Бағаналы – Ұлытаудағы мекен аты. Қаз. этникалык топ атауы. «Баған таңбалы»
мағынасындағы атау.
Байжаннұра, Түлкібайнұра – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында деген
жыра, шатқалдар бар. Бұл атаулар да нұра сөзінің жыра деген мағына беретінін дәлелдей
түседі.
Барақ – Қарағанды облысының Ұлытау ауданының солтүстігінде Барақкөл аталатын
көл бар. Ол көне заманнан қалған шұңқырда орналасқан. Көл атауындағы Барақ сөзі көне
дәуірлерден белгілі тайпа атынан қойылған. Немесе Барақ деген кісі атынан қойылған көл
деге мағынада.
Басбайтал – тау, биіктігі 631,8 м. Ұлытау ауд. Барақ көлінің оңтүстігіндегі көл аты.
Бұл атаудағы «байтал» сөзінің тіліміздегі жалпы есім «байтал» сөзімен байланысы жоқ
сияқты. Өйткені оның байса тұлғасы бурят тілінде «тау» деген мәнді білдірсе, монғол
тіліндегі «байқ, байқа» сөздері «жартас» сөзімен төркіндес болуы мүмкін. Ал сөз
соңындағы дауыссыз л монғол тіліндегі көптік жалғаудың крсеткіші екендігі сөзсіз. Демек,
Басбайтал – «жоғарғы жартас, басқы тау» дегенді аңғартса керек.
Боғажелі – Ұлытау ауданындағы көне елді мекен аты. Түр. этнонимі. Осы күнге қазақ
этнотопонимдері.
Бозшакөл – Ұлытау ауданындағы көл аты, негізінен суы тартылған көл. Қаз. бозша
және көл – түске қатысты атау.
Дансары – көл, сай, Ұлытау ауд., Қарағанды обл. Атау қурамындағы дан(ир. танг –
«шат», «арна», диал. данги – «тау асуы, бел, белес», «тау аңғары», «сары» – бұл жерде
түстен гөрі «үлкен, кең» деген мағынаны білдіріп тұр. Демек, атаудың мағынасы «үлкен,
кең шат, шатқал, аңғар» дегенге саяды.
Есен – өзен. Ұлытау ауданының жерінен ағып, Нұра өзені е жетіп құяды. Ұзындығы
102 км. Есен, шежіре деректеріне қарағанда Орта Жүз Арғын тайпасының Қанжығалы
руынан тарайды. Аты аталған өзенге жоғарыдағы ру атының берілуі әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |