелейді. Кісілер оған кеңес алуға келгенде, ол шоқының ең үстіне
мініп кеңес берген. Оның қатты дауысы бірнеше шақырым жерге естіліп тұрған.
Достарыңызбен бөлісу: