40
Соналы – ауыл. «Сонасы бар жер» мәніндегі атау.
Соркөл – Тассуат ауылының оңтүстік-шығысында 10 км. жерде орналасқан көл. Атау
«ащы, тұзды көл» мағынасын білдіреді.
Социалды – Нұра ауылының елді мекені. Бұрынғы «Социалистический» колхозының
атынан қалған атау.
Талдынұра – өзен аты.
Талды және
Нұра атауларының қосындысынан қалыптасқан
біріккен тұлғалы топоним. Мағынасы «Талдыдағы Нұра».
Талдысай – ауыл.
Талдысай – ауыл. Қаз.
тал тұлғасына –ды жұрнағын және сай
сөзін қосу арқылы қалыптасқан атау.
Тапалкөл – Кенжарық поселкесінің оңтүстік-батысында 12 км. жерде орналасқан.
Қаз.
тапал тұлғасына
көл сөзін қосу арқылы қалыптасқан атау.
Таскөл – Киевка ауылының батысында 11 км. жерде орналасқан. «Тасты көл»
мәніндегі атау.
Тассуат – Тассуат поселкесінің солтүстік-шығысында 14 км. жерде орналасқан.
Этим.: қаз.
тас +
суат сөздерінен қосу арқылы қалыптасқан атау. «Тасты суат» мәніндегі
атау.
Теңіз – көл. Деңіз сөзінен – теңіз шыққан.
Терісаққан – өзен. «Теріс жаққа ағатын өзен мәніндегі» атау.
Топаркөл – Нұра ауылының учаскесі. Түр. этникалық топ атауы. Топаркөл –
«Топарлардың көлі» мәніндегі атау.
Төрт сарт – көл. Бұл атау өзбектердің ежелгі отырықшы бөлігінің ескі атауы.
В.В.Бартольдтың айтуына қарағанда бір кезде түркі халықтары үндінің «саудагер» сөзінің
түбіріне «сарт», «сартақ», «сартауыл» деген атаулар қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: