Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Баспа өнімдерін дайындауға қажетті полиграфиялық материалдар



бет14/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
annotation33162 (1)

Баспа өнімдерін дайындауға қажетті полиграфиялық материалдар


Баспа-полиграфиялық басылымдарды жарыққа шығаруға кететін қажетті материалдарды полиграфиялық материалдар деп атайды. Полиграфиялық материалдар негізгі және көмекші материалдар болып екіге бөлінеді. Негізгі полиграфиялық материалдардан нақты басу өнімдері қалыптасады, яғни, бұл материалдар басылымның құрамына кіреді. Мысалы, қағаз, түптеу материалдары, желім, картон және т.б. материалдар.
Ал көмекші полиграфиялық материалдарға әртүрлі баспа-полиграфиялық жұмыстарда қолданылатын қажетті заттар, мысалы, қалып дайындау үдерісінде қолданылатын – химикаттар, фотоформалар, фотополимерлер, басу қалыптары, майлау, сүрту, тазалағыш және т.с.с заттар жатады.
Қағаздардың сипаттамасы:
Газет қағазы.
Баспаханаларда әртүрлі пішімдегі газеттерді басу үшін газет қағазын рулонды және парақты түрде шығарады. Газет қағазы А және Б маркасымен шығарылады. А және Б маркасындағы рулонды қағаздар да рулонды ротациялық басу машиналарында газет басуға арналған. Ал осы маркадағы парақты қағаздар жазық басу машиналарында аз таралымды газеттерді басуға арналған.
Баспахана қағазы. Баспаханалық басу қағазы көбіне кітаптар мен кітапшаларды баспаханаларда шығыңқы басу әдісімен басуға арналған. Стандартты баспахана қағазының өнеркәсіптік пішімдері былайша белгіленген: рулонды қағаздың өлшемі — 60, 70, 84, 90 сантиметрге, ал парақты қағаздың өлшемі — 60 X 90, 70 Х 9О, 70 X 108, 84 X 108 сантиметрге тең. № 1-маркалы 1 шаршы метр қағаздың салмағы — 60 және 70 граммға, А маркасындағы нөмірі № 2-қағаздың салмағы — 65 граммға. Б маркалы қағаздың салмағы — 70 граммға, №3- кағаздың салмағы — 63 граммға тең.
1970 жылдан бастап рулонды баспахана қағаздарының пішімдері: 60, 70, 75, 84, 90, 108 сантиметр; парақты кағаздар — 60X70, 60X84, 60X50, 60Х108, 70X84, 70X90, 70X100, 70X108, 75X90, 84X90, 84X100 сантиметр болып қабылданды.
Қазіргі заманғы талаптар мен көптеген жаңа технологиялық жетістіктердің даму барысына қарай осы салада да көп өзгерістер болуда.
Офсеттік басу қағазы. Офсеттік басу әдісі сапалы өнімдерді қысқа мерзімде басып шығаратын, қазіргі заман талабына сай, өзіндік ерекшеліктері мен талаптары бар технология. Офсеттік басу әдісімен басылатын қағаздарға қойылатын ең басты талап – ылғалға төзімділігі. Себебі, өздеріңіз білесіздер, жоғарыда айтылып кеткендей, дәстүрлі офсеттік басу әдісінде міндетті түрде ылғал қолданылады. Яғни қағаздың ылғалға төзімділігі жоғары болуы керек. Сондықтан офсеттік басу қағаздарының құрамына – канифоль желімі, крахмал, карбамид смоласы, органикалық кремний полимерлері қосылады. Офсеттік қағазбен – репродукциялар, плакаттар, түрлі журналдар, открыткалар, оқу көрнекі құралдары, тіпті кітаптарды да басуға болады.
Ойыңқы басу әдісіне арналған қағаздар – мына нөмірлер мен маркаларда: № 1 — А және Б маркасы; № 2 парақты қағаздың өлшемдері— 60X90, 70X90, 70Х108, 84X108 сантиметр: Рулонды қағаздардың өлшемдері — 60, 70, 84, 90 сантиметрге тең етіп шығарылады.
Талшықтарының құрамына қарай – № 1- А және Б маркалы қағазда 100 % ақталған целлюлоза, № 2 қағазда — кемінде 50 % ақталған целлюлоза мен 50 пайыздан аспайтын сүрек массасы болады.
№ 1- А маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы 70, 80, 90, 100, 110, 120 граммға; №1-Б маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 200, 220 граммға тең, ал №2-қағаздың қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 70, 80, 90 граммға тең болады.
Борланған баспахана қағазы. Мұндай қағаздың бетіне (бір жағынан немесе екі жағынан да) минералды ақ пигмент пен желімдейтін заттың қоспасының жұқа қабаты жағылады. Бұл үшін күкірт қышқылды барий, каолин және тағы басқа да минеральдық заттар: гипс, бор, қос тотықты титан қолданылады. Желімдейтін заттар ретінде желатин, казеин, крахмалдық клейстер қолданылып, қағазға жылтырлық береді. Бұл қағаздардың О, А, Б жэне В маркалы төрт түрі шығарылады.
Форзац қағазы – кітап бумасын түптеу мұқабасымен бекітумен қатар әсемдік безендірілу ретінде де колданылады. Тапсырыс бойынша рулонды және парақты болып та, ақ және түрлі түсті, күңгірт, жылтыр және өрнек басылған қағаз болып та келеді. Рулонды форзацтық қағаздың пішімдері — 60, 70, 84, 90 сантиметр, парақты форзацтық қағаздың пішімдері 60X90, 70X90, 70X108, 84X108 сантиметрге тең. Құрамы 100 % ақталған целлюлозадан тұрады. 1 шаршы метрінің салмағы — 80, 100, 120, 140 граммен шығарылады.
Мұқабалық қағаздар. Кітаптардағы картонмен түптелген мұқабаларды қаптауда, кітапшалар мен журналдардың жұмсақ мұкабаларында қолданылады. Мұқабалық қағаздардың — А, Б, В, Г маркалы төрт түрі бар.
А, Б, В маркаларының қағазы жылтыр және өрнектелген, ақ және әр түсті болып келеді: Г маркасы тек жылтыр және түсті болады. Рулонды қағаздың пішімдері — 60, 62, 70, 75, 84, 93 сантиметрде, парақты қағаздар — 60X94, 62X107, 70X97, 70X110, 75X110, 84Х110, 74X92, 74X84, 60X84, 70X84 сантиметрде шығарылады. А, Б, В маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 80, 100, 120, 140, 160, 180, 200 граммға, Г маркасы — 80, 160 граммға тең.
Басу бояулары. Басу бояулары – баспа-полиграфиялық газет, журнал, кітап, көркем репродукциялар, плакаттар және басқа да көптеген өнімдерді басып шығарудағы аса маңызды полиграфиялық материалдардың негізгі түрлерінің бірі болып саналады. Сапасы жоғары бояулар – басу үдерісінің жұмысын бірқалыптандырып, басылып шыққын оттиск- көшірмелердегі мәтін-бейне материалдардың сапасын арттырып, олардың нақты да айқын шығуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде қолданылатын бояулар.
Баспа-полиграфия саласында қолданылатын бояулардың, басқа да әр түрлі салаларда қолданылатын бояулардан (металдарды коррозиядан сактауға, декоративтік-көркемдік және санитарлық-гигиеналык мақсат-тарға пайдаланатын) біраз айырмашылықтары бар.
Баспа бояуларына тән бірқатар өзіндік қасиеттері болады.
Қағаздың немесе картонның сыртқы бетіне бір түсті немесе көп түсті бейне-суреттерді түсіру үшін, олар қағаздың бетіне жұқа кабат болып жағылып, қағазға тез сіңіп кетуі керек. Полиграфия өнеркәсібінде қолданылатын баспа бояулары негізгі екі қоспадан тұрады. Олар – әртүрлі түс беретін құрғақ ұнтақ пигменттер мен байланыстырғыш заттар (связующая). Осы негізгі – екі қоспадан тыс, бояудың қоюлығын, жабысқақтығын, бекітілу жылдамдығын және тағы басқа осы сияқты көптеген қасиеттерін қамтамасыз ететін басқа да көптеген қосындылар болады.
Түптеу материалдары жайлы мәліметтер
Қазіргі кездегі нарық талаптары – кітап, кітапша мен журнал түрінде жүздеген, мың-миллиондаған даналармен шығып жатқан баспа-полиграфия өнімдерінің қолайлы, арзан, әсем және төзімді мұқабалармен қапталуын талап етеді. Негізгі полиграфиялық материалдарға жататын түптеу материалдары әртүрлі сападағы көптеген материалдардан тұрады. Түптеу материалдарына әрқилы картондар, осы картондарды қаптауға арналған арнайы түптеу материалдары, желімдер және тағы да көптеген материалдар жатады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет