Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Баспа ісін ұйымдастыру және жоспарлау



бет2/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
annotation33162 (1)

1 Баспа ісін ұйымдастыру және жоспарлау


Баспа ісін ұйымдастыру жұмыстарына - өндірісті жоспарлау, баспа-редакциялық үрдістерді, яғни, қабылдап алынған тапсырыстарды жарыққа шығаруға даярлау - автормен және қолжазбамен жұмыс істеу, басылымды рәсімдеу, безендіру, даярланған түпнұсқа макетін полиграфиялық кәсіпорынға жіберу, оны арнайы кәсіпорындарда полиграфиялық әдістермен басып шығаруға даярлау, баспаханада басылып, өңделіп жатқан таралым сапасын бақылап, дайын болған өнімді қабылдап алу және дайын өнімді тарату үдерістері жатады.


Жалпы орташа сипаттағы баспа мекемесі нақты мақсаттар мен міндеттерді атқаратын – редакциялық, өндірістік, маркетингтік, қаржылық-экономикалық және кадрлық бөлімдерден тұрады. Бұл құрылымды баспаның директоры басқарады. Ал, бөлімдерді бөлім басқарушылары (меңгерушілері, бастықтары) басқарады. Мұндай құрылым көлемі кіші және орташа, бір типтес сипаттағы өнімдерді шығаратын, кіші және орта масштабты баспаларда ұтымды.
Баспа ісінің басты үш бөлімі - редакциялық, өндірістік және тарату қызметін атап көрсетуге болады. Көптеген баспаларда аталған үш бөлімнен тыс қосалқы қызмет көрсету бөлімдері жұмыс істейді, олар: бухгалтерия, құқықтық қызмет көрсету, теру бөлімшелері, түрлі мақсатта жұмыс атқаратын компьютерлік бөлімдер, көркемдік безендіру редакциялары және т.б.
Баспа ісін ұйымдастыру жоспарлаудан басталады. Жоспарлау - баспа жұмысының жылдық жоспарын құрастыру, авторлармен жұмыс істеу және келісім-шартқа тұру, авторлық қолжазбаны қабылдау, авторлық қаламақыны есептеу, баспа-редакциялық жұмыстарды ұйымдастыру, баспаға қажетті жабдықтарды, баспа-полиграфиялық материалдар шығынын, баспаға қажетті жұмыс ауданын, қызметкерлер мен жұмысшылардың санын, жалақысын, электр және коммуналдық шығын көлемін шығарудан басталады.
Жоспарлаудың бір түрі - тақырыптық жоспар.
Тақырыптық жоспар бір немесе бес жылға арналып жасалады. Жоспарлау барысында маркетингтік зерттеулер, оқырмандар арасында сауалнама жүргізу, оқырмандарының талаптары мен жас ерекшеліктері (балалар, жастар, ересектер...), өнімді пайдалану мерзімі мен қолдану ерекшеліктері ескерілуі керек.
Тақырыптық жоспарда қанша кітап, қанша баспа табақпен, қандай таралыммен, көлемдік көрсеткіштерімен, баспа өнімінің өзіндік құны сияқты баспа экономикасына қажетті мәселелер қамтылады.
Кітап өнімдерін шығарудың жылдық тақырыптық жоспары қажетті полиграфиялық қызметтер көрсету қажеттігі жоспарымен және сату жоспарымен байланыса жоспарлануы тиіс.
Қаржылық жоспар өндірістік шығынның көлемі мен сатудан түскен пайда көлемінің арасындағы ұтымды көрсеткішті қамтамасыз етуі керек. Қаржылық жоспар сондай-ақ, баспаға түсетін пайда мен тиімділік (рентабельділік) көлемін анықтайды
Өндірістік жоспар баспаның өндірістік қорлары негізінде дайындалады және үш портфельден тұрады:
1) келісім-шарттық портфель (әлі өндіріске түспеген авторлық қолжазбалар,);
2) редакциялық портфель (басуға әзірленіп жатқан авторлық қолжазбалар, түпнұсқалар);
3) өндірістік портфель (әртүрлі өндірістік кезеңдердегі түпнұсқа-макеттер).
Баспа портфельдерінің құрылымы төмендегідей сипатталады: келісім-шарт портфелінде келісім жасалған авторлардың жұмыстарымен толтырылады және келісімсіз алынған жұмыстар да қаралады; редакциялық портфельге қабылданған және жоспарланған авторлық түпнұсқалар түседі де, өңделген баспалық түпнұсқа өндірістік портфельге жіберіліп отырады. Өндірістік портфель баспа өнімдерін баспаханада басып шығаруға байланысты босап отырады
Баспаның өндірістік бөлімі де баспа өнімдері мен кітаптарды жарыққа шығару жоспарын дайындаудан басталады. Мұнда әрбір баспа өнімінің есептік табақтағы көлемі, таралымы, сипаты, безендірілуі, шығу мерзімі көрсетіледі. Осы жоспардың негізінде қағаз, баспаханалық және т.б. материалдарды сатып алу, полиграфиялық қызмет көрсету шығындары, авторлық қаламақы шығындары мен т.б. қосалқы шығындар жоспарланады.
Баспаның жоспары жеке редакциялар бойынша, редакторлар мен корректорлардың жұмыс істеу нормаларын есепке алу нәтижесінде дайындалады. Алдымен технико-экономикалық есептер жасалады, жалпы кәсіпорын бойынша да, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша да қажетті нормалар мен көрсеткіштер әзірленіп негізделеді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуына басшылық жасалып, бақылау орнатылады, ішкі өндірістік қорлар анықталып, пайдаланылады. Нарық жағдайында ойдағыдай жұмыс істеу үшін бірқатар мән-жайлар ескерілуге тиіс. Олар: сұраныс пен ұсыныс, өнімнің қажеттілігі, өндірістің ағымдық шығындары, пайда мен тиімділік (табыстылық), бәсеке, негізгі құрал-жабдықтардың бағасы, шикізат пен материалдар және т.б.
Кәсіпорынның жоспарлары нарықтың, бәсекенің талаптарын ескеруге, оның тұрлаулы экономика және әлеуметтік дамуын көздеуге, жоғары табыс алуға жәрдемдесуге тиіс.
Күнтізбелік жоспарлау – жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, ауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қамтитын өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. Жоспарлы тапсырмалар нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекет тапсырыстардың негізінде әзірленеді, сондай-ақ, мұнда оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі.
Маркетингтік жоспарлаудың мақсаты – баспа ісі маркетингтік қызметінің барлық бағыттары бойынша егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында қамтылатын істер: негізгі көрсеткіштердің тізбесі; нарықтың, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы; бәсеке салдарынан болатын негізгі қиындықтарға талдау жасау; баспа қол жеткізуге тиіс жоспарлы кезең мақсаттарының тұжырымдамасын жасау; маркетинг стратегиясын әзірлеу; жоспардың орындалу барысына бақылау жасау.
Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерттеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен нарықта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг - сұранымды жан-жақты зерделеп болжайды, жарнаманы пайдаланып өндірісті ынталандырады, тауарларды таратуға жәрдемдесетін технологиялық және баспаның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлерін зерттеп-сараптайды.
Маркетингтің мәні — экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни тауарларды өндіру мен өткізу. Маркетинг мақсаты — өндірістің қоғамдық сұранысқа, нарық талаптарына сәйкес болуына жағдай жасау, нарықты зерттеу, өнім өткізуді қарқындату, тауарлардың бәсекелестік қасиетін арттыру бойынша ұйымдастырушылық – техникалық шаралар жүйесін құрастыру. Маркетингтің негізгі қызметтері: сұранысты, баға қалыптастыру мәселелерін, жарнама мен таратуды арттыру жолдарын зерттеу, тауар ассортиментін өткізу, саудалық операцияларды жоспарлау, тауарларды сақтау, тасымалдау, сауда-коммерциялық үрдістерді басқару, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қызмет көрсету.
Баспа ісінің бизнес-жоспары
Нарықты экономикада бизнес - жоспар жаңадан кұрылып жатқан, сонымен қатар қызмет істеп жатқан кәсіпорындар мен кәсіпкерліктің барлық саласындағы жұмыс құралы болып табылады.
Кез келген бизнес үшін маңызды міндет: өндірістік шаруашылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын жасау болып табылады.
Баспа ісінің бизнес-жоспары кәсіпкерлік қызметтің өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі. Олар:

  • баспа ісінің накты бағыттарын, нарығын және нарықтағы баспаның алатын орны;

  • баспаның ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарына анықтама беретін және оларға жетудің стратегиясы мен тактикасын анықтау;

  • баспаның тұтынушыларға ұсынатын өнімдері мен кызметтерінің құрамы мен көрсеткіштерін анықтау, сонымен қатар өткізу-тарату, сауда және өндіріспен байланысты шығындарды бағалау;

  • максатқа жету үшін еңбекке ынталандыру шаралары мен кәсіпорын мамандарының сәйкестігін анықтау;

  • нарыкты зерттеумен байланысты маркетингтік шараларды жарнамаларды, сатуды ынталандыру, бағаның калыптасу құрамын анықтау;

  • баспаның қаржы жағдайын анықтап оның қаржы материалдық ресурстарын қойылған мақсатқа жету үшін сәйкестігін аныктау;

  • қиындықтарды алдын ала болжап олардың кәсіпорын қызметіне кедергі келтірмеуін қадағалау.

Жалпы жоспардың қысқаша сипаттамасы

  • Өндірісте дайындалатын баспа-полиграфия өнімдерінің атаулары мен техникалық сипаттамалары;

  • Баспаның құрылымы: негізгі, өндірістік қосалқы бөлімдерінің тізімі;

  • Өндірістегі технологиялық үдерістердің сипаттамасы;

  • Қабылданған техникалық шешімдердің және жаңа технологиялық үдерістердің сипаттамасы және дәлелденуі;

  • Қабылданған шешімді қазіргі кезеңдегі жаңа техникалық жетістіктермен ұштастыра отырып, техникалық даму бағытын ескеру;

  • Өндірістік кооперативтік байланыстарын көрсету;

  • Қажетті қызметкерлер мен жұмысшылардың штаты, қажетті аудан көлемі, электр қуаты көрсетілген жалпы тізім;

  • Өндіріске қажетті негізгі материалдар мен шикізаттардың қажетті мөлшері;

  • Ғимараттың сипаттамасы және жалпы өндірістің орналасуы;

  • Жалпы тапсырмалар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет