Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к



Pdf көрінісі
бет49/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
toponimkaz

Дария – Загон – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы өзен. Контаминант – атау 
иран және орыс тілдеріндегі белгілі сөздердің бірігуінен жасалған. 
Елшібек – Шет ауданында Елшібек деп аталатын бастау бар. Елшібек әрі ру аты 
(этноним), әрі қазақтың белгілі батырларының бірі (антропоним). 
Елшібек батырдың туған, өлген жылдары белгісіз. Ол ХVIIІ ғасырда өмір сүрген 
қазақ батыры. Ұлы Жүздің Шыршық, Келес алқаптарын жайлаған Сіргелі тайпасынан 
шыққан, қалмақтар мен жоңғарларға қарсы күресте көзге түсіп, даңқа бөленген батыр. 
Жаманқара – елді мекен, Шет ауд., Қарағанды обл. Антротопоним болуы да 
ықтимал. «Жаман» сөзі топонимдер құрамында келгенде, «нашар, кішігірім» мағынасын 
білдірсе, топоним құрамында «қара» – «биік төбе», «биік шоқы», «қырат» мәніндегі сөз. 
Демек, «Жаманқара» «кішігірім төбешікті, жон-жоталы, адырлы келген жердегі елді 
мекен» деген мағынада қойылса керек. 


50 
Жарық – жұмысшы кент, станса. Жарық тұлғасы түп негізінде этникалық топ 
аттары, көне және қазіргі кейбір түркі топтарында чарық немесе чарых түрлерінде келеді 
(тыва, хакас). Ал дж-шыл форма қазіргі Орталық Қазақстан тұстас: «Джаруки» – назв. 
племени тюрков, расположенные между югом и севером. 
Жуантөбе – тау. Оғуз. йұван және төпе сөздерінен қалыптасқан атау. Жуантөбе 
атауының шыққан төркіні «жуылган» (су орған, су қаптаған) етістігіне «төбе» (зат) атау 
тұлғасын қосу негізінде қалыптасқан топоним. 
Көктінкөл – көл. Шет ауданының оңтүстік-батысында ораласқан. Ел аузындағы аңыз 
бойынша «жайдың оғынан» (метеориттен) пайда болған көл. Ондай аңыздардың тууына 
көлдің өзінің өзгеден ерекше дөңгелектігі және түбінің тереңдігі түрткі болғандай. 
Қарасай – Қарағанды облысында «Қарасай» аталатын екі өзен бар. Біреуі Шет 
ауданының жерінде, басын Ақкемер тауынан алып, Мұқыр өзеніне барып құяды. 
Ұзындығы – 79 км. Екіншісі – Жаңаарқа ауданының жерінен ағатын өзен. Ол Сарысу 
алабындағы Желдітау сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Көктас өзеніне құяды. 
Ұзындығы – 73 км. 
«Қарасай» – қазақтың тайпалық бірлестігіндегі белгілі ру аты. Бұл сөз Қазақстан 
жеріндегі біраз өзендерге қойылған. Бұл өзен атаулары қара және сай сөздерінен 
жасалған, қара сай, қара жыра («черный овраг») деген мағына береді. 
Ұлы Жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан шыққан Қарасай батыр 
Алтынайұлы – тарихта белгілі тұлға. Ол Жетісуда Жоңғар шапқыншылығына қарсы 
азаматтық соғыста қол бастаған батыр. 1664-1727 жылдары өмір сүрген. Өзенге халық 
өзінің ардақтаған батырының атын беруі де ықтимал. 
Мәдине – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы өзен аты. Араб тілінде ол «қала» 
деген ұғымды білдіреді. Сауд Аравиясында ислам дінінің орталығы болған Мәдине атты 
қала бар. Сөйтіп, жоғарыдағы өзен аты «қала» деген сөзден қойылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет