Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Арыснұра – өзен аты (Жезқазған өңірінде). Этим.: «Кең нұра», «шалқыған нұра»  мәніндегі атау.  Атығай



Pdf көрінісі
бет4/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
toponimkaz

Арыснұра – өзен аты (Жезқазған өңірінде). Этим.: «Кең нұра», «шалқыған нұра» 
мәніндегі атау. 
Атығай – мекен аты (Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы). Қаз. этникалық топ атымен 
аталған. 
Әжібай-Ақпас – Балқаштың оңтүстігіндегі мекен аты. Қаз. қос антротопонимі 
(Әжібай және Ақбас). 


7
Бабалы – дөңес жердің аты. Көне түр. баба<аба+афф. –лы – ата-баба мекені (не 
солардың бейіті) мәніндегі атау. 
Балатеңіз – Арқадағы және Балқаш көлі атырабындағы көлдер аты. Балатеңіз – 
«Теңіздің» немесе «Үлкен көлдің» бір бөлігі мәніндегі атау. 
Балқаш – көл, қала аты. Атаудың шығу 
төркіні мен мағынасы жайлы әртүрлі пікір 
бар. Әуел бастан ол Балықаш аталып, кейіннен 
Балқаш боп қалыптасқан болу керек. Өйткені 
көне түркі тілдерінде балық – «су, өзен» деген 
сөз болғаны тарихи деректерден мәлім. 
«Балқаш» – «жағасы 
балшықты, 
батпақты, су көп, мол көл» деген мәнді 
білдіретін атау. 
Көлдің қазіргі атауына байланысты 
халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан 
аңыз бар. Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің 
батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. 
Оның Балқия атты аса көрікті қызы болыпты. 
Ол тек көркімен ғана емес, ақылымен де, адамгершілігімен де ел ауызына ілігіпті. Сүйікті 
қызды әкесі ғана емес, бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш деп атайтын болыпты. 
Киелі көл, қасиетті Балқаш 
Жасы он жетіге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты бір жас жігітке ғашық 
болады. Алайда қазақтың көне әдет-ғұрпы бойынша ата-анасы қызды бала күнінде 
атастырып, бай қалың мал алып қойған екен. Мұны естіп-білген қыз бен жігіт жасырын 
қашпақ болып келіседі де, бір ыңғайлы келген түнде екеуі екі атқа мініп тайып отырады. 
Ертесіне екі ғашық бір қалың қамыстың ішіне келіп дем алуға тоқтайды. Мұнда олар 
ойламаған жерден қырсыққа тап болады. Тал түсте аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап 
береді. Ерден аттарды құтқарам деп жүргенде, қабанның азу тісі денесіне оңдырмай ауыр 
жарақат салады. Балқияның сүйікті жігітін өлімнен арашалап қалуға шамасы келмейді де 
асыл жарын жерлеп, өзіде сол жерде өлмек болады. Ал бұл кезде қабаннан үркіп қашқан 
екі ат қыз бен жігіттің туған ауылына келіп бір-ақ тоқтайды. Ыза болған қыздың әкесі 
жігіттерге қашқындарды ұстап әкелуге әмір береді және оларды халық алдында қарабет 
қылып жазаламақ болады. Қашқындарды іздеп шыққан жігіттер ат тұяғының ізімен жүріп 
отырып, қыздың тығылған жерін табады. Қуғыншыларды көрген соң, әкесінің қатал 
мінезін жақсы білетін Балқия, қолға түскеннен өлімді артық көріп, биік жардан көлге бір-
ақ секіреді де су түбіне кетеді. 
Бұл ауыр оқиға, трагедия сол маңдағы елге түгел жайылып, бұдан былайға жерде 
көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас арудың атымен халық Балқаш деп атап кеткен 
екен. 
Бұл көл атын алған шаһар – іргетасы 1937 жылы қаланған, Балқаш көлі жағасындағы, 
Қарағанды облысына қарасты қала. Балқаш көлінің солтүстік жағында кеме тоқтайтын 
орын (пристань) – айлақ және қалада темір жол стансасы бар. Түсті металлургия 
орталығы, тау-кен металлургия комбинаты, балық шаруашылыгы, Ғылым академиясы 
ботаника бағы орналасқан. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет