Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к



Pdf көрінісі
бет31/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
toponimkaz

Талды – өзен, елді мекен аты. Тал иран. немесе санскрит тілінде «доң, шоқы» 
тұлғасына қаз. –ды жұрнағының жалғануы жұмбақ құбылыс. 
Талдысай – ауыл. Қаз. тал тұлғасына –ды жұрнағын және сай сөзін қосу арқылы 
қалыптасқан атау. 
Тасбұлақ – бұлақ. Қаз. «тастын астынан ағып тұратын бұлақ» деген мағынаны 
білдіреді. 
Тәттімбет атындағы ауыл – Бұрынғы «Арқалық» совхозы. Халық композиторы-
күйші, шертпе күй орындау мектебінің негізін қалаушы Тәттімбет Қазанғапұлының (1815-
1862) құрметіне аталған.
Теректі – ауыл. Атау өзінің тіке мағынасында. 
Тоқай – таулар. Қазақтардың этнониміне байланысты аталған. 
Төресай – Едірей тауының ішіндегі сайдың ең көріктісі, әсем жер болғандықтан 
Сайдың төресі екен деп риза болысқан. «Төресай» атауы содан шыққан дейді. 
Түндік – өзен аты. Түндік – «киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт бұрышты, төрт 
баулы киіз» Ал жергілікті жерде кейде түндік сөзі «киіз үй», «үй» мағынасында жа 
қолданылады. Түндікті атауы – осы өзенді жағалай қонатын үйлердің /түндіктің/ 
молдығына байланысты аталған. 
Түнқатар – кіші-гірім тау аты (Қарқаралының жалғасы). Қаз. этникалық топ атауы. 
Шайтанкөл – Бұл көл алғашқы кезде «Әулие көл» атанған. Жағасына тастан 
қашалған крест қойылған. Бір кезде әлгі крест суға құлап кеткен. Содан кейін 
«Шайтанкөл» аталыпты. 
Баяғыда бұл көлді әулие мекендеген, суына беті-қолын жуған деп жұрт киелі су 
санапты. Жұма сайын қожа-молдалар бастаған байлар келген екен. Жағасында құдайға 
арнап мал сойып, құран оқысады. Шаншар ішінде Торсықбай дейтін қу болған. Бірде сол 
әлгіндей топтық үстінен шығады, құрбанға шалынған малдың мол етінен қарбыта асап, 


33
сары қымыздан сылқыта жұтармын деп жұтынады. Бірақ жуандар жыртық шапанды 
кедейді табаққа жолатпайды. Біған қорланған қу ішінен «тұра тұрыңдар, бәлем!» деп кете 
барады. 
Бір күні әлгілер көлдің басына тағы жиналады. Шартық қарын шүй желкелер мол 
табақты алдарына енді ала бергенде жақын жерден үрейлі үн шығады. Артынша тастардың 
бірінен сақалы сала құлаш, шашы жалбыраған бір мақұлық селтиіп шыға келеді. Үрейі 
ұшқан қожа-молдалар күбірлеп дұға оқиды, бірақ әлгі пәле тайсалмайды, дауысын 
құбылтып, құтырынып жақындай береді. Сол кезде қатты үрейі ұшқан бір бай орнынан 
ұшып тұрып, көзі алақтап: 
–Ойбай, шайтан!– деп төмен қарай зыта жөнеледі. Қорқып отырған жұрт 
орындарынан қопарыла тұрып, тымтырақай қашады. Оларды шайтан боп үркітіп жүрген 
Торсықбай ешкі терісінен жасаған кепті шешіп тастап, «пісмілда» деп, жайрап қалған асты 
қолға алады. Содан бері Әулиекөл осылай Шайтанкөл болып аталып кетіпті. 
Ал бұл туралы орыстар басқаша айтады. Бірде аңшылар атып алған бұғыны кейін бір 
айналып кеп алмақ боп осы Шайтанкөл жағасына қалдырады. Қайта келгенде көлді таба 
алмай: «Шайтан алғыр-ай, қайда кетті?»–деп іздесе керек. Бертінде шіркеудегі поп көлді 
бұрынғысынша атайық деп тақтайға жаздырып қойса жұрт оны аулаққа лақтырып тастап, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет