36
қасиетімен ел ішінде көріпкел Көбетей атанған қалмақ ханына сәлем бермепті.
«Жерімді басып алған, үстемдігі жүріп тұрған ел-ау»-деп қымсынбапты да.
Қалмақ ханы болса, өктемдігім өтіп тұрған, үстемдігім жүріп тұрған ел болса тұрып,
мен неге хан басыммен оған бас имекпін,–деп тәкаппарланып Көбетейге келіп, ол да сәлем
бермепті. Осымен айдан-ай өткенде, Көбетейдің бұл қылығына қатты намыстанған қалмақ
ханы аймағындағы жерді аралаймын деген желеумен ел аралай шығыпты.
Қазақтардың
жерін басып алған соң, елін де бағындырып алуым керек деген сенім көкірегіне терең
ұялап калған өркөкірек хан Көбетейдің үйіне ат басын тіреп тұрып:
–Көбетей, менің хандығымды елемеуіңнің маған сәлем бере келмеуіңнің жөні қалай?
Менің үстемдігімді әлі күнге дейін сезбедің бе, әлде бір бөтен мақсат көздедің бе?–депті.
Сонда Көбетей:–Хан, қалмақтан қазақтың жолы үлкен. Біздің қазақта «Бақа көлінде,
жекен суында»,–деген мақал бар. Мен өз жерім, мекен суымда отырған жоқпын ба, әрі
жасым үлкен. Жөн білер қонақ әуелі үйге түсер болар, өкпе-назын сонсын айтар болар.
Жөн сөзге сосын тоқтайды. Келіп қалған екенсің, сапары оң болсын, аттан түсіп қонағым
бол,–депті.
Жөн жол-жобадан, ұтымды сөзден тосылған қалмақ хан амалсыздан қонақ болыпты.
Арайы бірнеше үйлер тігіліп, той-думанмен құрметтеп күтіпті.
Сөз соңында Көбетей: – Күндердің күнінде жер-су үшін
егес туа қалса, екі елді
соғыстырып қан төкпейік. Бес бәс тігілсін. Ол - палуан күрестіру, айғыр таластыру, бура
шайнастыру, бұқа және қошқар сүзістіру болсын. Қай елдің мәртебесі үшін бәсте үстем
түссе, сол ел жер тағанында қалсын да, жеңілген жақ басқа жақтан жер іздесін,–депті.
Осыған екі жақ келісіп, шарт жасасып, құжатқа мөрлерін басысыпты, пәтуаласыпты.
Осылайша бейбіт бірнеше жылдар өтіп, қазақ пен
қалмақ жұрттары мамыржай
іргелес тұрған екен.
Бір жылы қыста қар қалың жауып, бірнеше күн соққан бораннан кейін Нұраның жел
жағындағы қалмақтын жылқы, қойлары тебіндей алмай қырыла бастапты.
Жұтқа ұшыраған жылқыларын Нұраның ығына өткізуге Көбетеймен жасасқан
шартты бұза алмай, өткізбейін десе, малы қырылып жатқан халқын қия алмай,
қатты
сасқан қалмақ ханы ақыры тәуекелге бел буып, малын ық жаққа өткіздіріп, күшті қарулы
жасақ қойыпты.
Көктемде хан Көбетейге өзі келуге мәжбүр болыпты. Осы кездесуде екі жақ палуан
күресін бәске салуға келіседі.
Бір айдан кейін «Қызылтөбе» бауырына қалың-нөпер қазақ-қалмақ жиналып, қақ
жарылып отырыпты. Қалмақтар жағы, бұрын бұл жақта көрінбеген оңтүстік өңірінен
тауып әкелген жойқын денелі алып Шақаман деген палуаны мен қазақтың палуаны
Көбетейдің ұлы Жарылғаппен күресіп, жеңіліп қалып, сол жерде опатқа ұшыраған.
Мәртебесі өсіп шыққан
қазақтар қуаныштан жыласа, қалмақтар басына түскен
қасірет, тапталған намысына ақырыпты.
Опат болған Шақаманның денесін алып кете алмаған қалмақтар тағы бір күні еру
болып, келесі күні Көбетейге келіп палуанның денесін еліне жеткізе алмайтындарын
айтып, осы апат болған жері «Қызылтөбеге» жерлеуге рұқсат беруін өтіне сұрапты.
Шақаманның денесін жерлегеннен кейін қалмақ ханы елін жиып алып Нұра бойынан
үдіре көшіп, басқа жақтан қоныс іздеп ауып кетіпті.
Осы оқиғадан кейін де ұзақ өмір сүрген Көбетейге де бұл дүниенің күні бітіп, өмірден
өтіпті. Денесі өзінің өсиеті бойынша сол «Қызылтөбенің» Шақаман қабырына қойылыпты.
Шақаман жерленгеннен кейін бұрынғы «Қызылтөбе» әуелі «Шақаман төбесі»
делініп, кейіннен сол маңай «Шақаман» атанған көрінеді. Ал Көбетейдің қыстауы болған
жер кейін «Черниговка» кеңшары деп аталған.