47
Қоскөл – Ұлытау ауданының солтүстік жағындағы тау арлығындағы ойыста
Қоскөл орналасқан. «Қатар жатқан екі көл» мәніндегі атау.
Мадьяр бұлақ – Қарағанды облысының Ұлытау
ауданында Мадьярбұлақ деп
аталатын бұлақ бар. Мадьяр – венгер халқының өзіндік атауы. Қазақстанда Орта Жүз
Арғын ішінде мадьяр атты ру бар. Кейбір венгр ғалымдары венгерлер мен қазақ халқының
арғы аталары Есіл-Еділ арасында іргелес отырып, аралас-құралас өмір кешекенін айтады.
Зерттеушілер венгер тілінің түркі тілдерімен жақындығын, ұқсастық белгілерін анықтады,
көптеген сөздері қазақ тіліндегі сөздермен сәйкес келеді. Мадьярбұлақ – осы қазақ
ішіндегі ру атына немесе сол этнонимге байланысты кісі атына қойылған.
Мақанжан – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында
Мақанжан аталатын бастау
бар. А.Әбдірахманов Мақаншы топониміне байланысты былай дейді: «Қалмақша
махн – ет
деген сөз. Монғол тілінде
мах – ет.
Мұнда сөз аяғындағы н дыбысы түсіп қалатынын
ескерсек, бұл форма да заңды.
Осыған қарағанда Мақанжан атауындағы
Мақан сөзі де
қалмақ, монғол тілдеріндегі ет мағынасын беру керек. Оған
жан компоненті қосылып
антроним (кісі аты) жасалған да, ол ат гидронимге қойылған.
Нарынбайсай – Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы өзен аты.
А.Әбдірахмановтың топшылауынша
нарын сөзі монғолдың
наран – «күнді, күнгей» деген
сөзінен жасалған.
Нарын түріне айналуын оның
нарын құмы деген тіркестегі,
құм сөзіндегі
ұ дыбысының әсерінен деп түсіндіреді. Ал Г.К.Қонқашпаев
нарын сөзі монғолдың
нарин –
«жіңішке» деген сөзінен алынған деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: