Кітап мұқабасына кететін мұқабалық қағаз шығынын және тағы да басқа полиграфиялық шығындарды есептеу үшін басылатын кітап бумасының қалыңдық өлшемін есептеу тәсілдерін білу керек. Себебі кітап бумасының қалыңдық өлшеміне қарай картонның қалыңдығы, түптеу материалы, түптеу мұқабасының түрі, форзац түрі, желімнің сіңу тереңдігі, басылымды бекіту мен жинақтау түрі сияқты көптеген техникалық операциялар таңдалады. Мысалы қалыңдығы жұқа картонды үлкен көлемді және ірі пішімді басылымдардың түптеу мұқабасын даярлауда қолдануға болмайды. Жұқа картон үлкен көлемді кітаптың жүктемесін көтере алмай тез жыртылып қалады.
Кітап бумалары қалыңдық өлшемдеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Кітап бумаларының қалыңдық өлшеміне қарай топталуы төмендегі кестеде берілді.
-кесте.
Жұмсақ мұқабалы кітаптар
|
Түптеу мұқабасымен түптелген кітаптар
|
Топ нөмірі
|
Топтың аталуы
|
Буманың қалыңдығы мм
|
Кітап бетінің саны .
|
Топ нөмірі
|
Топтың аталуы
|
Буманың қалыңдығы мм
|
Кітап бетінің саны .
|
I
|
Кіші
|
≤ 5
|
≤ 80
|
I
|
Кіші
|
≤ 4
|
≤ 64
|
II
|
Орта
|
≤ 14
|
≤ 224
|
II
|
Орта
|
≤ 12
|
≤ 192
|
III
|
Үлкен
|
> 14
|
> 224
|
III
|
Орташадан үлкен
|
≤ 40
|
≤ 640
|
—
|
—
|
—
|
—
|
IV
|
Үлкен
|
> 40
|
> 640
|
Баспа-полиграфиялық өнімдер екі түрлі: мұқабалық қағазда басылған жұмсақ және картонмен түптеліп арнайы қағазбен немесе түптеу материалдарымен қапталған қатты мұқабалармен қапталады.
Жұмсақ мұқабалар. Жұмсақ мұқабалардың нөмірленген төрт түрі болады.
Олардың сипаттамасы төменде келтірілді.
№1- жұмсақ мұқаба: бүктемеленген дәптерлері бір-біріне енгізіліп жинақталады да дайын мұқаба бумаға кигізіліп, сыммен бірге бекітіледі
№2-жұмсақ мұқаба: бүктемеленген дәптерлері бір-бірінің үстіне қойылып, жинақталып, желіммен бекітілген басылым бумасының тек түбінен желімденетін мұқаба. Бұл мұқабалар көлемі 80 беттен асатын кітапшаларға кигізіледі.
№3-жұмсақ мұқаба: бүктемеленген дәптерлері бір-бірінің үстіне қойылып, жинақталған, сыммен де, желіммен де бекітілген басылым бумасының түбінен ғана емес, жанынан да 5мм-дей шамада желімденетін, көлемі 80 беттен асатын басылым бумаларына кигізіледі.
№4-жұмсақ мұқаба: бүктемеленген дәптерлері бір-бірінің үстіне қойылып жинақталып, сыммен де, желіммен де бекітілген басылым бумасының түбінен ғана емес жанынан да 5мм-дей желімденетін, көлемі 80 беттен асатын басылымдарға кигізілетін құрама мұқаба. Бұл мұқабалардың түбі басқа материалдармен жиектеледі.
Мұқабалық қағаздар мынандай пішімдерде шығарылады:
Парақты қағаздар: 60х84; 60х94; 60х107; 62х107; 64х90; 70х97; 70х110, 74х84; 74х92; 75х110; 84х110.
Рулонды қағаздардың ені 60; 62; 64; 70; 75; 84 және 93 сантиметр өлшеміне тең болады.
Ылғалға төзімді А маркасындағы (80-120г/м2) мұқабалық қағаздар тұтас немесе құрама қапталатын балаларға арналған кітаптар мен оқулықтарды даярлауда қолданылады.
Б маркасындағың 140-200г/м2 массалық мұқабалық қағаздары кітап-журнал өнімдерінде жиі қолданылады.
Мұқабаға кететін қағаз шығынын есептеу тәсілі
Мысал: Басылымның пішімі 60х841/16,
көлемі 8 баспа табақ (яғни 4 қағаз),
таралымы 25 000 дана.
Мәтін басылған қағаздың массасы 80г/м2, ал қалыңдығы 100 мкм-ге тең, мұқаба басылған қағаздың пішімі 62х107,
массасы 100г/м2,
ал қалыңдығы 100 мкм-ге тең.
Болашақ кітаптың кесілмей тұрғандағы өлшемін табамыз.
Басылым пішімі тұсындағы 16 үлес санын екі ең үлкен көбейтіндіге бөлеміз:
16=4х4.
60:4=15
84:4= 21
Кітап бумасының қалыңдығын табамыз.
Кітаптың көлемі 8 баспа табақ, яғни 4 қағазға тең.
Кітаптың қанша беттен тұратынын табу керек, ол үшін үлес саны мен кітаптың баспа табақтағы көлемін көбейтеміз:
8х16=128 , демек кітаптағы қағаз парағының саны 64-ке тең.
Негізгі мәтін басылған қағаздың қалыңдығы 80 мкм (80 = 0,08мм) деп берілгендіктен барлық қағаздың қалыңдықтарын қосып буманың жуандық өлшемін табамыз
64х 0,008 = 5,12мм-ге тең немесе 0,512 см.
3. Бір мұқабаға кететін дайындаманың өлшемін табамыз.
Дайындаманың ені кітаптың екі ендік өлшемі мен буманың жуандық өлшеміне тең, ал биіктігі болашақ кітаптың кесілмеген биіктік өлшеміне тең.
Ені (15х2) + 0,512 = 30, 512см.
Биіктігі 21 см
4.Пішімі 62х107 см-ге тең бір мұқабалық қағаздан қанша дайындама шығатынын табамыз.
Ол үшін қағаздың енін дайындаманың ендік өлшеміне, қағаздың ұзын жағын дайындаманың ұзындық өлшеміне бөлеміз
62: 30,512 = 2,03
107: 21 = 5, 09
Есеп бойынша 62х107см-ге тең мұқабалық қағаздың енінен 2, ал ұзындығынан 5 дайындама шығады, оларды өзара көбейтіп бір мұқабалық қағаздан 10 мұқабаның дайындамасы шығатыны анықталды.
2х5 =10 дайындама.
Басылымның таралымын 25 000 дана деп алғандықтан, осы таралымның санын дайындама санына бөліп қанша мұқабалық қағаз керектігін есептейміз.
25 000 : 10 = 2500 дана мұқабалық қағаз қажеттігі анықталды.
Техникалық шығындарға кететін пайыздық норманы қосып мұқабалық қағаздың жалпы санын шығарады. Таралымға қажетті қағаз санын біле отырып, қағаздың салмағын шығаруға болады.
Қағаздың салмағы = (Қағаздың пішімі/10 000) х Таралымы х Көлемі х Массасы.
[62х107см/10 000 х 25 000 х (1:10=0,1)х100г/м2 ]=165 кг.+% техникалық шығын нормасы
Достарыңызбен бөлісу: |