Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Көкөзек – Тассуат ауылының елді мекені. Атау «өзен орындары бар жасыл  жіңішке алқап»  Күреңала



Pdf көрінісі
бет35/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
toponimkaz

Көкөзек – Тассуат ауылының елді мекені. Атау «өзен орындары бар жасыл 
жіңішке алқап» 
Күреңала – Киевка поселкесінің оңтүсті-шығысында 29 км. жерінде орналасқан көл. 
Көл түсінің өзгеріп, құлпырмалы болып тұруына қарай қойылған атау. 
Қарақамыс – Жараспай ауылының учаскесі. «Қалың қамыс» мағынасындағы атау. 
Қарақасқа – ауыл. «Айдынды», «тегіс жазық» мәніндегі атау. 
Қарақұдық – Нұра ауылының учскесі. «Қара» сөзі құдық басының қарайып 
көрінетін түріне орай айтылуы керек. 
Қаратай – көл, Киевка ауылының солтүстік-батысында 17 км. жерде орналасқан. 
Түр. қара және тай сөздерінен қалыптасқан көне атау. Қаз. қазақтартың ру тайпаларына 
жататын атау. 
Қараой – Жаңақұрылыс ауылының учаскесі. Атау «таулы, төбелі ой» мағынасындағы 
атау. 
Қияқты – көл. Қаз. Қаз. қияқ (бот.) сөзіне –ты қосымшасын жалғау арқылы 
жасалған атау. «Қияқ өсімдігі өскен жер» мәніндегі атау. 
Қобыкөл – Семёновка поселкесінің өңтүстік-шығысында орналасқан көл. Атау «таяз, 
құрғауға бейімді көл» деген мағынаны білдіреді. 
Қосқопа – көл, «Бородинский» поселкесінің қазақша аттары. Атау «қос қопалы көл» 
мағынасын білдіреді. 
Құланөтпес – Нұра ауданын басып ағатын өзен. Ол Аймысық, Айғыржал 
тауларының, солтүстік-шығыс тауларының солтүстік-шығыс етегіндегі бұлақтардан 
басталып, Теңіз көліне құяды. Ұзындығы – 364 км. 
Өзеннің аңғары кең, жағасы тік жарлы болып келеді. Осы өзеннің Құланөтпес аталу 
жайлы ертеден келе жатқан аңыз бар. 
Ертеде, Шыңғысханның үлкен ұлы – Жошы Дешті Қыпшақты түгел жаулап алып, 
билігін жүргізіп тұрған кезінде бір күні нөкерлерімен серуен құрып, аң аулауға шығады. 
Келе жатып, алдарынан топ құланға кездеседі де қуып кеп береді. Қуғынның қызығына 
түскен Жошы, қасындағы нөкерлерінің ілесе алмай алыста қалып қойғанын байқамайды. 
Хан баласы шауып келе жатып, садағын бұра тартып қалып, топ құланның көсемін 
ая ынан жаралайды. Ашынған ақсақ құлан айналып келіп Жошының өзіне шауып шайнап, 
таптап өлтіреді. Соңынан қуып жеткен нөкерлері өліп жатқан хан баласын көріп қатты 
сасады, Шыңғысханға калай хабарлауды білмейді. қайтып оралған нөкерлердің 
ешқайсысы ханға қаралы хабарды жеткізуге батылы бармайды. Бір жамандықты сезген 
Шыңғысхан «Кімде-кім жамандық хабар жеткізсе, басы шабылады» деп қаһарланады. 
Сонда ел ішінен қарт күйші Шыңғысханға келіп қаралы хабарды домбрамен «Ақсақ 
құлан» күйін тартып естірткен екен. Басқа деректерде Жошы өлімін Шыңғысханға 
Найманнан шыққан Кетбұғы жыршы жеткізеді. Сонда хан қарт тартқан күйден бәрін 
түсінеді де, күйшінің басын алуға әмір етеді. Сонда қарт: «Тақсыр, мен саған ештеңе 
айтқам жоқ, сөйлеген мына менің домбырам»–дейді. Шыңғысхан домбраның көмейіне 


38 
қорғасын құйып, үнін өшіруге әмір етіпті және сарбаздарына сол жерден ұзыннан-ұзақ 
терең ор қаздырып, қазақтың сары даласындағы құлан біткенді қазылған орға айдап 
құлатуға жарлық беріпті. Сол казылған ор кейін өзенге айналып, «Құланөтпес» аталып 
кеткен екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет