49
Шет ауданы
Абылқайыр – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы өзен аты. Абылқайыр – кісі
есімі. Атау арабтың екі сөзінен
Әбіл+
хаир құралып, «мырза, жомарт, қайырымды» дегенді,
яки «жомарттықтың, қайырымдылықтың атасы» деген мағына береді.
Айса – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы өзен. Атау
қазақ тіліне арабтардан
ауысқан.
Айса<Иса атауының арғы шығу тегі (Иссус) көне еврей сөзімен байланысты.
Ақадыр – елді мекен аты. Этим.: бұл атаудағы ақ сөзінің түспен байланысы жоқ; ақ –
өсімдіктің түрін көрсетеді. «Ақ отты адыр» мәніндегі атау.
Ақсеңгір – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы село; тау – биік. 671,9 м. Атаудың
бірінші құрамындағы «ақ» сөзі тау, төбе, жота басындағы бор, кварц, мәрмәр сияқты ұсақ
тас
жыныстарының алыстан жылтылдап, жарқ-жұрқ етіп жатқан түсін
білдірсе,
екінші
құрамдағы «сеңгір»
сөзі иран, түркі тілдерінде зеңгір // заңғар
тұлғаларының варианты
ретінде қолданылады да, «биік, қыр, жота» мәнін білдіреді. Тәжік тілдеріндегі
сингистон –
«жарысты тау, таулар» сөзіндегі
санг – «тас» болса, азерб.
сенг – «тас», «жартас»,
сенгяр –
«құз, қия жартас». Демек, Ақсеңгір «ағарып
көрінген биік төбе, тау»
деген мағынаны
білдіреді.
Ақсу-Аюлы – елді мекен аты. Шет ауданының орталығы. Қос тұлғалы атау: Ақсу
және Аюлы тауларының қосарланған түрі.
Ақшатау – поселке аты. Ақшатау –
қаз. этникалық тобына тән атау.
Ақши – қыстау. «Ақотты, шилі» жер мәніндегі атау.
Байшегір – өзен. Бұл этногидроним, яғни ру атынан қойылған өзен.
Дария – Қарағанды облысы,
Шет ауданындағы өзен, елді мекен аты.
Атау иран
тілінде «өзен» дегенді білдіреді. Бұл географиялық атау әдетте қазақ тілінде «үлкен, сулы
өзен» деген ұғым береді.
Достарыңызбен бөлісу: