Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Қарағанды және облысқа бағанысты қалалар



Pdf көрінісі
бет3/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
toponimkaz

Қарағанды және облысқа бағанысты қалалар 
Абралы – Сарыарқаның шығыс бөлігінде, негізінен Қарағанды және Семей 
облыстарының жерінде. Орталық Қазақстандағы кіші-гірім таудың аты. Ұқсастыру 
бойынша қойылған атау. Арба сөзінің (жүк артқан) мағынасын береді. Арба сөзінің 
метатезалық әріп алмасуынан абра формасын қабылдауы түркі тілдерінде заңды құбылыс. 
Хакас тілінің қызыл диалектісінде сақталған. Абралы тұлғасы бара-бара «болыс», аудан, 
адам аттарына айналған. 
 
Аққұдық – Тихоновка поселкесінің қазақша аты. Атау «құдықтың суға толып 
тұрғанын» білдіреді 
Аққұм – Балқаш көліндегі түбектің, елді мекен аты. «Ақ» сөзі құмның 
түсінкөрсетпейді, сипатын көрсетеді. Этим.: «сусымалы, ақпа құм». 
Ақжал – Қарағанды облысындағы жал, жұмысшы кент аттары. Ақжал – «бозарыңқы, 
ағарып көрінетін жал» немесе отты жал мәндес атаулар. 
Ақтақ – Жезқазған өңіріндегі таулы жер аты. Көне түр. ағ және тағ 
компонентерінен құралған атау, яғни «ақтау» мағынасында. 
Ақтас – жұмысшы кенті. Ақтас атауы өзінің тіке мағынасында (ақ және тас 
компонентерінен құралған атау). 
Ақтау – жұмысшы кенті. Ақтау – «тау жыныстарының түсіне қарай айқындалады». 
Ақша-Қожай – Қарағанды облысындағы мекен аты. Қос этноним: Ақша және Қожай 
этникалық топтарының аты. 
Ақөлең – Жезқазған өңіріндегі мекен аты. «Ақ өлең шөпті» мағынасындағы атау. 
Андагүл – Балқаш маңындағы жазық даланың аты. Қаз. аңды және гүл сөздерінен 
құралған атау. 
Андасай – даланың аты. Бетпақдаланың оңтүстік-шығысындағы жазық (Құланөтпес 
– Бүркіттау аралығы). Түр. анда және сай компоненттерінен құралған атау. Этим.: «аңды 
сай» 
Арыс – көл атты (Жезқазған өңіріндегі Шолақ-Нұра тауындағы көл). «Қалың тайпа 
мекені» ұғымына нұсқайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет